Page 58 - Академикалы? саясат РУС.
P. 58
мәслихаттың шешімдері мен қаулыларынан тұрады. Аталған құжаттардың
құрамына салалар бойынша цифрландыру жоспарларын бекіту, Smart City
жобалары шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл регламенттері, сондай-
ақ қоғамдық есептілік тетіктерін қалыптастыратын актілер кіреді. Мысалы, 2022
жылы енгізілген «Ашық бюджет» жүйесі (қалалық бюджеттің ашықтығы
порталы) әкімдік тарапынан арнайы бұйрық пен осы порталдың жұмыс тәртібін
айқындайтын регламент қабылдауды талап етті. Сол сияқты, облыс әкімдігі
жанындағы «iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығының іске қосылуы
азаматтардың өтініштерін электронды форматта өңдеу және коммуналдық
қызметтердің өзара іс-қимылы тәртібін нормативтік тұрғыда реттеуді қажет етті.
Жалпы алғанда, 2023 жылға қарай Түркістан қаласында «ақылды қала»
тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған бастамаларды – қауіпсіздік, білім
беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, цифрлық басқару және өзге де
салаларды – жан-жақты қамтитын нормативтік-құқықтық база, әдістемелік
ұсынымдар және жергілікті актілер жиынтығы қалыптастырылды.
2018–2024 жылдар аралығында Түркістан қаласы қалалық ортаны
цифрлық тұрғыдан дамытуда елеулі прогреске қол жеткізді. Бұл кезеңде жүзеге
асырылған «Ақылды қала» жобалары мемлекеттік реттеудің түрлі
функционалдық салаларына инновациялық технологияларды жүйелі түрде
ендіруге бағытталды. Атап айтқанда, бұл салаларға қоғамдық қауіпсіздік, көлік
инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру,
денсаулық сақтау және өзге де қалалық қызмет көрсету бағыттары жатады.
Аталған бастамалардың түпкі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру,
сондай-ақ қалалық басқарудың тиімділігін институционалдық деңгейде көтеру
болып табылады.
Цифрлық жобалардың даму қарқыны ерекше назар аударуға тұрарлық.
Егер 2018 жылы тек бір пилоттық жоба іске қосылған болса, 2022–2023 жылдары
жыл сайын 4–6 цифрлық бастама жүйелі түрде жүзеге асырылған. Бұл үрдіс
Түркістан қаласында цифрлық трансформация үдерісінің кезең-кезеңімен
кеңейіп келе жатқанын және жергілікті атқарушы органдардың
институционалдық әлеуетінің артып отырғанын көрсетеді.
6-кестеде көрсетілгендей, 2018-2024 жылдар аралығында Түркістан
қаласындағы «Ақылды қала» жобаларының саны, орындалуы бойынша
динамика анық көрінеді. Бұл кезеңдегі қаржылық қолдау мен орындалған
жұмыстарды талдау арқылы жоба нәтижелерін бағалауға болады.
58

