Page 55 - Академикалы? саясат РУС.
P. 55

  инклюзивтілікке басымдық беру, яғни цифрлық алшақтықты азайту және
                  интернет      пен     цифрлық       қызметтердің        халықтың       барлық       топтарына
                  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  (Нью-Йорк  қаласы  мен  Қазақстандағы
                  ауылдарды қосу жобалары мысалында);
                          халықаралық  ынтымақтастықты  және  білім  мен  тәжірибе  алмасуды
                  нығайту.
                        Аталған  тетіктер  сақталған  жағдайда,  ақылды  қала  тек  техникалық
                  жаңашылдықтардың шоғырланған кеңістігі ғана емес, сонымен қатар тұрақты
                  даму  жолындағы  тиімді  құралға  айналады.  Жоғарыда  жүргізілген  талдау
                  нәтижесінде  шетелдік  тәжірибе  ақылды  қалаларды  мемлекеттік  реттеу  тиімді
                  болуы үшін келесі негізгі компоненттердің үйлесуі қажет екенін көрсетіп отыр:
                        –  ұзақ мерзімді стратегия (мысалы, Сингапур, Швецария);
                        –  құқықтық және нормативтік база (мысалы, Швецария);
                        –  азаматтық қатысу мен инклюзивтілік (мысалы, ЕО елдері, Барселона);
                        –  батыл және амбициялық мақсаттар (мысалы, Дубай, АҚШ);
                        –  жаһандық стандарттарды қолдану (мысалы, ISO 37122, U4SSC, GSCA),
                  олар  табысқа  жетуді  өлшеудің  біртұтас  әдіснамалық  құралы  ретінде  қызмет
                  етеді.
                        Қазақстан үшін бұл тәжірибелер ерекше өзектілікке ие. Ұлттық Smart City
                  моделін  қалыптастыру  барысында,  Қазақстан  мемлекеті  халықаралық
                  принциптер  мен  стандарттарға  (ISO,  U4SSC,  GSCA)  сүйене  отырып,  озық
                  шетелдік  тәжірибені  ұлттық  ерекшеліктермен  ұштастыра  алады.  Бұл  тәсіл
                  технологияларды  енгізу  үдерісін  емес,  тұрғындардың  игілігі  мен  әл-ауқатын

                  басты  мақсат  ететін  ақылды  әрі  орнықты  қалалар  құруға  мүмкіндік  береді.
                  Қазақстан Республикасы қазіргі таңда саяси ерік-жігер мен институционалдық

                  қолдауға, сондай-ақ бірқатар бастапқы жетістіктерге ие бола отырып, ақылды
                  және тұрақты урбанизация саласында қарқынды ілгерілеуге қабілетті.



































                                                                55
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60