» ОТАНДЫҚ САРАПШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СЕМИНАРЛАР

ОТАНДЫҚ САРАПШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СЕМИНАРЛАР

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 21-23 қаңтар 

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Басшы лауазымдарға алғаш рет тағайындалған мемлекеттік қызметшілер, қызметкерлер, құрылымдық бөлімшелердің басшылары

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ: Тренинг барысында қатысушы қызметкерлерді тиімді басқару дағдыларын дамыту және пысықтау мүмкіндігіне ие болады.

  • Басшының қызметі мен сапасы
  • Жұмысты басқару
  • «Басшы-қарамағындағы қызметкер-басшы» өзара іс-қимыл процесі
  • Басшының негізгі жұмыс қағидаттары
  • Көшбасшының қабілеттері: өзімен ерте білу, тарту, шешім қабылдау, жауапкершілік алу, мәселелерді шешу
  • SMART-мақсаттарды қою ережесі. Басымдықтарды анықтау: қатаң және жұмсақ міндеттердің белгілері. Істердің маңыздылығы мен жеделдігі бойынша жіктелуі (Эйзенхауэр матрицасы)
  • Бөліп табыстау
  • Бөліп табыстаудың мақсаты мен артықшылықтары. Бөліп табыстау аймақтары мен деңгейлері
  • Тапсырмаларды, өкілеттіктерді табыстау құралдары. Табыстау кезеңдері мен ережелері
  • Қызметкерлердің жұмысын бағалауды енгізу қажеттілігінің себептері
  • Тиімді және тиімсіз жұмыстың белгілері. Жұмыс тиімділігін өлшеу
  • Мотивация схемалары. Қызметкерлерді материалдық және материалдық емес ынталандыру
  • Адамдардың түрлері: көмектесуші, директивті, біріктіруші, адаптивті. Оларға мотивациялық тәсілдер
  • Қол астындағылардың алдына қойылуы мүмкін мақсаттар
  • Қызметкердің тиімділігі төмендеген кездегі басшының іс-әрекеті

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Оқу нәтижесі бойынша қатысушы:

  • қарамағындағы қызметкерлермен және бөлімшелермен тиімді өзара іс-қимыл жасау
  • білім алу және тиімді басқару дағдыларын меңгеру
  • жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндігіне ие болады.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • көшбасшылық
  • шешімдер қабылдау
  • жүйелік басқару
  • қызметті басқару
  • өзгерістерді басқару

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 28-29 қаңтар 

ҰЗАҚТЫҒЫ: 2 күн, 16 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Семинар өз деректерін талдау жүйесін енгізудің бастапқы кезеңінде тұрған немесе талдау жүйелерін енгізу/пайдалану тиімділігін арттыру және деректерді талдау мен визуалдаудың практикалық дағдыларын дамыту үшін қызметкерлерді «дамытуға» қабілетті жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік қызметкерлерге арналған

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • жедел және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін деректерді пайдаланудың маңыздылығы
  • деректерді түсінуге арналған теория
  • мемлекеттік органның self-service талдауы
  • деректерді визуализациялау
  • Qlik Sense қосымшасымен жұмыс

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар Qlik Sense стандартты диаграммалары мен кестелерінің барлық арсеналын дұрыс пайдалана отырып, интерактивті Дэшбордтарда үлкен деректерді визуализациялаудың негізгі құралдарын меңгереді.

 

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру
  • Бастамашылық
  • Жүйелік басқару
  • Өзгерістерді басқару
  • Шешімдер қабылдау
  • Стратегиялық ойлау
  • Көшбасшылық
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
  • Қызметті басқару
  • Жеделдік
  • Өзін-өзі дамыту

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 31 қаңтар

ҰЗАҚТЫҒЫ: 1 күн, 8 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл құзыретін дамытуға ниетті мемлекеттік және азаматтық қызметшілер

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • тиімді мінез-құлық стильдері
  • командада жұмыс істеу. Әріптестермен өзара әрекеттесу
  • кәсіби этика және өзара іс-қимыл мәдениеті
  • өзара іс-қимыл тәсілдері мен әдістері
  • тиімді ынтымақтастық құралдары
  • ынтымақтастық үшін қажетті дағдылар

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Семинар нәтижесі бойынша қатысушылар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін ұжым ішінде және сыртқы құрылымдармен өзара қарым-қатынасты құру бойынша тиімді мінез-құлықты қалыптастырады

 

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру
  • Ынтымақтастық
  • Өзара іс-қимыл
  • Өзін-өзі дамыту

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 4-6 ақпан

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Құрылымдық бөлімшелердің басшылары

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ: Жүйе – өз бөліктерінің өзара іс-қимыл жасауы нәтижесінде біртұтас ретінде жұмыс істейтін нәрсе (бөліктерден құралған тұтастық). Біз жүйелер әлеміндегі жүйе ретінде өмір сүреміз. Мұны түсіну үшін жүйелік ойлау дағдылары қажет. Жүйелі ойлау — бұл болашаққа жақсы дайындалу және оған ықпал ету мүмкіндігін алу үшін белгілі бір заңдылықтарды, оқиғалар мен құбылыстардың қатарында белгілі бір мағынаны анықтауға болатын практикалық әдіс.

