Page 148 - Диссертация
P. 148

Тұрақты  мониторинг  және  технологиялық  жаңғырту.  Су  ресурстарын
                  пайдалануды  бақылау  үшін  заманауи  мониторинг  жүйелерін  енгізу  және  су
                  шығындарын азайтуға арналған жаңа технологияларды қолдану қажет.
                         Су  ресурстарын  сақтау  мәдениетін  қалыптастыру  үшін  халықты
                  ақпараттандыру және білім беру бағдарламаларын іске асыру маңызды.
                         Орталық  Азияда  су  ресурстарын  біріктіріп  басқару  трансшекаралық
                  ынтымақтастықты нығайту арқылы ғана мүмкін болады. Су ресурстарын әділ
                  және  тиімді  бөлу,  экологиялық  қауіпсіздікті  сақтау  және  тұрақты  даму
                  стратегияларын енгізу өңір елдерінің ортақ мақсаты болуы тиіс [252].
                         Жаһандық  су  серіктестігі  Ферғана  алқабында  суды  бірлесіп  басқаруға
                  қатысты бірнеше үлгі ұсынды, нәтижесінде 2008 және 2011 жылдары аймақта
                  орналасқан  елдер  су  ресурстарын  тиімді  пайдалану  бойынша  маңызды
                  шешімдер  қабылдауға  мүмкіндік  алды.  Бұл  тәжірибе  көрсеткендей,  Орталық
                  Азияның  су  мәселесінде  аймақ  елдерінің  барлығын  саяси-құқықтық,
                  экономикалық-экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан ортақ ұстанымға келтіру
                  күрделі міндет болып қала береді.
                         Орталық  Азиядағы  трансшекаралық  су  ресурстарын  басқару  мәселесі
                  аймақ  елдері  үшін  стратегиялық  маңызды  және  өзекті  болып  табылады.
                  Аймақтағы су ресурстарының жетіспеушілігі, олардың тиімді пайдаланылмауы
                  және біркелкі таралмауы экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарға
                  алып  келуде.  Бұл  жағдайды  климаттың  өзгеруі,  халық  санының  өсуі  және  су
                  инфрақұрылымының ескіргендігі одан әрі ушықтырып отыр.
                         Су  –  тіршілік  көзі  және  оны  тиімді  басқару  Орталық  Азия  елдері  үшін
                  бейбітшілік пен тұрақты дамудың негізі болмақ. Аймақтағы трансшекаралық су
                  ресурстарының  болашағы  елдер  арасындағы  ынтымақтастыққа,  халықаралық
                  нормаларды сақтауға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты.
                  Қазақстан және көрші мемлекеттер су мәселесін шешуде белсенді әрекет етсе,
                  бұл аймақтық дамудың жаңа деңгейіне жол ашады.

                         4.3  Орталық  Азиядағы  суды  пайдаланудың  даулы  мәселелері  және
                  оларды шешу жолдары (Цифрлық реттеу және мониторинг моделі)
                         Орталық Азия өңірі су ресурстарын пайдаланудың күрделі мәселелеріне
                  тап  болып  отыр.  Бұл  аймақтағы  су  ресурстарының  негізгі  бөлігін  Амудария
                  және  Сырдария  өзендерінің  бассейндері  құрайды.  Алайда,  климаттық
                  өзгерістер,  халық  санының  өсуі  және  ирригациялық  жүйелердің  тиімсіздігі
                  өңірде  су  тапшылығын  туындатуда.  Орталық  Азия  елдерінің  су  ресурстарын
                  тиімсіз  пайдалануы,  ирригациялық  инфрақұрылымның  тозуы,  суармалы
                  алқаптардың  тұздануы,  суды  есепке  алудың  болмауы  басты  мәселе  болып
                  табылады (сурет 33, кесте 27) [165, 152 б.].
                         Қазақстанда  су  инфрақұрылымы  қатты  тозған,  суармалы  жерлердің
                  үштен  біріне  жуығы  қанағаттанарлықсыз  жағдайда.  Суды  өлшеу  ескірген
                  әдістерді  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады,  бұл  үшін  барлық  құралдар


                                                                148
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153