Академия
жаңалықтары

18
Октябрь
Армения Президенті Академияда дәріс оқыды

2024 жылдың 16 қазан күні Армения Республикасының Президенті Ваагн Гарникович Хачатурян Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Армяндық «Бейбітшілік тірегі»: Оңтүстік Кавказдың ұлттық артықшылығы және тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында дәріс оқыды.

Академияда Армения Президентіне прокторинг элементтері бар Admission (қабылдау комиссиясы) ақпараттық жүйесі және iCademium (LMS) жүйесі көрсетілді.

Ваагн Гарникович Хачатурян біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының коммуникативтік дағдыларын арттыру мақсатында пайдаланылатын медиа-студияның мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ Президентке үздіксіз білім беру платформасы және қашықтан оқыту курстарын жазуға арналған JALINGA бейнестудиясы көрсетілді.

Ваагн Гарникович Хачатурян өз сөзінде Қазақстан мен Армения арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толғанын атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы достық қарым-қатынас ұзақ жылға жалғасатынына сенім білдірді.

«Академия білім алушылары ақпаратты бірінші басшыдан алғаны маңызды. Бүгін тыңдаушыларға Арменияның геосаяси дамуы бойынша мағлұмат берілді. Президент Хачатурян өз сөзінде ел дамуының маңызды аспектілері: сауда қатынасының дамуы, логистика және халықаралық байланыстың дамуы мәселелеріне тоқталды», – деді Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Академияның Дипломатия институтының магистранты кездесуден алған әсерімен бөлісті.

«Армения Президентімен кездесу Дипломатия институтының магистранттары үшін өте қызықты боды. Армения экономикасының, көлік-логистика саласының, ауыл шаруашылығының дамуы туралы біраз ақпарат алдық, макроэнокимикалық көрсеткіштерімен таныстық. Бұл ерекше сипатқа ие кездесу болды. Президенттің Академияға келіп, бізге дәріс оқуы – өзі атқандай ең бастысы, білімге назар аударатынын білдіреді», – деді Темірлан Сайлауұлы.

Президенттің дәрісіне Арменияның ресми делегациясы, оның ішінде Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі, Армения Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, «Армения-Қазақстан» парламентаралық достық тобының жетекшісі, Президент аппараты және БАҚ өкілдері, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ Академия қызметкерлері қатысты.

Барлығы
14
Октябрь
«Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасы басталды

2024 жылдың 14 қазанында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасының кезекті курсы басталды.

Бағдарлама Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен бірлесе іске асырылуда. Оқытудың мақсаты – саяси мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін шыңдау және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру. 

Оқу бағларламасының ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбай, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы, Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл және Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Вэнг Тат Хуэй қатысты.

Дархан Жазықбай жаңа формация басшысы үшін әділдік, ашықтық қағидаттарын ұстанудың, мемлекетшіл болудың және халыққа адал қызмет етудің маңыздылығы туралы айтты.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесінің әлі де өзекті екенін, үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескеру қажеттігін айтты. Бұл мемлекеттік қызметшілердің білімін ұштап, құзыреттерін үнемі жетілдірудің және басқарудың жоғары мәдениетін игерудің қашанда маңызды екенін көрсетеді», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Бағдарлама аясында коммуникация, экономикалық және стратегиялық жоспарлау, адам ресурстарын басқару, көшбасшылық, инфрақұрылымды басқару сынды бес модуль бойынша оқыту жоспарланған. Оқыту аясында қатысушылар негізгі бағыттар бойынша Өңірлерді дамыту жоспарларын әзірлейді және бағдарламаның соңғы аптасында өз шешімдерін ұсынады.

Барлығы
12
Октябрь
Сыртқы істер министрлігінде көшпелі дәріс өтті

2024 жылдың 12 қазанында ҚР Сыртқы істер министрлігінде Дипломатия институтының 1 курс магистранттарына  көшпелі дәріс өтті. Дәріс «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметі» пәні бойынша «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметінің құрылымы мен функциялары», сондай-ақ «Құжаттамалық қамтамасыз ету және дипломатиялық хат алмасу, қазіргі халықаралық қатынастардағы ақпараттық өзгерістерге ден қою» тақырыптары бойынша жүргізілді.

Тыңдаушыларға дәрісті ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Рымканұлы Акатаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Коммуникация департаментінің орынбасары Ерлан Құнанбайұлы Жетібаев өткізді.   