  • Жүйе және жүйелік ойлау
  • Жүйелерді талдау

Жүйелердегі ақпарат. Кері байланыс

  • Себеп-салдар байланысын анықтау
  • Жүйелі ойлау құралдары
  • Стандартты және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау және болжау кезінде жүйелік ойлауды қолдану

Деректер талдауында жүйелік ойлауды қолдану

  • Жүйелік модельдерді құру
  • Жүйелі ойлаудың өзін-өзі басқару және сәтті және сәтсіз жүйелерді құру
  • Заңдар, шектеулер және ережелер жүйелік тәсілді қолданудағы кедергілер ретінде

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Жүйелі ойлау дағдыларын дамыту 

 

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру
  • Бастамашылық
  • Жүйелік басқару
  • Өзгерістерді басқару
  • Стратегиялық ойлау
  • Көшбасшылық
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
  • Қызметті басқару
  • Шешімдер қабылдау
  • Жеделдік
  • Өзін-өзі дамыту

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 12-14 ақпан 

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: ҚР ӘМ Заңнама департаментінің өкілдері

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Өзгермелі әлемнің заманауи сын-қатерлері
  • Мемлекеттік қызметші қызметінің компоненттері мен ерекшеліктері
  • Трансформациялық ойлау табыс пен тиімділіктің кепілі ретінде
  • Кәсіби және жеке тұлғалық құзыреттер
  • Стратегиялық және операциялық ойлау
  • Дамытушы және икемді ойлау
  • Мемлекеттік қызметшінің күнделікті және ұзақ мерзімді қызметіндегі өзгерістердің маңыздылығы
  • Өзгерістер процесінің 5 кезеңі
  • Өзгерістерді қабылдаудағы қиындықтар мен психологиялық факторлар
  • Дағдарыстық жағдайларды басқару және өзгерістер мәдениетін дамыту
  • Өзгерістер кезеңіндегі көшбасшының рөлі
  • Командалық даму және бірлескен мақсаттарға қол жеткізу
  • Тұлғааралық және корпоративтік коммуникациялар
  • Сенім, эмпатия, кәсіби этика және коммуникациядағы құндылықтар
  • Коммуникация мақсатқа жету құралы ретінде
  • Жанжалды жағдайларды басқару
  • Команда ішілік өзара іс-қимыл және ашық коммуникацияны дамыту
  • Екі жақты кері байланыс дағдылары

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Жаңа сын-қатерлер мен уақыт талабы жағдайында мемлекеттік қызметшілерден озық даму үшін мүмкіндіктер мен технологияларды тиімді пайдалана білу, мемлекеттік органның стратегиялық көрінісінде алғырлық таныту, ұзақ мерзімді жоспарлау мен болжау сценарийлерін құра білу, сондай-ақ белгісіздік пен үздіксіз даму дәуіріндегі өзгерістерді басқару талап етіледі.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Инновативтілік
  • Өзгерістерге дайындығы
  • Байланысқа бейімділік
  • Күйзеліске төзімділік
  • Стратегиялық ойлау
  • Икемділік
  • Нәтижеге бағдарлану

 

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 18-20 ақпан

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Өңірлерді дамыту саясатын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың басшылары, әкімдердің орынбасарлары

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ: 2025 стратегиялық жоспарының «Қуатты өңірлер» бесінші реформасы шешімдер қабылдауды орталықсыздандыру және өңірлерді дамыту мен өңірлік теңсіздікті теңестіру үшін пайдаланылмайтын немесе жасырын резервтерді тарту тетіктері арқылы өңірлердің дербестігін арттыруға бағытталған. Орталықтандырылған жоспарлаудан ауытқу әрбір өңірдің бірегейлігін және жалпы мемлекеттік саясатты өңірлердің мұқтажына жақындату қажеттігін тануды талап етеді.

