Академия
жаңалықтары

21
Март
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы

Академияда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Агенттік және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылық құрамы мен ұжымы қатысты.

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай қызметкерлерді Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың бірлік пен жаңарудың бастауы екенін атап өтті. «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз халқымыз үшін шуақты көктеммен келген жаңа күнді ортақ тілеулестікпен қарсы алатын, қоғамның ынтымақтастығы айрықша көрініс табатын мереке. Наурыз бүгінде ынтымақ-бірлікке бастайтын халықтық мерекеге айналды», – деді Агенттік төрағасы.

Мерекелік іс-шарада ұлттық өнер мен дәстүрден сыр шертетін қойылымдар ұсынылды.

Атап өту керек, Агенттікте Наурызнама онкүндігіне сәйкес ұлттық құндылықтарды дәріптейтін іс-шаралар өткізілуде. Оның ішінде дәстүрге айналған ұлттық киім кию, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар, қайырымдылық бастамалар және өзге де мәдени-танымдық іс-шаралар бар.

Барлығы
20
Март
Мемлекеттік қызметтің іс қағаздарын біріздендіру

20 наурыз күні Академияда «Мемлекеттік қызметтің іс қағаздарын біріздендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың ресми жазылымында кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, оларды біріздендіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Дөңгелек үстел жұмысына орталық мемлекеттік басқару органдары мен әкімдіктердің лингвистика және іс жүргізу саласындағы мамандары – филологтар, корректорлар, архившілер және іс жүргізушілер қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Үкіметтік шешімдерді бақылау секторының меңгерушісі Л.М. Қабылдина, Мемлекеттік басқару академиясының Тілдік құзыреттілікті дамыту кабинетінің меңгерушісі Н.Т. Төленбергенова, сондай-ақ Тіл саясаты басқармаларының басшылары Г.Қ. Қисықова, С.Қ. Мұхтарова, Г.Ш. Есалова және басқа да сарапшылар баяндама жасап, іс қағаздарын біріздендіру бойынша өзекті мәселелерді көтерді.

 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың іс қағаздарын жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.

Барлығы
14
Март
Даму стратегиясы

Бүгін Даму күні аясында Академияда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы  Баян Қоңырбаевпен кездесу өтті. Баян Қайратұлы  компанияның алдағы жылдарға арналған даму стратегиясымен бөлісіп, Nitec-тің жаһандық трендтерге сәйкес трансформациялау процесі жайлы айтты.

Қоғамның бөлінген инфрақұрылымы мен ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесіне тоқталып, IT және мемлекеттік басқару саласындағы оң өзгерістерді, сондай-ақ қазіргі заманғы технологиялардың басқару тиімділігіне тигізетін әсерін атап өтті. Шараның соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Nitec пен Академия мамандар даярлау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

«Даму күні» аясында Экономист + клубының кезекті отырысы өтті. «Магистрлік жобаны жазу: сарапшылардан лайфхактар» тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік семинарға Академияның  қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.  Отырыста магистрлік, докторлық жобалар талқыланып, сын-пікірлер мен қатар кеңестер айтылды.

СҚО бойынша ҚР АӘК БНС департаменті құрылымдық статистика басқармасының басшысы Балгарина Людмила, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті өкілі Есенжолова Ғазиза жобаларға сапалы зерттеу жүргізу бойынша лайфхактармен бөлісті.

Ғылыми-әдістемелік семинардың негізгі мақсаттары:

— Зерттеу құзыреттерін дамыту, магистрлік жобаны сапалы дайындау бойынша білімді тереңдету

— Өзекті ғылыми мәселелерді талқылау және шешімдерін іздеу

— Ғылыми пікірталас дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеулерге қатысу

Барлығы
03
Март
Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың   2025 жылдың 27 ақпанындағы өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Академияның ректоры болып тағайындалды.

Азамат Сағатұлының мемлекеттік басқару саласында 10 жылдам астам еңбек өтілі бар. Еңбек жолын ҚР Ауыл шаруашылығында сарапшы лауазымынан бастаған. Одан кейін Академияның Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаменті директоры лауазымдарын атқарды.