Сабақ аясында Назир Тюрякулов туралы деректі фильм көрсетіліп, Дипломатия мұражайына экскурсия жүргізілді. Көшпелі дәрісті Дипломатия институты профессорының м. а. Жалғас Жұмаұлы Әділбаев ұйымдастырды.

Барлығы
11
Октябрь
«Жасанды интеллекті стратегиялық басқару туралы» тақырыбында дәріс өтті

2024 жылдың 11 қазанында Академияда Академияның білім беру саясаты орталығы ұйымдастырған «ЖИ стратегиялық басқару туралы» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шараға магистранттар, докторанттар, профессор-оқытушылар құрамы және Академия қызметкерлері қатысты. 

Өзінің құттықтау сөзінде Білім беру саясаты орталығының басшысы Г. А. Жүнісбекова Академия білім беру процесі шеңберінде және Академия білім алушыларының зерттеу жобаларында жасанды интеллектті пайдалануды зерттеуге және енгізуге ерекше назар аударатынын атап өтті. 

Осыған байланысты Data Science Яндекс бағытының сарапшысы Арзамасцев Евгений Анатольевич өмірдің әртүрлі салаларында жасанды интеллектті қолдануға қатысты соңғы деректердің тұсаукесерімен және мемлекеттік басқаруда жасанды интеллекттің стратегиялық қолданылуымен бөлісті. 

Қонақтар дәрісіне қатысушылар жасанды интеллекттің қолданыстағы технологияларымен, мемлекеттік секторға ЖИ енгізудің жаһандық мысалдарымен, мемлекеттік сектордағы ЖИ маңыздылығымен, ЖИ қолдану кезінде ЖИ мен Әдеп кодексінің негізгі аспектілерімен танысты. 

Дәріс қатысушыларға мемлекеттік секторда ЖИ қолданудың жаңа тәсілдері туралы білуге, қызықтыратын сұрақтар қоюға, сондай-ақ зерттеу саласы үшін ЖИ дамыту мүмкіндіктері туралы білуге мүмкіндік берді.

Барлығы
10
Октябрь
Академия и Институт международных отношений МИД Туркменистана подписали меморандум о взаимопонимании

В рамках официального визита Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в Ашхабад 10 октября 2024 года был подписан меморандум о взаимопонимании между Академией государственного управления при Президенте Республики Казахстан и Институтом международных отношений Министерства иностранных дел Туркменистана.

Меморандум подписали ректор Академии Ерлан Абил и ректор Института международных отношений Гульшат Юсупова. Соглашение направлено на развитие сотрудничества в подготовке специалистов в сфере международных отношений, повышение квалификации государственных служащих и обмен опытом.

Основные направления сотрудничества включают реализацию совместных программ повышения квалификации, организацию семинаров с участием международных экспертов, проведение совместных исследований в области международных отношений, академический обмен обучающимися и преподавателями, а также проведение конференций и круглых столов.

Данное соглашение способствует укреплению образовательных и научных связей между Казахстаном и Туркменистаном в области подготовки и повышения квалификации дипломатических служащих.

Барлығы
04
Октябрь
Ауылдық аумақтарды басқару

Академияда «Даму күні» аясында «АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ» дискуссиялық алаңы өз жұмысын бастады. Аталған алаң Академия мен «Ауыл»  партиясының бірлескен жобасы болып табылады. 

Дискуссиялық алаңда білікті сарапшылардың қатысуымен ауылдық аумақтардың түрлі өзекті мәселелері  талқыланып, мемлекеттік басқару тұрғысынан шешу жолдары қарастырылатын болады. 

Талқылаудың алғашқы отырысына «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партия фракциясының төрағасы Серік Егізбаев, төрағаның орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Қайрат Айтуғанов,  Мәжіліс депутаты, партияның фракция мүшесі Анас Баққожаев және партияның орталық аппаратының басшылық құрамы өкілдері қатысты.

Отырыста Қайрат Айтуғанов «Ауылдық аумақтарда кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында баяндама жасап, нақты кейстерді талқылады. Қайрат Қаппарұлы терең білімі, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, «Оңтүстік» ӘКК-де жоғары басшылық лауазымдардағы мол тәжірибесі негізінде тақырыпты кеңінен аша білді.

Білім алушылар көптеген сұрақтар қойып, отырыс қызу пікір алмасуға ұласты.