  • ҚР жаңа инвестициялық саясаты
  • Аймақтарға инвестициялар тарту бойынша бағдарлама
  • Елдің аумақтық дамуына жаңа көзқарас
  • Аумақтық-кеңістіктік дамудың сын-қатерлері
  • Аумақтық-кеңістіктік дамудың перспективалары
  • Шағын және моноқалаларды дамыту
  • Ауылдық аумақтарды дамыту
  • Аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасы
  • Өңірлердің жүйелі мәселелері
  • Шетелдік инвесторларды тарту

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Оқу нәтижесі бойынша Сіз өңірлік саясатты талдау және қалыптастыру бойынша кәсіби құзыреттеріңізді күшейтесіз

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру
  • Бастамашылық
  • Күйзеліске төзімділік
  • Жүйелік басқару
  • Өзгерістерді басқару
  • Өзін-өзі дамыту
  • Стратегиялық ойлау
  • Көшбасшылық
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
  • Қызметті басқару
  • Шешімдер қабылдау
  • Жеделдік

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 21 ақпан

ҰЗАҚТЫҒЫ: 1 күн, 8 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ ТОП: Латын графикасының негіздері бойынша құзыреттіліктерін арттыруға ниет білдірген мемлекеттік қызметшілер

ШОЛУ

  • Латын негізді жаңа әліпби
  • ресми стильдің жаңа емле-ережелері, орфографиялық нормалары
  • латын әліпбиімен жазылған ресми мәтіндерді оқу
  • қызметтік жазбаларды латын әліпбиімен жазу
  • латын графикасымен жазылған жұмыстың презентациясы

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

  • жаңа әліпбимен толықтай таныс болады
  • ресми стильдің жаңа емле-ережелері мен орфографиялық нормаларын игереді
  • латын әліпбиімен жазылған мәтіндерді оқу дағдысы қалыптастырады
  • латын әліпбиімен құжат мәтінін әзірлеуге бейімделеді

ресми жазылымның ерекшеліктері мен талаптарын меңгереді

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР

  • Өзін-өзі дамыту
  • Жеделдік
  • Бастамашылдық
  • Қызметті басқару

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 25-27 ақпан

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 акад. сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесіне тартылған ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары мен мемлекеттік қызметшілер

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ: Семинарда нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың рөлі мен маңызы айтылатын болады. Стратегиялық ойлаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру және нәтижелер көрсеткіштерін тиянақтау

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы құқықтық және экономикалық сауаттылық деңгейін арттыру. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар нәтижелерінің көрсеткіштері – даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін бюджеттік жоспарлау процесінде әзірлеу бойынша теориялық білімді тереңдету және практикалық дағдыларды нығайту.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Бастамашылық
  • Жүйелік басқару
  • Өзгерістерді басқару
  • Стратегиялық ойлау
  • Көшбасшылық
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
  • Қызметті басқару
  • Шешімдер қабылдау
  • Жеделдік
  • Өзін-өзі дамыту

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 3-5 наурыз

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 акад. сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Мемлекеттік органның қызметін цифрландыру және оңтайландыру процесіне тартылған мемлекеттік қызметшілер

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ: Семинар-тренингтің бағдарламасы басқарудың әртүрлі жүйелерінің өзара іс-қимыл саласын қамтиды, стратегиялық жоспарлау және стратегиялық жоспарларды орындау, бюджеттік басқару, клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару (CRM), материалдық және материалдық емес ынталандыру, ұйымдастырушылық жоспарлау негіздері, ұйымда басқарудың үдерістік-бағытталған моделін құруға әсер ететін, енгізу тәуекелдерін ұлғайтатын және енгізу кезінде типтік қателерге жол беретін салалар сынды менеджменттің аралас салалары талқыланады.

  • Ұйымды басқару процесі
  • Стратегиялық бизнес-үдерістер
  • Негізгі бизнес-үдерістер
  • Қосалқы бизнес-үдерістер
  • Процеске бағытталған органның бизнес-моделі
  • Бизнес-процестерді басқару принциптері
  • Бизнес-процестерді сипаттау (модельдеу) технологиясы
  • Бизнес-процесті сипаттау жоспары
  • Оңтайлылықты бағалау және бизнес-үдерістерді оңтайландыру (жетілдіру)
  • Мемлекеттік органның қызметін регламенттеу

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Қатысушылар регламенттер арқылы бизнес-үдерістерді басқаруды ұйымдастырумен, процесс көрсеткіштерінің орындалуын талдаумен, процестің қалыпты жүрісінен ауытқу себептерін талдаумен және түзету әрекеттерін орындаумен, оңтайландыру және реинжиниринг арқылы бизнес-үдерістерді жетілдіру үлгілерімен танысады.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру
  • Бастамашылық
  • Жүйелік басқару
  • Өзгерістерді басқару
  • Стратегиялық ойлау
  • Көшбасшылық
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
  • Қызметті басқару
  • Шешімдер қабылдау
  • Жеделдік
  • Өзін-өзі дамыту

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 11-13 наурыз

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 акад. сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Жеке тиімділік деңгейін арттыруға ұмтылатын мемлекеттік қызметшілер

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Коучингке кіріспе
  • Коучингтің базалық модельдері
  • Коуч-консультант
  • Тиімді коммуникация жасауға арналған жоғары сапалы кері байланыс
  • Командалық коучинг

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

  • Мемлекеттік қызметші қызметінің тиімділігін арттыру
  • Басқару дағдылары мен құзыреттерін жақсарту және дамыту
  • Жеке жауапкершілікті, бастамашылдықты және өзін-өзі дамыту қабілетін арттыру
  • Жоғары мораль мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, топтық жұмыста/ командада ынтымақтасу.

