Page 50 - Академикалы? саясат РУС.
P. 50
жасақталып, оның жетекшілігімен 130-дан астам бастама табысты жүзеге
асырылды. Бұл бастамалар мемлекеттік басқару, жеке сектор, сондай-ақ
тұрғындардың күнделікті өмірі сияқты негізгі салаларды қамтиды. Мысалы,
мемлекеттік қызметтерді цифрландыру толығымен аяқталды. 2021 жылға қарай
Дубай қағазсыз үкімет (Paperless Government) моделіне өтті, ал барлық
қызметтер DubaiNow мобильді қосымшасы арқылы ұсынылады. Қазіргі таңда
тұрғындардың 90%-дан астамы аталған сервистерді белсенді қолданады. Қала
аумағында мыңдаған IoT-датчиктер орнатылып, олар Dubai Pulse атты бірыңғай
аналитикалық платформасына біріктірілген. Бұл платформа мемлекеттік
департаменттерге деректерді өңдеу және шешім қабылдау үшін қолжетімді етеді.
Экологиялық орнықтылық – Дубай стратегиясындағы басты мақсаттардың
бірі болып табылады. Қала БҰҰ-ның SDG Cities бастамасына қосылып, Тұрақты
даму мақсаттарын (ТДМ) жергілікті деңгейде жүзеге асыру бағытын ұстанып
отыр. Бұл бағытта ақылды су және электр есептегіштерін енгізу, smart grid
технологиялары арқылы тұтынуды басқару, жаңартылатын энергетика
жобаларын іске асыру сияқты шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, қалада
шатырларға орнатылған күн панельдері және шөлді аумақта салынған әлемдегі
ең ірі Mohammed bin Rashid Solar Park күн электр станциясы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, The Sustainable City деп аталатын қаланың экологиялық
ауданында жаңартылатын энергия көздері толықтай қолданылып, көміртек ізінің
көлемі барынша азайтылған. Көлік секторы да инновациядан тыс қалған жоқ,
қалада электрлі және автономды көлік жүйелері дамуда, пилотсыз такси
жобалары сынақ режимінде іске қосылып, машинистсіз метро желілері тұрақты
жұмыс істеуде. Бұл салаларда қатаң мемлекеттік мақсаттар мен инновациялық
ынталандыру шаралары қатар қолданылуда. Мысалы, Dubai Paperless Strategy
мемлекеттік органдарды қағаз тұтынуды жыл сайын кемінде 50%-ға қысқартуға
міндеттейді. Сонымен бірге, ашық API негізінде жаңа смарт-сервистерді әзірлеу
үшін хакатондар мен цифрлық байқаулар тұрақты өткізіледі [104].
Дубай қалалық имиджге және халықаралық рейтингтерге де айрықша назар
аударады, ол smart city индекстерінің барлық жаһандық рейтингтеріне қатысады
және көп жағдайда жоғарғы орындарға ие (мысалы, 2023 жылы Дубай әлемдегі
топ-20 smart-қалалардың қатарына енді). Бұл көрсеткіштер қалалық басқару
органдарын тұрақты даму мен цифрлық трансформацияға ынталандырушы
фактор ретінде қызмет етеді [105].
Қалада азаматтардың әл-ауқаты мен қанағаттану деңгейі негізгі индикатор
ретінде өлшенеді, Chief Happiness Officer (бақыт жөніндегі уәкіл) лауазымы
енгізілген, ал smart-сервистерді қолдану арқылы тұрғындардың бақыт индексі
тұрақты түрде есептеліп отырады (2020 жылы – 90%-дан астам). Мұндай адамға
бағдарланған тәсіл ТДМ 3 (денсаулық пен әл-ауқат) және ТДМ 11 (тұрақты
қалалар мен қауымдастықтар) мақсаттарымен тығыз байланысты.
Дубай тәжірибесі саяси ерік-жігер мен институционалдық ресурстар болған
жағдайда қалалық орта мен инфрақұрылымды қысқа мерзімде түбегейлі
трансформациялауға болатындығын айқын көрсетеді. Дегенмен, бұл үдеріс
белгілі бір сын-тегеуріндермен де қатар жүруде – энергия тұтынудың жоғары
деңгейі, технологиялық тәуелділік, киберқауіпсіздік мәселелері және
50