Дискуссия барысында Анас Баққожаев да сөз алып, Мәжіліс қарауындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша заң жобалары туралы сұрақтарға жауап берді.

Аталған дискуссиялық алаң тұрақты түрде жұмыс жасайтын болады. Алаңда қарастырылатын тақырыптар жергілікті атқарушы орган өкілдері болып табылатын білім алушылармен бірге орталық атқарушы орган өкілдері үшін де пайдалы болатындығы сөзсіз. 

Академия президенттік құрылым ретінде партиялық ұстаным тұрғысынан бейтарап позиция ұстанады. Дегенмен, білім алушылардың сарапшылық әлеуеті мен кәсіби  құзыреттіліктерін жан-жақты дамыту бағытында барлық ірі саяси партиялармен әріптестік жасау мақсатқа лайық болмақ.

 «Даму күні» аясында «Қыран» зияткерлік дебат клубы «Жасанды интеллект ұзақ мерзімді перспективада адамзат үшін қауіпті ме?» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Қатысушылар өз ойларымен дәйектемелерін нақты аргументтер арқылы жеткізіп, жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. 

 

Пікірсайыстың қорытындысы бойынша, Үкімет фраксиясының мүшелері «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты- Иманпеисов Жанболат Жолдыбайұлы және Бекишбаев Ербол Дуйсенбекович оппозициядан бысымдау түсіп, жеңіске жетті. Ойыншыларды шын жүректен құттықтаймыз!

«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны өтті.  Шараға Академия қызметкерлері мен білім алушылары қатысты. Интеллектуалды ойынды  Академия  докторанты Ерболат Мұхтарұлы  жүргізіп, командаларды басқарып, екі жақты тең ұстайтай магистранттарға түрлі сұрақтар қойды. 

Қатысушылар да күрделі, интеллектуалды сұрақтарды  сараптап, тез арада ой елегінен өткізіп, жауаптарын берді. Ойын – классикалық  үлгі бойынша «үздік блиц», «қара жәшік», «теледидар сұрақтарының секторы» секілді кезеңдерді қамтыды.

Барлығы
02
Октябрь
ELGE QYZMET RUN спорттық жүгіруі өтті

Бүгін елордада алғаш рет Академияның 30 жылдығына орай Elge Qyzmet Run спорттық жүгіруі өтті. Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Президенттік Академия түлектерінің альянсы алғаш рет ұйымдастырды.

Аталған іс-шара Триатлон паркінде өтті. Жүгіруге салауатты өмір салтын ұстанатын 400 адам қатысты. Олардың басым көпшілігі – мемлекеттік қызметшілер. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, қызметшілері және елорда тұрғындары жүгіру мәдениетін қалыптастыру идеясын қолдап, қайырымдылық шарасына белсенді түрде атсалысты. Жүгіру шарасына еліміздің өңірлерінен де келген және өз өңірінде қатысқан Академия түлектері болды.

Академия магистранты, мемлекеттік қызметші Арсен Губашев шараға қатысуға біраз уақыт дайындалған.

«Бүгінгі ELGE QYZMET RUN спорттық жүгіру жарысына Академия магистранттары түгел қолдап қатысты. Жүгіруге өтетіні туралы білген күннен бастап дайындалдым. Бұл шара бірінші кезекте салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Батыс Қазақстан облысы, Орал шаһарында көп жылдан бері жүгірумен айналысып, спортты насихаттап жүрмін», – деді ол.

Elge Qyzmet Run алдағы уақытта елордамызда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спорттық шараға айналады деген үміттеміз. Жүлделі орын алған қатысушыларға марапатты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай табыстады. Спорттық жүгіруден жиналған қаржы толықтай қайырымдылыққа жұмсалады.

«Бүгін біз салауатты өмір салтын және жүгіруді насихаттап қана қоймай, тарихи сәттің куәсі болып тұрмыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Президенттік Академия түлектерінің альянсы мұндай ауқымды спорттық жүгіру шарасын алғаш рет ұйымдастырды. Бұл шара алдағы уақытта елордамызда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спорттық шараға айналады деген үміттемін. Серіктестерімізге, мемлекеттік қызметшілерге және қала тұрғындарына алғыс білдіремін», – деді  Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы. 

ELGE QYZMET RUN қатысушылары 10 км, 5 км және 2,5 км арақашықтық бойынша жүгірді. Барлық қатысушыға медаль берілді. Абсолютті жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом мен сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі санатта жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар да жүлделі орындар иеленіп, сыйлықтармен марапатталды. Барлығы 90 қатысушы түрлі сыйлықтарға ие болды.