 

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

Базалық құзыреттер: парасаттылық, жауапкершілік, бастамашылдық, күйзеліске төзімділік, қызметті тұтынушыға бағдар беру және оны ақпараттандыру

Дифференциалды құзыреттер: қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, жеделдік, өзін-өзі дамыту.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 22 маусым*

ҰЗАҚТЫҒЫ: 1 күн, 8 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Осы құзыреттер бойынша даму деңгейін арттыруға ұмтылатын мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Қызмет көрсету сапасын басқару
  • Қызметті тұтынушылардың қанағаттану деңгейін анықтау
  • Тұтынушылардың тәжірибесін өлшеу метрикалары
  • Клиентке бағытталған мінез-құлық факторлары
  • Стандарттарға сәйкес қызмет алушыларға қызмет көрсету

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Семинар нәтижесі бойынша Сіз тиімді мінез-құлық және қызмет алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру, туындаған проблемалық мәселелерді жедел шешу бойынша өз құзыретіңіздің деңгейін арттырасыз.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Қызметті тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру
  • Бастамашылдық
  • Күйзеліске төзімділік
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 7-9 шілде*

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Осы құзыреттер бойынша даму деңгейін арттыруға ұмтылатын мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Storytelling дегеніміз не?
  • Коммуникацияның негізгі принциптері және сторителлингті сенімді әсер ету әдісі ретінде пайдалану;
  • оқиғаларды ойластыру, дұрыс таңдау және жеткізу тәсілдері;
  • әр түрлі кәсіби мәнмәтіндерде, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің қызметінде сторителлингтің тәсілдерін қолдану;
  • Digital сторителлинг жеке бренд қалыптастыру құралы ретінде

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Тренинг нәтижелері бойынша тыңдаушылар оқиғалардың қалай «жұмыс істейтінін», олардың қалай әсер ететінін білетін болады, сторителлингтің технологиясын меңгереді, аудиторияны қызықтыра білуді үйренеді, сондай-ақ алған білімдерін тәжірибеде қолданады.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Өзін-өзі дамыту
  • Бастамашылдық
  • Қызметті басқару

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 23-25 маусым*

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысатын мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
  • мемлекеттік саясатты талдау процесі
  • мемлекеттік саясатты бағалау
  • бағалау стратегиясы
  • талдау әдістері

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Неғұрлым оңтайлы баламаны, бағдарламаны немесе жобаны таңдау үшін мемлекеттік саясатты талдау білімін қолдану. Басқарушылық шешімдерді қабылдау және ұсынылған бастаманың әсерін бағалау кезінде мемлекеттік саясатты талдау дағдыларын пайдалану.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру
  • Жүйелік басқару
  • Стратегиялық ойлау
  • Шешім қабылдау

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 24-26 маусым*

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Мемлекеттік қызметшілер, менеджерлер мен жоба қатысушылары, компания басшылары. Адамға бағытталған жаңа өнімдер мен қызметтерді жасау кезінде дизайн-ойлау әдісін қолдануға мүдделі барлық адамдар.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Танысу. Тренинг қатысушыларының күтетін нәтижелері. Тренингтің мақсаттарын қою
  • Ми жұмысының принциптерін және ойлау стратегияларын сипаттау
  • Design Thinking әдіснамасын сипаттау
  • Жадымен тиімді жұмыс жасау әдістері
  • Ойлау дизайнының он құралы және оларды практикалық пысықтау
  • Мнемотехниканың принциптері мен практикалық қолданылуы
  • Сторителлинг
  • Практикалық тапсырма 4D – креативті ойлау матрицасын әзірлеу
  • Тренингтің қорытындысын шығару

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылар дизайн-ойлау процесін практикалық тұрғыдан түсінеді, тиімді ойлау дағдыларын меңгереді, жұмыста ақпаратты 100% есте сақтаудың жеке тәсілдерін (мнемотехника) қолдануды үйренеді. Командалардың жұмысын дизайн-ойлау методологиясы бойынша ұйымдастыруды үйренеді. Креативті ойлау матрицасының көмегімен жобамен ұжымдық жұмыс жасаудың практикалық тәжірибесін меңгереді. Ойлаудың стандартты емес стратегияларымен және тұлғалық өсу үлгілерімен танысады. Дизайн-ойлау әдістерінің спектрін пайдалана отырып, инновациялық шешімдер жасай алатын болады.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру
  • Бастамашылдық
  • Күйзеліске төзімділік
  • Жүйелік басқару
  • Өзгерістерді басқару
  • Көшбасшылық
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
  • Қызметті басқару
  • Шешім қабылдау
  • Жеделдік
  • Өзін-өзі дамыту
  • Стратегиялық ойлау

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 29 маусым-1 маусым*

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Халықпен тиімді коммуникация жасау дағдыларын дамытуға ниетті мемлекеттік қызметшілер (тікелей халықпен байланыс жасайтын мемлекеттік қызметшілер, ЖАО).

