Page 61 - Академикалы? саясат РУС.
P. 61
бағытталған, ал «E-SHANYRAQ» және «Smart Turkistan қосымшасы» ТКШ
саласындағы тиімділікті арттыруға бағытталды. Қаржыландыру көлемі 120 млн
теңгеден 650 млн теңгеге дейін өзгеріп, әр жобаның орны мен маңыздылығына
қарай бөлінген. Барлық жобалар толық орындалып, Түркістан қаласының
дамуында оң өзгерістерге ықпал етті. Осылайша, қаланың «ақылды»
инфрақұрылымы қалыптасып, болашақта жаңа инновациялық шешімдерді
енгізуге негіз қаланды.
Түркістан қаласында 2022 жылдан бастап жүзеге асырылған жаңа «Ақылды
қала» жобалары қаланың әр түрлі салаларында маңызды өзгерістер енгізуге
бағытталған. Қала инфрақұрылымын жаңарту мен тұрғындардың өмір сүру
сапасын арттыру үшін түрлі инновациялық шешімдер енгізілді. Жоғарыда
көрсетілген кестеде 2022-2024 жылдар аралығында іске қосылған жобалар
туралы ақпарат ұсынылған. Бұл жобалар көлік, денсаулық сақтау, экология және
білім салаларындағы цифрлық технологияларды қолдануға негізделген. Әрбір
жобаның қаржыландыру көлемі, орындалу мәртебесі және мақсаты қаланың
даму стратегиясымен тығыз байланысты. Жаңадан басталған жобалардың көбісі
қазіргі уақытта іске асыру кезеңінде болса да, бірқатар жобалар толық жүзеге
асырылып, өз нәтижелерін беруде (8-кестеде көрсетілген).
Ең алдымен, көлік саласында тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасалды.
Қала көшелеріне ақылды аялдамалар орнатылып, олар Wi-Fi желісімен,
бейнебақылау камераларымен және автобус қозғалысын көрсететін арнайы
электронды тақталармен жабдықталды. Сондай-ақ, жол қозғалысын басқару
жүйесі жаңартылып, бағдаршамдар интеллектуалды жүйемен басқарыла
бастады. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, қала
көшелеріндегі көлік қозғалысын реттеуге септігін тигізді.
Денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай нәтижелер байқалды. Қала
тұрғындары үшін «Денсаулық 24/7» мобильді қосымшасы іске қосылып,
тұрғындарға дәрігерге онлайн жазылу, кеңес алу және қажетті медициналық
анықтамаларды қашықтан рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылды. Сонымен қатар,
емханаларда электронды кезек жүйесі енгізіліп, науқастардың кезек күту уақыты
қысқарды.
Экология және қауіпсіздік бағытында қалада ауа сапасын бақылау
станциялары орнатылып, тұрғындарға ауа сапасы туралы онлайн ақпарат
ұсыныла бастады. Бұған қоса, қоғамдық орындарға орнатылған бейнебақылау
камераларының саны артты. Соның нәтижесінде қаладағы құқық бұзушылықтар
саны азайып, қоғамдық қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай жақсарды.
Білім беру саласында да оң өзгерістер болды. Қаланың бірнеше мектебінде
электронды күнделік жүйесі енгізіліп, оқушылардың үлгерімі мен сабаққа
қатысуы электронды түрде қадағалана бастады. Сонымен қатар, заманауи Smart
Class кабинеттері жабдықталып, оқыту процесінде интерактивті
технологияларды қолдану деңгейі артты.
61