Осы уақытқа дейін Азамат Сағатұлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Барлығы
28
Февраль
Даму күніне шолу

Бүгін Академияда «Даму күні» аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Жылқышиева Жазирамен кездесу өтті. Кездесу барысында Жазира Жақсылыққызы құқық бұзушылық субъектілер, қылмыстық жауапкершілік, сыйлықтар беру және алудың мәдениеті жайлы айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті.

«Сыбайлас жемқорлық — жеке бас мақсатыңыз үшін мемлекеттік билікті теріс пайдаланып, пайда табу. Оның алдын алу үшін көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізілуде» — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Жылқышиева Жазира.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында:

  • құқықтық статистика органдарының деректері;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері;
  • әлеуметтік сауалнама деректері;
  • БАҚ-тағы жарияланымдар қаралатындығын да атап өтті.

Сондай – ақ спикер  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мүдделер арасындағы келісе алмаушылық, шешім жолдарына тоқталды. Дәрісте заң аясындағы өзгерістер мен жаңа жобалар жайлы да айтылды. Кездесу соңында Академия білім алушылары пікірлері мен бөлісіп, сұрақтарын қойды.

Даму күнінде «Өзгерістер кеңсесі» жобасы аясында Түрікше әңгімелесу клубының бірінші кездесуі өткізілді. Шара «Бір тіл, біл әлем» атты түрік тілін оқыту жобасы шеңберінде өтіп жатыр. Академия қызметкерлері мен білім алушылары арасынан түрік тілін меңгерген және үйренуге ниетті 30-дан астам адам клубқа қосылып, түрік тілінде қарым-қатынас жасаудың алғашқы нәтижелерін көрсетті.

Алғыс айту күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл шарада қатысушылар  түрік тілінде Академия мен әріптестеріне өз алғыстарын жеткізді.  «Бір тіл, бір әлем» Türkçe Konuşma Kulübü екі аптада бір рет өткізіледі. Қатысушыларға тіл үйренуде, тәжірибе алмасуға, өз дағдыларын практикада жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Даму күні» аясында танымал кино және театр актері, Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермендер театрының әртісі Аян Өтепбергенмен кездесу өтті. Аян Өмірәліұлы мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы мен «Серпер» сыйлығының лауреаты. Алғыс айту күніне орай Аян Өтепберген өмірде және өнерде үлгі тұтқан ұстаздарына алғысын білдіріп, осы жолда өз тәжірбиесімен бөлісті. Үлкендердің батасы мен алғысының маңыздылығын жастарға ерекшелеп айтып өтті.

Сондай-ақ  өзінің кино әлеміндегі соңғы жаңалықтарымен,  жаңа жобаларымен, болашақ жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында оқу орнының  академиялық қызмет жөніндегі вице-ректоры Эльмира Нұрланқызы қонаққа Академияның атынан алғыс айтып, еңбек жолына сәттілік тіледі.

Барлығы
26
Февраль
Академия «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен меморандумға қол қойды

26 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжат мемлекеттік басқаруды цифрландыру, ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік және электрондық үкімет саласында мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша әріптестікті дамытуға бағытталған.

Тараптар бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын жүзеге асыру, сараптамалық кездесулер, семинарлар өткізу және мемлекеттік секторға заманауи цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен алмасу туралы келісті.

Меморандумға қол қою мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.

Барлығы
25
Февраль
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған сараптамалық кездесу өтті