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Стратегиядан нәтижеге
  • «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – сындарлы қоғамдық диалог
  • мемлекет пен қоғамның үздіксіз диалогы
  • Тиімді коммуникациялар жасау алгоритмін түсіну
  • Мінез-құлықтың айқын және жасырын себептері. Олар коммуникацияға қалай әсер етеді
  • Сын. Маңыздылығы. Ассертивті сын. Қағидаттар
  • Мемлекеттік қызметшінің эмоционалдық икемділігі
  • Коммуникациялық кедергілер. Түсінігі және түрлері. Еңсеру жолдары
  • Конфликтология. Ұғымы және шешу жолдары
  • Міндеттерге қарай тиімді коммуникацияларды арттыру тәсілдері
  • Халықпен тиімді кері байланыс
  • Әртүрлі деңгейдегі коммуникацияларды жақсарту, ықтимал штаттан тыс немесе дағдарыстық жағдайлардан шығу жолдары

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

  • коммуникация саласындағы қолда бар білімдерді, дағдыларды, ойларды, қарым-қатынастарды диагностикалау
  • дағдыларды қалыптастыру және/немесе оларды қажетті деңгейге дейін дамыту
  • топтық ресурсты, синергия әсерін пайдалана отырып, стандартты емес міндеттердің шешімін табу

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
  • Жеделдік
  • Өзін-өзі дамыту
  • Күйзеліске төзімділік
  • Қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 26-28 тамыз*

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік және жеке секторлардың өкілдері.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • ISO 37001 халықаралық стандартының / ҚР СТ 3049-2017 ұлттық стандартының құрылымы
  • ISO 37001 / ҚР СТ 3049-2017 енгізуді жоспарлау
  • ISO 37001 / ҚР СТ 3049-2017 енгізу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін өлшеу, бақылау, тұрақты түрде жақсарту

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

ҚР СТ 3049-2017 / ISO 37001 сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет менеджменті жүйесін енгізу процесін түсіну. Ұйыммен байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді сәйкестендіру саласындағы білім мен дағдылар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу, басқару және қолдау кезінде ұйымға көмек көрсету үшін білім алу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізу бойынша команданы басқару үшін қажетті білім.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • парасаттылық
  • қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру
  • жауапкершілік
  • жүйелік басқару
  • қызметті басқару
  • жеделдік

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 12-14 мамыр

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік қызметшілердің жеке даму жоспарларын талдау, жоспарлау және әзірлеу саласында басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне қатысатын мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Мемлекеттік сектордағы тиімділікті басқару әдіснамасы. Нәтижелер бойынша басқару
  • Нәтижеге бағдарланған басқаруды қолданудың халықаралық тәжірибесі
  • Мемлекеттік сектордың тиімділігін жоспарлау, мониторингілеу және бағалау
  • Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін талдау

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

Семинардың нәтижелері бойынша қатысушылар тиімділікті басқарудың нәтижелері, әдістері мен құралдары бойынша басқару әдіснамасын меңгереді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды талдау және бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің және өзінің кәсіби қызметінің нәтижелілігі бойынша кәсіби дағдыларын арттырады.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Өзгерістерді басқару
  • Стратегиялық ойлау
  • Көшбасшылық
  • Шешім қабылдау
  • Қызметті басқару
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 18-22 мамыр

ҰЗАҚТЫҒЫ: 5 күн, 40 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Қызметі жобаларды әзірлеуге және іске асыруға бағытталған мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Жобалық басқару
  • Халықаралық тәжірибе
  • Жобаны басқару стандарттары
  • Ұлттық стандарт
  • Жоба. Бағдарлама. Портфель. Жобаларды басқарудың өзара байланыстарына шолу
  • Ұйымдастыру стратегиясы
  • Мақсатты тұжырымдау
  • Жобаға жетекшілік ету
  • Операциялық қызмет
  • Ұйымдастыру құрылымы

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқау» бойынша сертификаттау.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • өзін-өзі дамыту
  • шешім қабылдау
  • қызметті басқару