Барлығы
01
Октябрь
Еңбек күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын нығайтуға септігін тигізбек. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл күні елімізді дамыту жолында ерен еңбек еткен, оны жаңа жетістіктерге жетелеген мамандарға құрмет көрсетіледі. 

Академия еңбек адамдарының адал қызметін әрдайым бағалайды. Инфрақұрылымдық қызмет көрсету және «Жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үй» қызметтері қызметкерлерінің және Академия филиалдарының 43 қызметкері ректор Ерлан Әбілдің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. 

Президентіміз айтқандай, кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашан да лайықты бағасын алады. Табанды еңбегімен табысқа жетіп жүрген Академия қызметкерлерінің марапаты құтты болсын!

Барлығы
25
Сентябрь
АӨСШК Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етудің тиімді көпжақты тетігі ретінде

Елорда да Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әскери-саяси өлшемін дамыту бойынша «АӨСШК — Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етудің тиімді көпжақты тетігі ретінде» атты семинар өтті. Семинар ұйымдастырушылары – ҚР Қорғаныс министрлігі мен АӨСШК Хатшылығы. Семинардың ашылуында  ҚР Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының басшысы, полковник Қанат Әубәкіров және АӨСШК хатшылығының өкілі -Төтенше және Өкілетті Елші Қуанышев Дулат сөз сөйледі. 

Семинар аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Манарбек Шакирович Кабазиев «АӨСШК кеңістігіндегі қауіпсіздік жолындағы сын-қатерлер» тақырыбында баяндама жасады. 

Баяндама барысында М.Ш. Кабазиев семинар тақырыбы жаһандық деңгейде сенімсіздік, геосаяси турбуленттілік пен геостратегиялық шиеленістің өсуі жағдайында ықтимал сын-қатерлерге қарсы әрекет бойынша жалпы ұстанымды әзірлеу тұрғысынан өзектілікке ие екенін атап өтті.

Азия үшін, жалпы жаһандық әлем үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету өзекті мәселе. Жаңа сипаттағы қауіп-қатерлермен ұлттық деңгейде күресу жеткіліксіз. Осы ретте, көпжақты құралдар шеңберінде әрекет етудің, ынтымақтастықтың және өзара аймақтық жүйе құру қажет. оның айқын үлгісі Азиядағы өзара әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) болып табылады. 

Кабазиев Манарбек Азия құрлығының қауіпсіздігі жаһандық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Осыған байланысты АӨСШК елдерінің жаңа сын-қатерлерді алдын алу, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар және әріптес елдермен өзара іс-қимыл жасау ісінде тығыз ынтымақтастық қажеттілігі туындайды.

Бұл тұрғыда ұлттық мүдделерді қорғау саласындағы мемлекеттердің саясаты мен стратегиясын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейде шешім талап ететін жаһандық сын-қатерлерді шешу мақсатында басқа елдермен және өңірлермен ынтымақтастық құру өте өзекті.

Семинарда Әзербайжан, Бангладеш, Вьетнам, ҚХР, Иран, Катар, АӨСШК хатшылығының сарапшылары қатысты.

Барлығы
20
Сентябрь
Қазақстан Республикасында дипломаттарды даярлау жүйесін құру тарихы

Бүгін Академияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Даму күні»  аясында ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және Өкілетті Елшісі, филология ғылымдарының докторы  Мырзатай Жолдасбекұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында мемлекет және қоғам қайраткері Қазақстан Республикасында ең алғаш  дипломаттарды даярлау жүйесін құру тарихы туралы айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті. 

«Ең алғашқы жылдары дипломатия Академиясын құру оңайға соққан жоқ. Себебі білікті кадрмен қоса білім алушылар да тапшы болды. Материалдық база мен  оқытатын жерді белгілеудің өзі қиынға түсті. Шетелдің тәжірбиесімен алмасып, ешбір оқу орнынан кем болмайтындай жабдықтап, елімізде дипламатия Академиясын құрдық»,-  деді филология ғылымдарының докторы. Дәріс соңында білім алушылар мен қызметкерлер  Мырзатай Жолдасбекұлына  алғыс білдіріп,  батасын алды.

«Даму күні» аясында Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін «Smart Academy құралдарын пайдалану мүмкіндігімен оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. 

