Басқару институты

  • БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ

 

Басқару институтының білім беру бағдарламалары оқытудың жоғары деңгейін, тұлғалық және кәсіби дағдыларды дамыту үшін практикалық кейстерді сапалы талдауды, сонымен қатар білім алушылардың белсенді қоғамдық өмірін қамтиды.

Институт Мохаммед бин Рашид атындағы Басқару мектебімен (БАӘ), Синьяоки қолданбалы зерттеулер университетімен (Финляндия), Масарик университетімен (Чехия), DBB академиясымен (Германия), қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Мохаммед бин Рашид атындағы Басқару мектебімен (БАӘ), Синьяоки қолданбалы зерттеулер университетімен (Финляндия) тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Институт Ауғанстан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Мальдив аралдарының мемлекеттік қызметшілерін оқыту тәжірибесіне ие.

Институт түлектері бәсекеге қабілетті және мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторларда өз қызметтерін жалғастыруда.

Институт 2005 жылы құрылып, бүгінгі күнге дейін 1700-ге жуық түлекті оқытып шығарды.

Басқару институты ел мен халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында мемлекеттік реформаларды жүзеге асыратын жаңа формацияның тиімді көшбасшыларын келесі бағдарламалар бойынша дайындайды:

     Магистратура:

·         «Мемлекеттік саясат», 2 жыл;

·         «Экономика», 2 жыл;

·         «Өңірлік даму», 1 жыл;

·         «Өңірлік даму» 1 жыл (білім берудің модульдік принципі бойынша);

·         «Адами ресурстарды басқару», 1 жыл

Докторантура:

·         «Мемлекеттік басқару», 3 жыл;

 ·        «Экономика», 3 жыл.

 

Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы 
Басқару Институтының директоры
+7 (7172) 75 33 27  
zulfukhar.gaipov@apa.kz


Your browser does not support SVGs