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 26-28 мамыр

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Басқарушылық шешімдер қабылдау, экономикалық саясатты әзірлеу процесіне қатысатын мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің (фирмалардың) экономикалық мінез-құлқының принциптері
  • халықтың (үй шаруашылықтарының) мінез-құлықтық сипаттамалары
  • экономиканың негізгі субъектілерінің өзара іс-қимыл процестері (фирмалар, үй шаруашылықтары, мемлекет)
  • тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарының жұмыс істеу процестері: басқарушылық аспектілер
  • макродеңгейдегі экономиканың жұмыс істеуінің заңдылықтары мен нәтижелері: басқарушылық аспектілер
  • мемлекеттің экономикалық саясаты, оны іс жүзінде іске асыру құралдары саласындағы білім
  • экономикалық процестерді басқару тиімділігі

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Курсты оқу қатысушыларға әртүрлі деңгейдегі (микро-, макродеңгейлер) басқарушылық шешімдердің аналитикалық құралдарын  меңгеруге мүмкіндік береді.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Жүйелік басқару
  • Шешім қабылдау
  • Жеделдік
  • Бастамашылдық

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 2-4 маусым

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Ағымдағы немесе жоспарланып отырған кәсібінде тиімді коммуникациялар бойынша құзыреттерінің болуы маңызды болып табылатын мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ көшбасшылық дағдыларды дамытуға, жеке және кәсіби дамуға ұмтылатын мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ: Интернет, әлеуметтік желілер және басқа да ақпараттық технологиялардың пайда болысымен көпшілік алдында сөз сөйлеуден (баспасөз конференцияларынан, баяндамалардан, есептерден, брифингтерден және т.б.) күтілетін нәтижелер өзгеруде.

Жұрт алдында дұрыс сөйлеу және көпшіліктен күтілетін нәтижені алу үшін спикерден кем дегенде негізгі коммуникативтік дағдыларды сенімді меңгеру, аудиторияны түсіну және аудиторияға бағдарлану, сөз сөйлеу мәтінінің және оны жеткізуі кәсіби болуы талап етіледі. Бұл семинар дәл осы аспектілерге негізделген.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

Семинар мынадай білік-дағдыларды жетілдіруге көмектеседі:

  • сөз сөйлеулер мен презентацияларды дайындау дағдылары
  • көпшілік алдында сөз сөйлеудегі «қорқынышты» жеңу дағдылары
  • аудиторияны түсіну және аудиториямен байланыс орната білу дағдылары
  • тиімді сөз сөйлеу және материалды жеткізу дағдылары
  • сөз сөйлеу барысында және жұрт алдында сөйлеуге дайындық кезінде қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мен ресурстарды қолдана білу

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Өзін-өзі дамыту
  • Көшбасшылық
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 9-11 маусым

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Қызметі әртүрлі мүдделі тараптармен тұрақты өзара іс-қимыл жасаумен және ынтымақтастық орнатумен байланысты мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ: Даулар, шиеленістер мен дағдарыстар әр адамның қазіргі өмірі мен қызметінің бір бөлігі. Семинар ұжымдық қарым-қатынаста және кәсіби қызметте тиімді пайдаланылуы мүмкін даулы және дағдарысты жағдайларды шешуде қолданылатын нақты коммуникациялық стратегияларды интерактивті түрде меңгеруге мүмкіндік береді.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Семинардың нәтижесінде қатысушылар шиеленістің табиғатын анықтау бойынша өз білімдері мен дағдыларын тереңдете түседі, шиеленістің кезеңдерін анықтау бойынша дағдыларды, шиеленістерді шешу техникасын меңгереді, дағдарыстық жағдайларда келіссөздер жүргізу дағдыларын пайдалануды, шиеленістерді алдын алу бойынша шаралар белгілеуді және қабылдауды үйренеді.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • шешім қабылдау
  • көшбасшылық
  • күйзеліске төзімділік
  • ынтымақтастық және өзара іс-қимыл

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 16-18 маусым

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: ҚР СІМ және қызметі халықаралық ынтымақтастықпен байланысты мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ: Семинардың өзектілігі халықаралық келіссөз процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың өкілдерін дайындау, Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау үшін көпжақты келіссөздер жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру қажеттілігінен туындап отыр.

Семинар барысында саяси, мәдени, шекаралық, экономикалық мәселелер бойынша келіссөздердің ерекшеліктері, сондай-ақ келіссөздердің түрлі модельдері қаралатын болады.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

  • келіссөз жүргізуге қажетті дағдыларды қалыптастыру
  • келіссөз жүргізу процесінің психологиялық аспектілерімен танысу
  • мінез-құлық модельдері тұрғысынан келіссөздер барысын талдай білу

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • жеделдік
  • шешім қабылдау
  • бастамашылдық

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 8-10 қыркүйек

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері: бюджеттік талдаушылар, экономистер, бағдарламаларды бағалаушылар, жоспарлаушылар, талдау орталықтарының мамандары.

       ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ: Талдау құжаты шешімдерді әзірлеу және қабылдау құралы болып табылады. Талдау құжаты саясат циклінің кез келген немесе барлық кезеңдеріне әсер етуі мүмкін. Саясатты талдау – бұл аналитикалық және зерттеу жұмыстарын, қарым-қатынастың тиімді жазбаша және ауызша дағдыларын, проблеманы және оның саяси, ұйымдастырушылық және экономикалық контекстін түсінуді көздейтін көпқырлы қызмет түрі. Саясатты талдау саласындағы жақсы мамандар саясатты талдаудың осы негізгі қағидаттары мен ережелерін түсінеді және оларды мемлекеттік саясаттың сапасын арттыру және жұртшылықтың мүдделерін қорғау үшін қолданады.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Семинардың нәтижесі бойынша қатысушылар саясатты талдау бойынша тиімді құжаттарды жасау дағдыларын қалыптастырады.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Бастамашылдық
  • Кәсібилік
  • Жағдайды талдай білу
  • Өзін-өзі дамыту
  • Қызметті басқару

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 15-17 қыркүйек

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру қажет етілетін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Меритократия және адалдық мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің негізі ретінде
  • Мемлекеттік қызметшілердің өнегелігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарты ретінде
  • Өңірлік басқарудағы стратегиялық шешім
  • Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігі
  • Тиімді басқару құралдары: «қиын қарамағындағы қызметкерлер»

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Тыңдаушылар қазіргі заманғы талаптарға, ғылым мен озық практиканың жетістіктеріне сәйкес мемлекеттік менеджмент мәселелері бойынша білімін кеңейтуі тиіс.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Жауапкершілік
  • Жеделдік
  • Бастамашылдық
  • Шешім қабылдау
  • Көшбасшылық
  • Қызметті басқару

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 6-8 қазан

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауапты заң қызметтерінің қызметкерлері.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

Мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы мәселелері бойынша ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесі

Нормативтік құқықтық актілер:

  • Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы
  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң
  • Кәсіпкерлік кодексі
  • Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Тыңдаушылар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл мәселелерінде өз білік-дағдыларын арттырады, бұл оларға ел басшылығының саясатын іске асыру мақсатында диалогты тиімді орнатуға мүмкіндік береді.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
  • Шешім қабылдау
  • Қызметті басқару
  • Күйзеліске төзімділік

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 13-15 қазан

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Бағдарламалар мен жобаларды жоспарлау және әзірлеу кезінде тәуекелдерді бағалауға қатысатын мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Жоба тәуекелі ұғымы
  • Тәуекелдерді басқару шектерінің схемасы
  • Тәуекел ықтималдығы және шығын шамалары
  • Тәуекелдердің туындау ықтималдығын және әсер етуін бағалау
  • Тәуекелдердің ең көп таралған түрлері
  • Жобалық тәуекелдерді басқару тұжырымдамасы
  • Тәуекелдерді басқаруды жоспарлау: құралдары мен әдістері
  • Жобалық тәуекелдерді сәйкестендіру: құралдары мен әдістері
  • Бақылау деңгейі бойынша және дереккөздер бойынша тәуекелдерді жіктеу
  • Жобалық тәуекелдерді талдау және бағалау
  • Талдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау схемасы
  • Тәуекелдерге ден қою тәсілдерін жоспарлау
  • Белгілі және белгісіз тәуекелдерге жауап қату және жоспарлау

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

  • нақты жобалар мысалында тәуекелдерді басқару тәжірибесімен танысу
  • әлемдік және қазақстандық тәжірибеде бар тәуекелдерді басқару әдістерін талқылау
  • мемлекеттік секторда іске асырылатын жобалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістері мен құралдарын айқындау

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Бастамашылдық
  • Кәсібилік
  • Жағдайды талдай білу
  • Өзін-өзі дамыту
  • Қызметті басқару

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 20-22 қазан

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысатын мемлекеттік қызметшілер

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Қазіргі кезеңде Қазақстанның мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру. Қазақстан және халықаралық ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ИЫҰ, Түріксой, ШЫҰ, ҰҚШҰ және т.б. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) аясындағы Қазақстан Республикасының саясаты. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестер. Қазақстан Республикасының Азия бағытындағы мемлекеттік саясаты. Қазақстанның сыртқы саясатының еуропалық бағыты. Каспий теңізі аймағындағы қазіргі геосаяси жағдай. Каспий туралы мәселе бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық сипаты.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Шешім қабылдау және мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша дағдыларды дамыту.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ): Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатты жүргізу бойынша құзыреттерді дамыту.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 27-28 қазан

ҰЗАҚТЫҒЫ: 2 күн, 16 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Жеке тиімділігін дамытуға ниетті мемлекеттік қызметшілер.

