Page 51 - Академикалы? саясат РУС.
P. 51

деректердің  құпиялылығы  өзекті  мәселелер  қатарында.  Аталған  тәуекелдерді
                  шешу       үшін      мемлекет        жасыл       шешімдерді         енгізіп,     халықаралық
                  ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Мысалы, Дубай БҰҰ-ның U4SSC (United
                  for  Smart  Sustainable  Cities)  KPI  стандарттарын  алғашқылардың  бірі  болып
                  сынақтан өткізіп, сертификатталған ақылды тұрақты қала мәртебесіне ие болды.
                        Жалпы  алғанда,  Сингапурдың  тәжірибесі  Smart  Nation  бағдарламасы
                  арқылы мемлекеттік басқару мен технологиялық инновацияларды тұрақты даму
                  индикаторларымен  тиімді  үйлестірудің  мүмкін  екенін  айқын  дәлелдейді.  Бұл
                  елді  ақылды  қалалар  мен  тұрақты  даму  рейтингтерінде  үздік  позицияларға
                  шығарып отыр.
                        АҚШ-тағы тәжірибе көрсеткендей, ақылды қалаларды дамытуда федералды
                  үкіметтің  рөлі  Сингапурмен  салыстырғанда  әлсіздеу,  алайда  штаттар  мен
                  жергілікті  билік  деңгейінде  тұрақтылық  пен  цифрландыруды  үйлестіретін
                  бірқатар  ірі  бағдарламалар  табысты  жүзеге  асырылуда.  Мәселен,  Нью-Йорк
                  қаласы  2007  жылы  PlaNYC  2030  атты  кешенді  стратегиялық  жоспарын
                  қабылдады. Құжаттың мақсаты – қаланың экологиялық тұрақтылығын арттыру
                  және  тұрғындар  өмірінің  сапасын  2030  жылға  дейін  жақсарту.  Кейін  бұл
                  стратегия  OneNYC  атауымен  жаңартылып,  әлеуметтік  инклюзивтілік,
                  экономикалық өсім және климатқа бейімделу мәселелерін қамтыды. Бұл құжат
                  ресми түрде Smart City деп аталмағанымен, онда жасыл көлікті дамыту, энергия
                  тиімділігі, интернетке кең қолжетімділік және ашық деректерді қолдану сияқты
                  көптеген  смарт-бастамалар  енгізілген.  PlaNYC  шеңберінде  Нью-Йорк  қаласы
                  халық  санының  өсуі  мен  климаттық  өзгерістерге  бейімделу  үшін

                  инфрақұрылымды  жаңғыртуға  ерекше  назар  аударды.  2010  жылдары  қала
                  интеллектуалды көлік жүйелерін енгізе бастады [107, б 89].

                        Мысалы,  Манхэттеннің  Мидтаун  ауданында  іске  қосылған  Midtown  in
                  Motion  жобасы  көлік  қозғалысын  оңтайландыруға  бағытталды.  Жоба  аясында
                  орнатылған  датчиктер,  бейнебақылау  жүйелері  және  E-ZPass  сканерлеу
                  құрылғылары арқылы нақты уақыт режимінде көлік ағыны туралы мәліметтер
                  жиналып, қалалық көлік қозғалысын басқару орталығына жолданады. Жиналған
                  деректер  негізінде  жасанды  интеллект  жүйесі  бағдаршамдардың  жұмысын
                  реттеп,  көлік  ағындарын  қайта  бағыттауға  мүмкіндік  береді.  Нью-Йорк
                  қаласының  Көлік  департаментінің  деректеріне  сәйкес,  Midtown  in  Motion
                  жүйесін  енгізу  сапар  уақытының  10%-ға  қысқаруына  және  автокөліктерден
                  бөлінетін  СО₂  эмиссиясының  азаюына  септігін  тигізді.  Бұл  –  деректерге
                  негізделген басқарудың қалалық мобильділік тиімділігін арттырудағы әлеуетін
                  дәлелдейтін мысал [107, б. 16].
                        Экономикасы         қалыптасу       үстіндегі     мемлекеттердегі        смарт-қалалар
                  тәжірибесі  де  зерттеуге  тұрарлық.  Бұл  елдерде  цифрлық  технологиялар
                  локалдық проблемаларды шешудің тиімді құралына айналуда. Мысалы, Түркия
                  жағдайында  пилоттық  smart  city  ретінде  Конья  қаласы  таңдалды    –  Орталық
                  Анатолиядағы  ірі  агломерация  (халқы  шамамен  2,3  млн  адам).  Бұл  –  7000
                  жылдан астам тарихы бар, мәдени-тарихи мұрасы мол, сондай-ақ өнеркәсіптік
                  және  аграрлық  әлеуеті  жоғары  қала  [108].  Конья  әкімдігі  мемлекеттік  қолдау
                  аясында  ақылды  қала  элементтерін  енгізуге  бағытталған  бірнеше  жобаларды

                                                                51
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56