25 ақпан күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстандағы мәдени әралуандылық: ерекшеліктер, перспективалар, мемлекеттік басқару» атты сараптамалық кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, елдегі этносаралық қатынастар мен мәдени әртүрлілік мәселелерін талқылауға арналды.
Кездесу барысында қатысушылар ҚХА-ның қазақстандық қоғамды біріктірудегі рөлі мен «әртүрліліктегі бірлік» қағидатын нығайтудағы маңыздылығына тоқталды. Академияның ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректоры Әлия Масалимова өз сөзінде ҚХА-ның ішкі тұрақтылықты сақтауда, азаматтардың құқықтарын қорғауда және мемлекеттік саясатты іске асыруда маңызды орын алатынын атап өтті.
Шақырылған сарапшылар этносаясат, ұлттар арасындағы қатынастар және мемлекеттік басқару саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы Айгүл Кәкімбекқызы Садвокасова Қазақстандағы бірлік пен келісімді қамтамасыз ету саясаты жөнінде баяндама жасады. Назарбаев Университетінің Әлеуметтану және антропология департаментінің қауымдастырылған профессоры Алима Жұмабайқызы Бисенова өз сөзінде еліміздегі өзгермелі лингвистикалық және мәдени иерархияларға шолу жасады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының оқытушы-зерттеушісі, PhD, доцент Нұрлан Оралбайұлы Байғабылов шетелдегі қазақ диаспораларының әлеуметтік трансформациясы туралы баяндама жасады. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ксенофобия мәселелерін зерттеу орталығының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Дінмухаммед Әзімбайұлы Ғали этникалық экономика мәселелерін талқылап, негізгі трендтерге тоқталды. Швейцариядағы Цюрих университетінің докторанты, зерттеуші әрі ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің Жас ғалымдар клубының мүшесі Алия Болатхан Қазақстандағы этникалық топтардың тамақтану мәдениеті жөніндегі зерттеу нәтижелерін таныстырды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының м.а. доценті, PhD Эльмира Сәкенқызы Отар Қазақстандық әйелдердің этникалық қауымдастықтардағы рөлі мен орны мәселелерін ашып көрсетті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің Жас ғалымдар клубының мүшесі Жанар Абдуакановна Накипбаева Қазақстандағы төзімділік пен интермәдени орта жөніндегі далалық зерттеулер нәтижелерін ұсынды.
Сарапшылардың баяндамалары қызу пікірталас тудырып, тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Бұл сараптамалық кездесу Қазақстандағы мәдени әртүрлілікті дамыту, этносаралық қарым-қатынасты нығайту және мемлекеттік басқарудағы жаңа тәсілдерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.

Барлығы
21
Февраль
Адал азамат – үлгілі қызметкер

Бүгін Даму күні аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Академияның ұйымдастыруымен зиялы қауым өкілдерімен «АДАЛ АЗАМАТ – ҮЛГІЛІ ҚЫЗМЕТКЕР» тақырыбында кездесу өтті. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Қойшығара Салғараұлы, Төлен Әбдікұлы, Әлібек Асылбайұлымен кездесуге Академия магистранттары, докторанттары және қызметкерлері қатысты.

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік қызмет саласына ұзақ жылдар еңбек сіңірген ардагерлерге Мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалған «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісін табыстады. Дархан Медеғалиұлы өз сөзінде зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізу игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Бүгінгі қонақтарымыз – жазушылықпен қатар ұзақ жылдар ел тәуелсіздігін нығайтуға сүбелі үлес қосып келе жатқан қайраткер тұлғалар. Ой көзімен қарайтын болсақ, әдебиет тұтастай қоғамды ізгілікке тәрбиелеуде, ұрпақтың сана-сезімін өркенді өзгерістерге бастауда үлкен рөл атқарады. Мемлекеттік қызметшілер үшін кәсіби маман болу жеткіліксіз, сонымен қатар олардың сапалы тұлғалық қасиеттерге ие болуы маңызды. Мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысын қалыптастыруда көркем әдебиет маңызды рөл атқарады. Әдебиет адамды моральдық және этикалық құндылықтарға, ұлттық рух пен патриотизмге тәрбиелейді», – деді төраға.

Бүгінгі кездесуде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері жас мемлекеттік қызметшілерге ақыл-кеңесін айтып, қызметте істеген жылдарынан естеліктерін бөлісті.

Белгілі жазушы Төлен Әбдікұлы болашаққа сеніммен қарайтынын, мемлекеттік қызметшілердің елімізді дамытуға зор үлес қосатынына үміт артанынын айтты.

«Мемлекет – мемлекеттік қызметкердің арқасында өмір сүреді. Мемлекеттік қызметкер деген сөз – ұлтқа қызмет ететін адам деген сөз. Мемлекеттік қызметкер өте таза болуы, білікті болуы, қабілетті болуы – жалпы біздің ұлтымыздың болашағын анықтайтын нәрсе», – деді Төлен Әбдікұлы.

