Академия
жаңалықтары

01
Февраль
«Prince2 Foundation әдісі бойынша жобаларды басқару» апталық курсы аяқталды

27-31 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Британдық әдіс бойынша PRINCE2 Foundation жобалық менеджмент саласында сертификациялау курсы өтті.

Барлығы
27
Январь
Куәліктер электронды түрде

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың ережесіне өзгерістер енгізілді! Енді білім алушылардың біліктілікті арттырудан өткендігі туралы растайтын куәлікті электронды түрде алу мүмкіндігі бар.

Барлығы
16
Январь
ГАЙДАР ФОРУМЫ — 2020

Жыл басында Мәскеу қаласында, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (РХШжМҚА) әртүрлі елдерден келген белгілі ғалымдар, билік органдарының өкілдері, қоғам және саяси қайраткерлер, бизнесмендердің жиналуы дәстүрге айналған.

Барлығы
11
Декабрь
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                    

                                                                                                       ПРЕСС-РЕЛИЗ

                                                      «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
                                                                          БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫ»

         2019 жылдың 6 желтоқсанында Академияның 25 жылдығына арналған «Дәстүрді сақтап, болашаққа ұмтылыс!» атты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түлектер форумы өтті.
        Форумның мақсаты — басқарушылық кадрларды кәсібилендірудің біртұтас жүйесінің әлеуетін көрсету және инновациялық мемлекеттік басқаруға көшуге жәрдемдесу. Форумның миссиясы — Қазақстанның экономикасы мен қоғамды жаңғыртуға қабілетті жас басқарушылар толқынының пайда болуына ықпал ету. Форумның міндеттері: әлеуметтік-жауапты мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастыру және азаматтардың сұрауларына жедел әрі тиімді жауап қататын «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету.
2019 жыл орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білім беру жүйесінің құрылған сәтінен бастап 25 жыл толуымен ерекшеленуде.
Академия ТАРИХЫНАН, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби дамуының қазіргі заманғы жүйесі дамудың мынадай үш тарихи кезеңінен өткенін атап өткен жөн:
1) жоғары әкімшілік кадрларды даярлау және мемлекеттік аппаратқа жоғары білімді азаматтарды тарту үшін ҚР Президентінің 1994 жылғы 29 тамыздағы Қаулысымен Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (бұдан әрі – ҰЖМБМ) құрылды;
2) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тиімділігін арттыру мақсатында ҚР Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегі Жарлығымен ҰЖМБМ мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтының бірігуі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды;
3) мемлекеттік органдардың кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін бірыңғай оқу, ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік база құру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, ҚР Жоғарғы Cотының жанындағы Сот академиясын біріктіру және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дипломатиялық академиясының функцияларын қайта құрылған мемлекеттік мекемеге беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі ¬ — Академия) құрылды.
Осылайша, 2019 жыл қазіргі уақытта ҰЖМБМ-ның құқықтық мұрагері ретінде орталығы Академия болып табылатын мемлекеттік қызметшілерге кәсіби білім беру жүйесінің құрылған сәтінен бастап 25 жыл толуымен есте қалмақ.

