» Абишева Мариан Асаровна
Абишева Мариан Асаровна
Директор
+7 7172 75 30 09
m.abisheva@apa.kz

        Specializations: Political Sciences

 Білімі:

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Саяси ғылымдарының кандидаты (PhD), 2004

    Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, ,

    философия және саясаттану факультеті,1994

Зерттеу қызығушылықтары:

    • Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі және сыртқы саясаты;

    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы және ішкі саясаты.

Жобалары:

    • Ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі: «Елдік брендинг: әлемдік тәжірибе және оның қалыптасу болашағы»; «Қазақстандағы саяси жүйенің қазіргі жағдайы және жұмыс істеу мәселелері»; «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі контекстіндегі ішкі және сыртқы саясат саласындағы Қазақстан үшін күн тәртібі»; «Қазақстанға қатысты Батыстың сыртқы саяси стратегиясы контекстіндегі ішкі және сыртқы саясат саласындағы Қазақстан үшін күн тәртібі»; «Қазақстан қазіргі заманғы сын-тегеуріндер алдында» (ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырысы бойынша).

    • Қазақстан бойынша ұлттық сарапшы: «Мигранттардың осалдығы және Орталық Азиядағы интеграцияның қажеттілігі: мигранттар мен қауымдардың қажеттіліктерін бағалау және тәуекелдерді басқару, 2016-2017»; «Орталық Азиядағы қайтарымды көші-қон және сын-тегеуріндер: тәуекелдерді талдау, 2017-2018» (Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым, IOM).

    • Үйлестіруші: «Қазақстанның дамуына ресми көмек (ДРК) жүйесінде» бала мүдделерін ең жақсы жағынан қамтамасыз ету» қағидатын имплементациялауға жәрдемдесу» (ЮНИСЕФ-Қазақстан, 2019).

Стипендиялар, біліктілікті арттыру, тағылымдамалары:

    •     International Visitors Leadership Program “US Foreign Policy” (U.S. State Department, Washington DC);

    •     Asia-Pacific Center for Security Studies, College of Security Studies, Executive Course (USA, Honolulu);

    •     International Course “Asia – Middle East”, Institut des Hautes Etudes de Defense Nationale (Институт высших исследований национальной обороны Франции, Париж).

Еңбек өтілі

    •     1995-1996 – Алматы темір жол көлігі инженерлері институтында және Алматы мемлекеттік медицина институтында оқытушылық қызметі;

    •     1997-2005 – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді. (еңбек жолын Халықаралық байланыстар бөлімінің жетекші маманынан Халықаралық ғылыми-мәдени байланыстар бөлімінің бастығына дейін);

    •     2005-2010 – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары;

    •     2010-2011– Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі;

    •     2011-2014– «Самұрық-Қазына» АҚ Ақпараттық-талдау жұмысы жөніндегі бас менеджері;

    •     2014-2018– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Талдау қызметінің басшысы;

    •     2018 жылғы қыркүйектен бастап – Дипломатия институтының директоры.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары

    • Конституциялық реформа дайындауға белсенді қатысқаны және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі ашық, конкурстық сайлау науқанын өткізу үшін жағдай жасау жөніндегі жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, 2007;

    • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі,2011;

    • «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі, 2015;

    • «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2016.

Жарияланымдары:

   Отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 100-ден астам ғылыми жұмыс (21 ұжымдық монография мен жинақтарды, ЖОО студенттеріне арналған 2 оқу құралын қоса алғанда).
Оның ішінде ұжымдық монографиялар:
.

    • Коктейль Молотова. Қазақстандық жастардың анатомиясы. – Алматы: Аналитикалық ұйымдар альянсы, Конрад Аденауэр атындағы қор, 2014;

    • Migrant Vulnerabilities and Integration Needs in Central Asia – Assessing migrants’ and community needs and managing risks. – Astana, 2017;

    • Risk Analysis on Return Migration and Challenges in Central Asia 2017. – Astana, 2017;

    • Орталық Азия 2027: өзгермелі стратегиялық ландшафт. Он жыл алға ықтимал сценарийлер. – Астана: ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы, 2017.

Қосымша мәліметтер:

    • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Сараптамалық тобының мүшесі;

    • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының құрметті қызметкері.


Your browser does not support SVGs