Даму күні аясында белгілі ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлымен кездесу өтті.
«Адал азамат – қоғам тірегі» тақырыбында өткен танымдық шарада айтыскер ақын тағылымы мол әңгіме айтып қана қоймай, бүгінгі қоғамның келбеті жайлы ойын бөлісті. Кездесу барысында ұрпақ тәрбиесі, еліне, халқына адал қызмет ететін нар тұлға азаматтардың болмысы қандай болу керектігін талдап көрсетті. Сонымен қатар мемлекеттің іргесі берік болуы үшін өзінің өмірлік тәжірибесінде атқарған бірқатар шараларына да тоқталды.

Кездесу барысында Академия магистранттары мен докторанттары ақынға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Ақынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Жазықбай Дархан Медеғалиұлы ұжым атынан жылы ықыласын білдіріп, ұжым атынан алғысын жеткізді.  Дәулеткерей Кәпұлы да өз кезегінде өзінің қаламынан туған жалынды өлеңдерін оқып беріп, бірнеше еңбегін Академия кітапханасына табыстады.

Академияда Даму күні аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай мемлекеттік қызметшілерге «МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИА МАЗМҰН. МИССИЯ. ЖАУАПКЕРШІЛІК» тақырыбында дәріс оқыды.

Ләззат Мұратқызы Академия магистранттары мен докторанттарына телерадиокорпорацияның өнімдерін таныстырып, рейтингтік көрсеткіштер, Digital көрсеткіштер, саяси жобалар, қоғамдық-әлеуметтік жобалар, телехикаялар өндірісі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ корпорация төрайымы 2025 жылға жоспарланған маңызды трансляциялар туралы айтты.

Академия білім алушылары белгілі журналиске медиа этика, коммуникация саласы, БАҚ-пен жұмыс туралы сұрақтарын қойып, телерадиокорпорацияның қызметіне қатысты ұсыныстарын айтты. Кездесу соңында Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы көп жылдан бері тиімді серіктестік және ақпараттық қолдауы үшін алғыс айтып, Ләззат Мұратқызына мерейтойлық медаль табыстады.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Balapan», «Qazsport», «Abai tv» телеарналарын, Qazaq radiosy, «Shalqar» радиосын, «Astana», «Classic» радиоларын және аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіретін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары арасында ерекше орын алады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Qazaqstan» телеарнасы қазақстандық телеарналар арасында 10,9% аудитория үлесімен екінші орынға тұрақтады. Ал тек қазақтілді аудитория арасында 15,4% үлеспен бірінші орында тұр.

Барлығы
18
Февраль
Ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы басталды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен сайланған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды.

Президент Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың талабына сәйкес әкімдерді тікелей сайлау жүйесі іске қосылып, барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы сайланғанын айта келе, олардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте істемегенін атап көрсетті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдердің біліктілігін арттыруды Үкімет пен Агенттікке тапсырды. Бағдарлама оффлайн және онлайн форматтарында 240 оқу сағатынан тұрады, олардың 100 сағаты «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы тарапынан ұсынылған. Курс 17 модульден тұрады, олар кәсіби және басқарушылық құзыреттерді арттыру үшін маңызды тақырыптарды қамтиды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы аясында Мемлекеттік басқару академиясы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін біліктілікті арттыру бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама жергілікті басқару міндеттерін тиімді орындау, ауыл халқының өмір сапасын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту үшін қажетті негізгі құзыреттерді дамытуға бағытталған», – деді Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Сонымен қатар бағдарлама коммуналдық меншік басқару, экологиялық мәселелер, кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту тақырыптарын қамтиды. Оқыту барысында мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологияларды меңгеру, оның ішінде электронды қызметтер мен басқарушылық шешімдер қабылдау құралдары ерекше орын алады. Курс соңында қатысушылар өздерінің ауылдық округтердің экономикалық дамуы бойынша бағдарламаларын ұсынады. Оқыту 17 ақпан мен 13 мамыр аралығында Мемлекеттік басқару академиясының филиалдарында өтеді.

Барлығы
14
Февраль
Халықаралық кітап сыйлау күні

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Академияда Алқа білім академиясының оқытушысы, этнопедагог Нұрболат Кәрібайдың қатысуымен «Адамдық борыш» атты дәріс өтті. Дәріс барысында Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» философиясына негізделген адам өмірінің мәні мен мағынасы туралы терең ойлар айтылды.

