Ақпараттық және электрондық технологияларды қолдана отырып, білім алушылардың өзіндік жұмыс кестесінде мақсатты және бақыланатын оқытуды көздейтін, білім беруге бірегей тәсілді ұсынатын және толығымен онлайн режимде өтетін заманауи, электрондық оқыту курстары, тыңдаушының (физикалық) қатысуын талап етпейді.
Салалы және құрылымдалған ақпарат алуға мүдделі кез келген адам онлайн оқыту курсынан өтіп, жаңа білім мен дағдыны игере алады.
Мемлекеттік қызметшілерді онлайн оқыту мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасу арқылы біліктілікті арттыру семинарлары шеңберінде жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасуға қатысты қосымша мәліметтер алу үшін Сізге Академияның мемлекеттік сатып алулар бөлімімен байланысу қажет. (ссылка)
Иә, жеке тұлғалар оқудан өте алады. Ол үшін қызықтыратын тақырыпты және оқу кезеңін таңдап, белгіленген нысандағы сауалнаманы толтырып, оқу ақысын төлеген соң Академиямен тиісті келісімшарт жасау қажет.
Жеке куәлік (электрондық форматта), тұрғылықты мекен-жайы, қолданыстағы e-mail, ұялы телефон нөмірі және төлем туралы чек.
Онлайн курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.
Барлық оқу және әдістемелік материалдар Академияның білім беру порталына орналастырылған. Ол тәулік бойы қолжетімді. Тыңдаушы жай ғана порталға өзінің есептік жазбасымен кіреді және ыңғайлы уақытта оқи алады. Поштаға біз тек есептік жазбаның логины мен құпия сөзін жібереміз. Оқу материалдарына қол жеткізу үшін Сізге компьютер мен интернет қана қажет.
Онлайн курстардың ұзақтығы 21 күнтізбелік күн (3 апта) немесе 72 академиялық сағатты құрайды.
Академия білікті мамандарды тартуға мүдделі. Сарапшы-әзірлеушілерді іріктеу туралы хабарландырулар және ресми интернет-ресурста орналастырылады. https://www.apa.kz/bos-oryndar/
Тыңдаушыларға арналған платформаны пайдалану бойынша бейненұсқаулық https://www.youtube.com/watch?v=Vd77iiAYIP4
Платформаға өту https://sdo.apa.kz/login/index.php
Курсты аяқтағаннан кейін электрондық форматта біліктілікті арттыру туралы сертификат беріледі https://certificate.apa.kz/
Шарттық семинарларға өтінімдерді қабылдау мемлекеттік органның және азаматтық қызметшілердің сұраныстарына сәйкес жүргізіледі. Оқуға арналған шарт Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы немесе қағаз түрінде жасалады.
+7 7172 75 34 93
d.nurgozhin@apa.kz
a.aikimbayev@apa.kz
Президенттік Жастар кадрлық резерві қатысушыларын оқыту
+7 7172 75 33 98
Samal.Zhargakova@apa.kz