Әдістемелік семинар барысында Академияның коворкинг-орталық аймақтары таныстырылды. Бизнес алаң, конференц зал, freelance аймағы мен ондағы «Samsung Flip» смарт флипчарты, Optoma проекторлары және Zorgtech интерактивті бөлімі, ақылды трансформер-үстелдер көрсетілді.

Сондай-ақ проектор-маркер дисплейлі Бизнес алаң қабырғасының мүмкіндіктері мен Barco Clickshare сымсыз презентация жүйесі жайлы айтылды.  

Коворкингте орнатылған техникалық жабдықтар Академияның білім беру қызметінің сапасын арттыруға, келіссөздер мен кеңестерді демонстрациялап оқытуға, түрлі ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік береді. Орталық аймақта іскерлік кездесулер, интеллектуалды ойындар, бизнесті басқару бойынша сабақтар, қашықтықтан оқытылатын сабақтар өткізіледі.

Freelance аймағында желіге сымсыз қосылған жабдықталған білім алушыларға арналған кеңістік, мұнда магистранттар мен докторанттар сабаққа дайындалып, әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындайды.

Айта кетейік, әдістемелік семинарды Академияның Білім беру саясаты орталығы мен цифрлық технологиялар орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

 «Даму күні»  аясында ҚР Сыртқы  істер министрлігі  Коммуникациялар департаментінің директоры – министрліктің ресми өкілі Смадияров  Айбекпен кездесу өтті.

Кездесуде Айбек Серікбайұлы мемлекеттік органдардың баспасөз қызметіне тоқталып, Мемлекеттік сектордағы PR — дың негізгі мақсаттарын атап өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің БАҚ-пен тиімді коммуникация орнатуы жайлы ақпарат айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті.

Ол өз сөзінде кризистік  коммуникацияда жылдам әрекет ету мен ашықтықтың, тез және дәл жауап берудің маңыздылығын түсіндірді.

Барлығы
19
Сентябрь
Академия магистранттарына арналған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің дәрісі

Профессор Әлихан Байменовтің бастамасымен «Мемлекеттік саясат» курсы аясында Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мәселелері бойынша көшпелі дәріс ұйымдастырылды. Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранттарына дәрісті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жақыпова Светлана Қабыкенқызы өткізді.

Дәріс Еңбек ресурстары орталығында өтті. Білім алушылар халықты қолдауға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ведомствоның заманауи ақпараттық жүйелерімен танысты. 

Министрдің айтуынша, басты жобалардың бірі — Отбасының цифрлық картасы. Бұл жүйе азаматтарға төленген жәрдемақылар мен төлемдер туралы автоматты түрде хабарлайды. 

Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді біріктіріп, жасанды интеллектті қолдану арқылы тезірек және нақты жұмыс табуға көмектеседі.

Онлайн оқыту платформасы (skills.enbek.kz) сертификат алу мүмкіндігі бар 603 курсты ұсынады. Оның 271-і тегін. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы (business.enbek.kz) гранттарға өтініш беруге және қаражаттың пайдаланылуын бақылауға көмектеседі. Мansap.enbek.kz  платформсы еңбек нарығының тенденцияларын зерттеуге және қолайлы мамандықтарды таңдауға көмектеседі. HR порталы (hr.enbek.kz) еңбек шарттарын жасасуды және штат кестесін басқаруды жеңілдетеді.

Светлана Жақыпова көші-қон процестерін бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Бірыңғай платформа (migration.enbek.kz) ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын талдайды. Сондай-ақ еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануға көмектеседі.

«Барлық цифрлық технологиялар үздік болып табылады. Біз Орталық Азия елдерінде де инновациялық шешімдерді масштабтауды жоспарлап отырмыз. Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбоның елімізге сапары барысында осы цифрлық шешімдерден оң әсер алғанын атап өтті. Алдағы жоспарымыз – ХЕҰ-ның Қазақстандағы жобалық офисін ашу», – деп атап өтті ведомство басшысы.           

Дәріс соңында министр магистранттардың сұрақтарына жауап беріп, цифрландыру мемлекеттік органдардың жұмысын жеделдетіп қана қоймай, оларды халыққа жақындататынын атап өтті. Айта кетейік, көшпелі дәрістің тақырыбы МСҰМ академиялық бағдарламасына сәйкес таңдалды. Академияда «Мемлекеттік саясат» курсын профессор Әлихан Байменов жүргізеді.

