Page 5 - Диссертация
P. 5
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Трансшекаралық су ресурстары – Бірнеше мемлекеттің аумағынан
өтетін ортақ су көздері.
Су дипломатиясы – Мемлекеттер арасындағы су ресурстарын бейбіт
жолмен реттеу және ортақ мүддеге сай келісімдерге қол жеткізуге бағытталған
халықаралық қарым-қатынас тетігі.
Экожүйелік көзқарас – Суды басқару барысында табиғи экожүйелердің
тепе-теңдігін сақтау мен қалпына келтіруді негізгі басымдық ретінде
қарастыратын интеграциялық тәсіл.
Су ресурстарын басқару – Судың сапалық және сандық көрсеткіштерін
сақтай отырып, оны әлеуметтік, экологиялық және экономикалық
қажеттіліктерге үйлесімді бөлу мен тиімді пайдалану процесі.
Трансшекаралық ынтымақтастық – Ортақ су көздерін әділетті және
тұрақты пайдалану мақсатында шекаралас елдердің келісімге келіп, ортақ іс-
қимылдар жүргізуі.
Су қауіпсіздігі – Халық пен экономика үшін қажетті таза судың
жеткілікті әрі сенімді көлемде қолжетімді болуын қамтамасыз ету жағдайы.
Трансшекаралық су келіспеушіліктері – Судың бөлінуі мен
пайдаланылуына байланысты бірнеше мемлекеттің арасында туындайтын
саяси, құқықтық немесе экологиялық сипаттағы қайшылықтар.
Халықаралық су құқығы – Трансшекаралық суларды реттейтін
халықаралық ережелер.
Гидроэнергетика – Суды электр энергиясын өндіру үшін пайдалану.
Су тапшылығы – Аймақта судың қажеттілікке жетіспеуі.
Климаттық өзгерістер – Табиғи және антропогендік әсерден су
көлемінің өзгеруі.
Бейбіт реттеу – Су мәселелерін келісім арқылы шешу процесі.
Су гегемониясы – Су ресурстары бойынша өз үстемдігін жүргізуге
ұмтылатын мемлекеттің немесе тараптың саяси, экономикалық және
техникалық ықпалы.
Институционалдық тетік – Су дипломатиясын жүзеге асыруға жауапты
мемлекеттік және өңірлік құрылымдардың жиынтығы.
5