«Адам өмірге бір-ақ рет келеді. Тіршілікке келіп-кету – қайталанбас құбылыс. Сол себепті баянсыз қызықтан бас тартып, жас ұрпақтың рухани құндылықтарға бай тұлға болып өсуіне ықпал ету – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті Нұрболат Кәрібай.

Сондай-ақ танымал кітап насихаттаушы блогер Айнұр Бұлақбай оқырмандарды «Отбасы хрестоматиясы» баспасынан шыққан жаңа әдебиеттермен таныстырды. Оның кітап әлеміне деген сүйіспеншілігі қатысушыларға шабыт сыйлап, рухани байлықтың маңыздылығын айшықтады.

Бүгінгі мереке Академия оқырмандарына ұлттық ерекшеліктер мен құндылықтарды сақтаудың еліміздің өркендеуі жолындағы маңызды міндет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Даму күні аясында Академия HR саласындағы сарапшы, Executive Search және I-Talent рекрутингтік агенттіктерінің негізін қалаушы Зульфия Сембаеваны қонақжайлықпен қабылдады.

Кездесу барысында спикер Қазақстандағы және шетелдегі хантинг бойынша құнды тәжірибесімен бөлісті, ал негізгі талқыланған тақырып таланттарды сақтау бойынша тиімді стратегиялар болды. Қатысушылар тек практикалық кеңестер алып қана қоймай, оларды интерактивті жаттығуларда қолдануға мүмкіндік алды.

Қатысушылар қызметкерлердің ұйымдарда қалуына не түрткі болатынын, материалдық емес ынталандыру жүйесін қалай құруға болатынын және корпоративтік мәдениеттің шешуші рөлі туралы талқылады.

Даму күні аясында «Өзгерістер Кеңсесі» қатысушыларының таныстырылым кездесуі өтті. 19 топ өз жобаларын ұсынып, мақсаттарымен және күтілетін нәтижелермен бөлісіп, шабыттандыратын өзгерістер атмосферасын қалыптастырды. Барлық идеялар қолдауға ие болды және алдағы 100 күн ішінде жүзеге асырылатын болады. Топтарға жемісті нәтижелерге жетулеріне тілектеспіз!

Барлығы
07
Февраль
Салық-бюджет саясатын реформалау мәселелері

Бүгін Академияда Даму күні аясында халықаралық сертификатталған жобалық менеджер, IPMА стандарттары бойынша сертификатталған маман, «Қарызсыз қоғам» жобасының Астана қаласы бойынша менторы, қаржы сарапшысы және бизнес-тренер Бадеева Зульфия Мадиевна дәріс оқыды. Академия магистранттары, докторанттары мен қызметкерлеріне «Қаржылық интеллект. Ақшаны басқару өнері» тақырыбында маңызы зор дәріс өткізілді.

Зульфия Мадиевна қаржылық менеджмент пен инвестиция саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушыларға жеке қаржысын басқару және тиімді инвестициялау жөнінде практикалық кеңестер берді. Дәріс барысында қаржылық стратегиялар, дұрыс жоспарлау және қаржы мақсаттарын қоюдың маңыздылығы туралы айтылды.

Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің ұйымдастыруымен өткен кездесу білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және жастарды тиімді ақша басқару дағдыларымен таныстыруға бағытталған. Мұндай кездесулер қатысушылар үшін кәсіби дамуға үлкен мүмкіндік болары сөзсіз.

Даму күні аясында өткен «Экономист+» сараптамалық алаңында Мемлекеттік басқару академиясының сарапшылары, оқытушылары мен білім алушылары бюджет-салық саясаты (БСС) реформасын талқылады. Негізгі өзгерістердің қатарында – ҚҚС-ты 20%-ға дейін арттыру, ҚҚС бойынша есепке алу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету және арнайы салық режимдерін қысқарту бар.

Талқыланған негізгі мәселе: Бұл шаралар елдің экономикалық жағдайына және тұрақты даму мақсаттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Үкімет ұсынған шектеу шаралары, әдетте, экономиканың шамадан тыс қызу кезеңінде қолданылатын әдістер. Алайда, Қазақстан қазір экономикалық өсімнің баяулауымен бетпе-бет келуде. Ал реформаның басты мақсаты – бюджет кірісін ұлғайту. Егер мақсаттар мен құралдар арасында сәйкессіздік орын алса, мұның салдары ауыр болуы мүмкін.

