Page 60 - Академикалы? саясат РУС.
P. 60
оның 3-еуі ғана аяқталды.
Жалпы алғанда, 2018-2024 жылдары Түркістан қаласындағы «Ақылды
қала» жобаларының қаржыландыру көлемі 9460 млн теңгеге жетіп, 25 жобаның
18-і толық орындалды. Бұл кезеңдегі жоба жұмыстарының барысы айқын
болғанымен, кейбір жылдары жұмыстардың орындалуы мен
жоспарланғандардың арасы үлкен айырмашылық көрсетті. Болашақта осы
жобалардың орындалу сапасын арттыру және қаржыландыруды тиімді
пайдалану арқылы қала инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік туатыны
сөзсіз.
Түркістан қаласы соңғы жылдары «Smart city» жобаларын іске асыру
арқылы инфрақұрылымды жаңартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын
жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар жасады. Бұл жобалар тек қала
экономикасын дамытуға ғана емес, сонымен қатар экологиялық және әлеуметтік
мәселелерді шешуге де көмектесуде. Жоғарыда келтірілген кестеде Түркістан
қаласында 2019-2021 жылдары жүзеге асырылған «Ақылды қала» жобаларының
атаулары, қаржыландыру көлемдері және орындалу мәртебесі көрсетілген. Әрбір
жобаның мақсаты мен бағыттары қаланың дамуындағы маңызды рөл атқарады.
7-кестеде Түркістанның қалалық инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған
жобалардың қаржыландыру көлемі мен жүзеге асырылу барысындағы негізгі
көрсеткіштерді көруге мүмкіндік береді.
Кесте 7 – 2018-2020 ж. жүзеге асқан негізгі жобалар
№ Жоба атауы Жүзеге Қаржыландыру Орындалу Бағыты
асқан (млн ₸) мәртебесі
жылы
1 Қауіпсіз аула, 2020-2021 350 Орындалды Қауіпсіздік
ақылды аялдама
2 E-SHANYRAQ 2020 120 Орындалды ТКШ
3 Ақылды 2020-2021 250 Орындалды Қалалық
жарықтандыру инфрақұрылым
4 Ақылды квартал 2019-2020 600 Орындалды ТКШ
5 Электронды 2021 180 Орындалды Көлік
билеттеу
6 112 Қызметі 2021 210 Орындалды Қауіпсіздік
7 Мектептерді 2019-2020 400 Орындалды Білім
интернетпен қамту
8 Smart Turkistan 2020 650 Орындалды ТКШ
қосымшасы
Ескерту – Дереккөздер негізінде автор құрастырған [113-115]
Түркістан қаласында жүзеге асырылған «Ақылды қала» жобаларының
жалпы қаржыландыру көлемі айтарлықтай жоғары болды. 2019-2021 жылдар
аралығында әртүрлі бағыттар бойынша қаржыландырылған жобалар қаланың
инфрақұрылымын, білім беру жүйесін, қоғамдық қауіпсіздікті және көлік
саласын дамытуға арналған. Мысалы, «Ақылды жарықтандыру» мен «Қауіпсіз
аула, ақылды аялдама» сияқты жобалар қаланың қауіпсіздігін арттыруға
60

