Page 57 - Академикалы? саясат РУС.
P. 57
Атап айтқанда, осы Ережеге сәйкес басқарма келесі міндеттерді жүзеге
асырады:
экономиканың негізгі салаларына заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу шараларын қамтамасыз
ету;
жергілікті және атқарушы органдарда жобалық қызметтерді
әкімшілендіру, жобаны басқарудың барлық кезеңдеріне бақылау жасау және
мониторинг жүргізу;
«Smart City» технологиясын енгізу жұмыстарын үйлестіру, оның ішінде
пилоттық жобаларды іске асыру, олардың тиімділігін бағалау және масштабтау.
Осы бағыттар Түркістан қаласының смарт-инфрақұрылымын жүйелі
дамытуға және өңірдің орнықты урбанистикалық трансформациясына негіз
болып табылады.
Басым бағыттар қатарына қалалық басқару, денсаулық сақтау, білім беру,
қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көлік салалары
енгізілген. Қосымша бағыттар ретінде әлеуметтік сала, экология, кәсіпкерлік пен
туризмді дамыту, сондай-ақ құрылыс индустриясы белгіленген. Аталған құжат
облыс әкімдігі тарапынан салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп бекітілген
және Түркістан қаласының инфрақұрылымына смарт-технологияларды енгізуге
арналған жергілікті деңгейдегі стратегиялық бағдарлама рөлін атқарады.
«Ақылды қала» жобаларын іске асыру мақсатында Түркістан қаласында
институционалдық инфрақұрылым құрылды. Жобаларды жалпы үйлестіруді
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және
мұрағаттар басқармасы жүзеге асырады. Бұл орган өңірлік деңгейде цифрлық
дамуды қамтамасыз етуге уәкілетті құрылым болып табылады. Аталған басқарма
жанында Түркістан қаласының «Цифрлық даму орталығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Бұл мекеме жобаларды практикалық
тұрғыдан іске асыру, олардың тиімділігін жүйелі мониторингтеу және
ақпараттық технологиялар саласында білім беру бағытында қызмет атқарады
[112].
Сонымен қатар, әкімдік құрылымында «Turkistan Innovation»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылған, ол Smart City жобалық кеңсесі
ретінде әрекет етеді. Аталған ұйым мемлекеттік органдармен және салалық
құрылымдармен тығыз ықпалдаса отырып, цифрлық жобаларды енгізу, стартап-
экожүйені қалыптастыру және инновациялық бастамаларды дамыту
жұмыстарын жүргізеді.
2021 жылы Түркістан облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» акционерлік
қоғамы арасында «Ақылды қаланы» дамытуға бағытталған ынтымақтастық
туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім нәтижесінде аталған жоба ірі
телекоммуникациялық оператор тарапынан инфрақұрылымдық және
технологиялық қолдауға ие болды. Атап айтқанда, серіктестер қаланы заманауи
байланыс жүйелерімен (кеңжолақты интернетпен, 5G желісінің пилоттық
жобасымен) қамтамасыз етсе, мемлекеттік сектор цифрлық қызметтер мен
платформаларды енгізуге жауапты болды [112].
Жергілікті деңгейдегі нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету әкімдік пен
57