Негізгі қауіптер:
– Инфляцияның жеделдеуі және бағаның өсуі.
– Салық базасының қысқаруы: шамамен 300 мың шағын және орта бизнес субъектілері зардап шегуі мүмкін.
– Кәсіпкерлердің банкротқа ұшырауы салдарынан жұмыссыздықтың өсуі.
– Көлеңкелі экономиканың ұлғаюы.

Жүйелі тәсілдің қажеттілігі
Реформа нақты экономикалық жағдайларды, қолданыстағы жүйенің тиімділігін және ықтимал қауіптерді ескеруді талап етеді. Мақсаттар мен құралдардың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету маңызды, әйтпесе бұл қымбат әлеуметтік-экономикалық қателікке әкелуі мүмкін.

Бюджет кірісін арттырудың балама жолдары
– Мемлекеттік шығындарды оңтайландыру және активтерді тиімді басқару.
– Көлеңкелі импортпен күрес.
– Капиталға амнистия жасау.
– Салалар бойынша салық жүктемесінің теңгерімділігін қамтамасыз ету.

Сарапшылар атап өткендей, реформа салық ауыртпалығын әділ бөлуді, оның әлеуметтік салдарын және мақсаттар мен құралдардың сәйкестігін ескеруі тиіс. Қазақстанға экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ойластырылған, теңгерімді салық саясаты қажет.

Барлығы
07
Февраль
Польша дипломаты Михал Лабенда Мемлекеттік басқару академиясында қазақ тілінде дәріс оқыды

7 ақпанда «Даму күні» аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен қызметкерлері Польша Республикасының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесті. Польша дипломаты «Польшаның Еуропалық Одақ құрамында 20 жылдығы» тақырыбында қазақ тілінде дәріс оқыды.

Михал Лабенда 2004 жылдың 1 мамырында Польша Еуропалық Одақтың толыққанды мүшесі болғанын, бұл оқиғаның ел үшін тарихи кезең болғанын атап өтті. Осы 20 жыл ішінде Польша халықаралық аренада өз позицияларын нығайтып, азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартып, маңызды инвестициялар тартты. Дипломаттың айтуынша, Еуропалық қорлар инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, бұл елдің және оның астанасы Варшава қаласының келбетінің түбегейлі өзгеруіне әкелді.

Лекцияның мазмұны мен оның қазақ тілінде өтуі тыңдаушыларда үлкен әсер қалдырды. Михал Лабенда қазақ тілін еркін меңгерген. Дипломат тілдің халықтың мәдениеті мен рухын түсінудің негізі екенін айтады.

Дипломаттың қазақ тілі мен мәдениетіне деген қызығушылығы кездейсоқ емес. 1999 жылы ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Шығыстану» мамандығы бойынша үздік бітіріп, дипломдық жұмысын «Араб тілінен қазақ тіліне бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің аударма үлгілері» тақырыбында қорғаған.

Қазақ және туған тілінен бөлек, дипломат азербайжан, ағылшын, араб, неміс, орыс, өзбек және француз тілдерін меңгерген.

Кездесу соңында Михал Лабенда тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға табыс тіледі. Академияның ректоры Ерлан Әбіл дипломатқа қызықты дәрісі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Барлығы
07
Февраль
Салық-бюджет саясатын реформалау мәселелері талқыланды

2025 жылғы 7 ақпанда «Экономист+» сараптамалық алаңында Мемлекеттік басқару академиясының сарапшылары, оқытушылары мен білім алушылары бюджет-салық саясаты (БСС) реформасын талқылады. Негізгі өзгерістердің қатарында – ҚҚС-ты 20%-ға дейін арттыру, ҚҚС бойынша есепке алу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету және арнайы салық режимдерін қысқарту бар.

Талқыланған негізгі мәселе: Бұл шаралар елдің экономикалық жағдайына және тұрақты даму мақсаттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Үкімет ұсынған шектеуші шаралар, әдетте, экономиканың шамадан тыс қызу кезеңінде қолданылатын әдістер. Алайда, Қазақстан қазір экономикалық өсімнің баяулауымен бетпе-бет келуде. Ал реформаның басты мақсаты – бюджет кірісін ұлғайту. Егер мақсаттар мен құралдар арасында сәйкессіздік орын алса, бұл ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Негізгі қауіптер:

– Инфляцияның жеделдеуі және бағаның өсуі.