Барлығы
13
Сентябрь
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

Бүгін Академия қабырғасында сарапшылар Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын талқылады. Жиынға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдері, Академия білім алушылары және қызметкерлері қатысты. 

Талқылауда бірінші болып сөз алған Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы тыңдаушыларға Жолдауда айтылған «Адал азамат, Адал еңбек, Адал табыс» тұжырымдамасының Әділетті қоғам құрудағы мәні мен мазмұнын терең түсіндіре келе, мемлекеттік қызметшілер абырой үшін елге адал қызмет ету керек деп ойын түйіндеді. 

Екінші спикер мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай мемлекеттік қызметшілерге жолдаудағы Президенттің «кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады және бұл идеяны қоғам санасына сіңіру қажет» деген сөзін барынша кең ауқымда нақты мысалдармен жан-жақты түсіндіріп өтті. 

Сондай-ақ спикерлер Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев және Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев Мемлекет басшысы Жолдауда айтқан басқа да басымдықтардың Әділетті қоғам құру жолында қаншалықты өзекті екендігіне тоқталып, тыңдаушыларды сыбайлас-жемқорлыққа елдік деңгейде жол бермеуге шақырды.

 

 

Барлығы
13
Сентябрь
Өзін-өзі реттеудің мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы рөлі

Бүгін Академияда Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлікті қолдау орталығымен  «Өзін-өзі реттеудің мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты — өзін-өзі реттеу институтын мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі элементі ретінде дамыту. Бұл бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекеттестікті жақсартуға, басқару тиімділігін арттыруға және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелге уәкілетті органдардың өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры Жамбулов Ерік Баскенұлы, Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлікті қолдау орталығының бас директоры Жақұпов Асланбек Қуандықұлы, «Атамекен» ҰКП және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар болашаққа жоспар құрып, өзін-өзі реттеу институтын одан әрі дамытуға бағытталған кешенді жоспарды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Бұл жоспар мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және өзін-өзі реттейтін ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

 

Барлығы
13
Сентябрь
Жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық

Академияның Кәсіби даму институты директорының орынбасары Айгерім Казакпаева Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында «Жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық: мемлекеттік секторға арналған құзыреттер» тақырыбында өткен көшбасшыларға арналған жыл сайынғы конференцияға қатысты.

Конференцияда жасанды интеллект технологияларымен қалыптасып келе жатқан жағдайларда тиімді көшбасшылық үшін қажетті негізгі құзыреттер қарастырылды. Сондай-ақ цифрлық сауаттылық пен «digital citizenship» (цифрлық азаматтық) тұжырымдамасы, жасанды интеллектіні қолданудағы этика мен жауапкершілік мәселелері талқыланды.

10-нан астам елден жиналған қатысушылар HR/HRD саласында жасанды интеллектіні енгізу стратегияларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісіп, қажетті құралдар мен технологияларды талқылады. Сонымен қатар конференцияда жасанды интеллектіні мемлекеттік процестерге интеграциялау жолында кездесетін проблемалар қаралды.

Айгерім Казакпаева HR/HRD саласында жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылауда белсенділік танытты. Конференция осы салада тәжірибе алмасу мен бірлескен шешімдер табудың маңызды алаңына айналды.

Барлығы
09
Сентябрь
Бағдарлау апталығы өтті

Академияда магистранттар мен докторанттар үшін  Бағдарлау апталығы өтті. Шара білім алушыларды Академиямен, оның құрылымдық бөлімшелерімен және оқытушылар құрамымен таныстыруға, сондай-ақ оқу процесіне бейімдеуге бағытталған.

Апталықтың  ашылуында Академия ректоры Әбіл Ерлан сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

Бағдарлау апталығы аясында оқу процесін ұйымдастыру және «LMS ACADEMY» платформасы, Академияның ғылыми қызметі, корпоративтік мәдениеті, білім алушылардың құзыреттерін бағалау әдістері, ақпараттық саясаты бойынша жауапты вице — ректорлар мен құрылымдық бөлім басшылары ақпаратпен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар білім алушылар жеке даму жоспарларын талқылау үшін бағдарлама координаторлармен кездесті.

Білім алушыларға тиімді коммуникациялар мен  эмоционалдық интеллект тақырыптарында тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар ағылшын тілі деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтті.

Барлығы

Your browser does not support SVGs