Дипломатия институты

         Дипломатия институты сіздер үшін дипломатия, келіссөздер өнерін ашады, сыртқы саясат құралдарын үйретеді және осы қызықты халықаралық байланыстар әлеміне енгізеді.

Дипломатия институты – елдегі кәсіби дипломатиялық кадрларды, халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды даярлайтын жалғыз орталық. 2021 жылғы 10 қыркүйекте Институт Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы мәртебесінің құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті. ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының құқықтық мұрагері бола отырып, институт дипломатиялық қызмет жүйесіндегі қажетті буын болып қала береді.

Бүгінгі Институт:

– мемлекеттік даму стратегиясының жергілікті шарттарына, дәстүрлеріне және мақсатты нұсқауларына негізделген қазақстандық дипломатия мектебін жүйелі және дәйекті дамытуда;

-Мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде жұмысты тиімді орындауға қабілетті халықаралық қатынастар саласындағы тәжірибелі мамандардың мықты кадрлық ресурсын дайындайды.

Институт түлектері қоғамдық және саяси қызметтің көптеген салаларында, соның ішінде Төтенше және Өкілетті Елшілер, министрлер, вице-министрлер, ҚР Парламентінің депутаттары, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары дәрежесінде табысты еңбек етеді.

Институттың ерекше мақтанышы-оның оқытушылары, тәжірибелі халықаралық қатынастар мамандары. Олардың қатарында – СІМ-нің қазіргі заманғы құрылымын құрудың бастауында тұрған және біздің еліміздің алғашқы халықаралық шарттарын жасасқан Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Сыртқы істер министрі Сүлейменов Төлеутай Ысқақұлы бар. Институт оқытушылары түрлі халықаралық және отандық комиссиялардың, мемлекеттік органдардың сарапшылық кеңестерінің: ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің сарапшылық кеңесінің, ТДМ бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының және т. б. құрамына кіреді.

Халықаралық ынтымақтастық

Институт Вена дипломатиялық академиясы, Әмірліктердің Дипломатиялық академиясы және т.б. сияқты танылған шетелдік дипломатиялық мектептермен ынтымақтасады.

ҚР СІМ, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы және Мемлекеттік басқару Академиясы арасындағы үшжақты келісім шеңберінде Институт Астана хабына қатысушы елдердің сыртқы саяси ведомстволары қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерін оқытады. Мәселен, институтта өткен жылы грант бойынша Ауғанстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия және Украинадан келген дипломаттар мен мемлекеттік қызметшілер білім алған. Биылғы жылда Ауғанстаннан магистранттары оқуын бітіруге дайындалуда

Диссертациялық кеңес

Институтта докторантура «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Диссертациялық кеңесті Дипломатия институтының профессоры Т.с. Сүлейменов басқарады, оның құрамына кәсіби дипломат, 2016-2020 жылдары Австрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2013-2016 жылдары Вена дипломатиялық академиясы директорының орынбасары, қазіргі уақытта Австрияның еуропалық және халықаралық істер министрлігінің қызметкері Герхард Сайллер кіреді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 ж. бұйрығына сәйкес диссертациялық Кеңес мүшелерінің оң шешімі болған жағдайда бейіні бойынша доктор (PhD) дәрежесін дербес береді.


Абишева Мариан Асаровна Дипломатия
институтының директоры
+7(7172) 75 30 09
m.abisheva@apa.kz


Your browser does not support SVGs