– Салық базасының қысқаруы: шамамен 300 мың шағын және орта бизнес субъектілері зардап шегуі мүмкін.

– Кәсіпкерлердің банкротқа ұшырауы салдарынан жұмыссыздықтың өсуі.

– Көлеңкелі экономиканың ұлғаюы.

Реформа нақты экономикалық жағдайларды, қолданыстағы жүйенің тиімділігін және ықтимал қауіптерді ескеруді талап етеді. Мақсаттар мен құралдардың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету маңызды, әйтпесе бұл қымбат әлеуметтік-экономикалық қателікке әкелуі мүмкін.

Бюджет кірісін арттырудың жолдары:

– Мемлекеттік шығындарды оңтайландыру және активтерді тиімді басқару.

– Көлеңкелі импортпен күрес.

– Капиталға амнистия жасау.

– Салалар бойынша салық жүктемесінің теңгерімділігін қамтамасыз ету.

Сарапшылар атап өткендей, реформа салық ауыртпалығын әділ бөлуді, оның әлеуметтік салдарын және мақсаттар мен құралдардың сәйкестігін ескеруі тиіс. Қазақстанға экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ойластырылған, теңгерімді салық саясаты қажет.

Барлығы
28
Январь
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Академияда академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор, филология ғылымдарының докторы Эльмира Нұрланқызы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі өкілдері, Мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесші Али Акбар Талеби Матин арасында кездесу өтті. Кездесу барысында екі жақты келіссөздер, өзекті мәселелерімен  одан әрі дамудың перспективалары талқыланды. Тараптар ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.

«Бізді ғылыми дәрістер мен сарапшылардың баяндамалары қатты қызықтырды. Мұндай іс-шаралар екі елдің ғылыми жетістіктері мен мәдени ерекшеліктері туралы білімді тереңдетуге мүмкіндік береді» — деді  Али Акбар Талеби Матин.

Екі ел арасында тұрақты байланысты жалғастыру, дәрістер мен семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан мен Иранның ғылыми қауымдастықтары арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға бағытталған бірлескен ғылыми іс-шараларды өткізу туралы келісімге келді.

Барлығы
27
Январь
Италияда Эрасмус+ жобасының алғашқы кездесуі өтті

2024 жылдың 21-23 қаңтарында Академияның вице-ректоры Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Италияның Генуя қаласында «Орта Азия елдеріндегі білім беру және жұмыспен қамту секторларындағы қоршаған орта мәселелерін, әлеуметтік қажеттілік және тиімді басқару принциптерін біріктіру» (Bridging Environmental Concerns, Societal Needs, and Good Governance in Central Asian Education and Employment Sectors) атты Эрасмус+ жобасының алғашқы кездесуіне қатысты.
Кездесуге Еуропа мен Орталық Азияның 15 жоғары оқу орнынан келген өкілдер қатысты. Жиын барысында консорциум мүшелері өздерінің негізгі қызметімен таныстырып, презентациялар жасады.
Кездесудің күн тәртібінде жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері, жоспарлары және күтілетін нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар үшін арнайы тренингтер ұйымдастырылып, басқару, бюджет және есеп беру мәселелері бойынша жауапкершілік аймақтары белгіленді.
Аталған жоба Орталық Азияның жоғары оқу орындарында экологиялық және әлеуметтік мәселелерді тиімді басқару саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. ESG (Environment – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, Social – әлеуметтік жауапкершілік, Governance – тиімді басқару) принциптерін негізге ала отырып, келесі жұмыстар жоспарланып отыр: ESG принциптері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; зерттеу және инновациялық орталықтар ашу; тағылымдама бағдарламаларын ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау бойынша оқу бағдарламаларын күшейту; университеттер, бизнес, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Бұл бастама аймақтағы университеттердің экология, әлеуметтік жауапкершілік және тиімді басқару салаларында зерттеулер мен бағдарламалар әзірлеу әлеуетін арттырып, оларды еңбек нарығының сұраныстарына бейімдеуге мүмкіндік береді

Барлығы

Your browser does not support SVGs