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • тайм-менеджмент қағидаттары
  • уақытты басқару құралдары
  • уақытты стратегиялық жоспарлау
  • жұмыс уақытын ұйымдастыру
  • күйзеліс жағдайларындағы тиімді мінез-құлық стратегиялары
  • күйзеліс жағдайларындағы жеке қателіктер
  • сәтті мінез-құлық модельдері
  • күйзеліске төзімділік кәсіби құзыреттілік ретінде

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Тыңдаушылардың бойында тиімді мінез-құлық индикаторларын ескере отырып, шектеулі уақыт пен эмоциялық қысым жағдайында да жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз ету бойынша құзыреттілік пен мінез-құлық дағдыларын, заманына сай ойлауды қалыптастыру.

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Күйзеліске төзімділік
  • Жүйелік басқару
  • Жеделдік
  • Өзін-өзі дамыту

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 3-5 қараша

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Стратегиялық өзара іс-қимылға жауапты халықаралық бөлімдер мен басқармалардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, талдау бөлімшелерінің қызметкерлері

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Ақпарат көздерімен жұмыс. Ақпараттық ресурстардың ерекшелігі
  • Ақпараттық талдау кезеңдері
  • Талдамалық ақпаратты сақтау және тарату
  • Ақпараттық өнімнің құрылымы
  • БАҚ-дан ақпарат жинау
  • Аналитикалық жоба үшін техникалық тапсырма жазу
  • Аналитикалық жазба, аннотация, түйіндеме
  • Сараптамалық жұмыстың ұжымдық сырттай әдістері: Дельфи әдісі
  • Сараптамалық жұмыстың ұжымдық сырттай әдістері: ПАТТЕРН әдісі 
  • Аналитикалық жұмыста ықтималдықтар теориясын қолдану
  • Сараптамалық бағалаудың ұжымдық күндізгі әдістері
  • Контент талдау жүргізу техникасы
  • Ивент талдау жүргізу техникасы
  • SWOT талдау
  • Талдаушылардың негізгі функциялары және олардың кәсіби өсу кезеңдері

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

Курстың нәтижесінде тыңдаушы курстың негізгі мазмұнымен танысып, талдау жұмысының нысандары бойынша білімін арттырады, курс барысында алынған білімнің, схемалар мен үлгілердің негізінде аналитикалық құжаттарды жазуды, аналитикалық және ғылыми стильдердің ара-жігін ашуды үйренеді. Оқып білген әдістемелер негізінде саяси процестерді талдау, саяси процестерді болжау дағдыларын меңгереді.

 

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

Стратегиялық ойлау – қолда бар ресурстар мен ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, жалпы көріністі көру, жоспарлау, дамуды болжау қабілеті.

Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл – әріптестермен кәсіби деңгейде тиімді қарым-қатынас орнату, оларды бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге, жоспарларды іске асыруға және жалпы нәтижелерге қол жеткізуге тарту

Жеделдік – шектеулі уақыт жағдайында жұмысты уақытылы және сапалы орындау қабілеті

Өзін-өзі дамыту – жұмысты жақсарту үшін жаңа білімді, білік- дағдыларды үздіксіз меңгеру және қолдану.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 2020 жылғы 10-12 қараша  

ҰЗАҚТЫҒЫ: 3 күн, 24 академиялық сағат

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Өзгермелі әлем жағдайында кәсіби құзыретін арттыруға мүдделі мемлекеттік қызметшілер

ТРЕНИНГКЕ ШОЛУ:

  • Көшбасшылық және менеджмент
  • Көшбасшылық мәдениеті
  • Көшбасшылық және сыни ойлау
  • Көшбасшылық құралдары
  • Саяси көшбасшылық
  • Ағымдағы бизнес-процестерді қабылдау және қолдау
  • Басқарудағы жүйелік тәсіл
  • Стратегиялық менеджмент
  • Жүйелік басқару
  • Кәсіби дағдыларды жүйелі қолдану
  • Ақпарат көздерімен жұмыс. Ақпараттық ресурстардың ерекшелігі

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Тренингке қатысушылардың бойында мемлекеттік басқарудағы өзгерістерді басқару мен көшбасшылықтың тұжырымдамалық негіздерін, модельдері мен құралдарын жүйелі түсінуін қалыптастыру және дамыту

 

ҚҰЗЫРЕТТЕР (БҚШ):

  • Бастамашылдық
  • Күйзеліске төзімділік
  • Жүйелік басқару
  • Өзгерістерді басқару
  • Стратегиялық ойлау
  • Көшбасшылық
  • Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
  • Қызметті басқару
  • Шешім қабылдау

Абилова Айгерим Женисовна

Кәсіби даму институты

Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету

кабинетінің меңгерушісі

Тел.: 8 (7172) 75 33 98

e-mail:  aygerim.abilova@apa.kz


Your browser does not support SVGs