Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (бұдан әрі – МСҰМ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды.

МСҰМ – саяси және басқарушылық шешімдер қабылдау және мемлекеттік реформаларды ілгерілету үдерістері үшін жоғары білікті және құзыретті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін кәсіптік оқу орны.

МСҰМ базасында мемлекеттік қызметке, квазимемлекеттік секторға және бизнеске жаңа формацияның менеджерлері келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындайды:

·      «Мемлекеттік басқару – МРА», өндірістен қол үзіп, оқу мерзімі 1 жыл;

·   «Мемлекеттік басқару – ЕМРА», негізгі кәсіптік қызметті біріктіре отырып, модульдік оқыту қағидаты бойынша, оқу мерзімі 1 жыл;

·  «Мемлекеттік басқару ЕМРА», негізгі кәсіптік қызметпен қоса кешкі уақытта және демалыс күндері оқыту форматымен, оқу мерзімі 1,5 жыл.

 

2009 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін 300-ден астам магистранттар мен докторанттар тәмамдады.

 

Әбдіқалықова Марта Наушақызы
МСҰМ директоры
+7 7172 75 30 04
marta.abdykalikova@apa.kz


Your browser does not support SVGs