Page 181 - Диссертация
P. 181

тетіктерін  және  цифрлық  трансформация  құралдарын  қамтиды.  Модель  су
                  қауіпсіздігі     мен     аймақтық       тұрақтылықты         қатар     қамтамасыз        ететін
                  инновациялық платформа ретінде ұсынылады.
                         5. Су ынтымақтастығын дамыту үшін жеті қағидаттық негіз ұсынылды:
                         o  егемендік теңдігі мен өзара құрмет,
                         o  әділетті және ұтымды пайдалану,
                         o  экологиялық жауапкершілік,
                         o  өзара тиімділік пен сындарлы диалог,
                         o  ұзақмерзімділік пен тұрақтылық,
                         o  ашықтық пен деректер алмасу,
                         o  инклюзивтілік және қоғамды тарту.
                         6. Су дипломатиясын одан әрі дамытуда цифрлық реттеу мен мониторинг
                  жүйелері,  ақылды  суару  технологиялары,  халықаралық  жобалардағы
                  ынтымақтастық және жасыл инновациялар шешуші рөл атқарады. Бұл тәсілдер
                  трансшекаралық өзендерді бейбіт әрі әділ басқаруға мүмкіндік береді. Қазігіргі
                  уақытта қалыптасқан аймақтағы трансшекаралық су ынтымақтастығы өңірдегі
                  сенім  мен  ынтымақтастықтың  нығайып  келе  жатқан  саяси  ахуалы  Орталық
                  Азияның барлық елдерінің мүдделеріне сәйкес келетін өзара тиімді шешімдерді
                  әзірлеу үшін жаңа перспективалар ашады.
                         7. Диссертациялық  жұмыс  аясында  «су  дипломатиясы»  ұғымын
                  Қазақстан         Республикасының            сыртқы         саясат       тұжырымдамасына
                  институционалды  және  нормативтік  түрде  енгізу  қажеттілігі  негізделді.  Бұл
                  қадам  Қазақстанның  халықаралық  аренадағы  су  саясатын  нығайтып,  өңірлік
                  тұрақтылықтың кепілі ретінде беделін арттырады.
                         Қазақстан – су дипломатиясы саласында өңірлік көшбасшы болуға толық
                  әлеуеті  бар  мемлекет.  Бұл  диссертациялық  жұмыс  Қазақстанның  су  саясатын
                  жаңа  сапалы  деңгейге  көтеруге  бағытталған  ғылыми  негізделген  үлгі  ұсына
                  отырып,  Халықаралық  қатынастар  саласына  тың  серпін  береді.  Су
                  дипломатиясын  стратегиялық  арнаға  айналдыру  арқылы  Қазақстан  тек  өз
                  мүддесін  қорғап  қана  қоймай,  Орталық  Азиядағы  бейбітшілік  пен  тұрақты
                  дамудың жаңа моделін қалыптастыра алады.
                         Осы       диссертациялық         зерттеу      жұмысымыз           Қазақстанның         су
                  дипломатиясын          халықаралық          деңгейге       көтеретін      ғылыми        негізді
                  қалыптастыруға  және  Орталық  Азиядағы  бейбітшілік  пен  тұрақты  дамудың
                  сенімді тетігін ұсынуға арналған жұмыс болып табылады.









                                                                181
   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186