оқу мерзімі үш жыл, өндірістен қол үзіп жүргізілетін білім беру бағдарламалары
Мемлекеттік басқару
Халықаралық қатынастар
Экономика
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына сәйкес, магистратураның бейінді бағыттағы магистрі PhD докторантурасына түскен кезде оған, педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы пререквизиттер ретінде қосымша белгіленеді. Пререквизиттер, ақылы негізде игеріледі.
- Мемлекеттік орган берген жолдама (форманы жүктеу)
- Жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық нұсқасы.
- Қосымшасы бар жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың сканерленген нұсқасы.
- В1-ден төмен емес деңгейдегі QAZAQ RESMI TEST (www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ (www.kazakhtest.kz) сертификаты (шетелдік азаматтарды қоспағанда).
- DIR, DPA, DE бағдарламаларына келесідей нәтижелермен халықаралық сертификаттардың (IELTS, TOEFL IBT немесе TOEFL ITP, TOEIC) бірі:
DIR, DPA, DE – IELTS кемінде 5.5 балл, TOEFL IBT кемінде 46 балл немесе TOEFL ITP (LEVEL 1) кемінде 460 балл немесе TOEIC кемінде 550 балл, Duolingo English Test кемінде 95 балл.
- Мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) алынған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған (мемлекеттік қызметшілер үшін) қызметтік тізім, өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат.
- Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы.
- Өтініш (ЭЦҚ-мен қол қойылған). Шетелдік азаматтар үшін өтініштің сканерленген нұсқасы.