Мерейтой жылының қорытынды іс-шарасы болып табылатын Түлектер форумына Қазақстанның түкпір-түкпірінен және одан тысқары жерлерден шақырылған 100-ден астам қонақ қатысады, олар Академияның түлектері, бұрынғы ректорлары мен институт директорлары, оқытушылары мен серіктестері.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев
(1998 жылғы ҰЖМБМ түлегі), Президент Әкімшілігі Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтаир Ахметов (2019 жылғы сәуірден бастап тамыз айына дейінгі Академия ректоры), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев (1996 жылғы ҰЖМБМ түлегі), Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ, Ханнс Зайдель қорының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Макс Майер, ҰЖМБМ директоры Нұрлан Жұмағұлұлы Даненов (1994 жылғы), Мемлекеттік қызмет академиясының 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі ректоры Аманқұл Серікбайұлы Серікбаев, Академияның 2008 жылдан 2009 жылға дейінгі ректоры Бақыт Есекина, Академияның 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі ректоры Арын Өрсариев, Академияның 2012 жылдан 2016 жылға дейінгі ректоры Болатбек Абдрасилов қатысты.
«25 жыл ішінде Академия Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, БАӘ, Тәжікстан, Түркия, Украина елдерінен 70 шетел азаматын қоса алғанда, 2,6 мың түлекті дайындап шығарды. Жыл сайын 24 мыңнан мыңнан астам мемлекеттік қызметші Академияда және оның филиалдарында біліктілігін арттыру семинарларында және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында оқытудан өтеді» — деді Академия ректоры Ерлан Әбіл өзінің құттықтау сөзінде.
Форумның қонақтары мемлекеттік басқаруды дамытудың және мемлекеттік қызметшілерді оқытудың өзекті трендтеріне негізделген Академияның бүгінгі дамуын ерекше атап өтуде.
Қазіргі уақытта магистратура мен докторантураның үш тілде білім беру бағдарламаларының редизайны жүргізілді және жобалық басқару тәсілдерін, ситуациялық тапсырмаларды шешу және т.б. тәсілдерді қолдану арқылы тәжірибеге бағытталған проактивті оқытуға көшу жүзеге асырылды. Бүгінде барлық қызмет салалары үшін ең өзекті тегеурінді талаптардың бірі цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту болып табылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі таңда Академияда мемлекеттік қызметшілердің
ІТ-құзыреттілігін дамыту үшін жақсы цифрлық платформа құрылған. Қазіргі уақытта
IT-технологияларды кешенді пайдалану, жаңа технологиялық және басқару шешімдерін енгізу, цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, онлайн-оқыту технологияларын пайдалану жүзеге асырылуда. Айта кетейік, Академия 2020 жылдың қаңтарында цифрлық coworking-орталығын ашуға дайындалуда.
Ректордың айтуынша, Академия жобалық менеджментті енгізу бойынша сараптамалық қолдауды қолдауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін талқылау және шешу үшін платформа ретінде әрекет етуін жалғастыруда. Сондай-ақ Академия базасында #KyzmetTalks, Идеялар фабрикасы, Өзгерістер кеңсесі сияқты сараптамалық алаңдар жұмыс істейді.
Академия үшін білім беру қызметінен бөлек Академияның әлеуметтік бағыттылығы маңызды бағыт болып қала бермек. Академияның 25 жылдығы аясында жыл басынан бері біз Асыл ана (көп балалы аналарды әлеуметтендіру жобасы), Меценаттар форумы (ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын қолдау жобасы), Видеть и слышать сердцем (нашар көретін адамдарды әлеуметтік қолдау жобасы) және т.б. сынды 25 әлеуметтік жобаны ,іске асыру бойынша жұмыс жүргіздік. Айта кету керек,
25 жылдық қызмет аясында республикалық және халықаралық ауқымдағы бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды: көрнекті қазақстандық және халықаралық саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен 25 қонақ дәрісі өткізілді, олардың ішінде Академияның түлектері мен профессорлары бар; 2019 жылы сәуірде мемлекеттік және корпоративтік секторлардың сарапшыларын біріктірген Мемлекеттік басқару саласындағы алғашқы HR-форум ұйымдастырылып, өткізілді; Астана экономикалық форумы – 2019 шеңберінде жеке сессиясын өткізілді және т.б.
Форумның бағдарламасы кең ауқымды және екінші бөлім — «Жаңа мемлекеттік басқару: Қазақстандағы трендтер мен үрдістер» тақырыбындағы тәжірибелік сессияны қамтиды. Модераторы — Академияның вице-ректоры Айгүл Көшербаева. Спикерлері: ҚР ПӘ-нің мемлекеттік инспекторы (Академияның 2011 жылғы түлегі) Қуаныш Асылов «Мемлекеттік аппаратты парасаттандыру – мемлекеттік саясаттың басымдылығы», BTS Digital білім беру орталығының бастығы және МСҰМ-ның бірінші директоры Саясат Нұрбек «Nudge тұжырымдамасы және мемлекеттік басқарудағы мінез-құлық экономикасы» және т.б.
Анықтама үшін:
Қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мақсатында Академияда Мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті дамыту орталығы жұмыс істейді. Орталық аккредитациядан сәтті өтті және ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқау» ұлттық стандарты бойынша мемлекеттік қызметшілерге сертификатталған оқытуды жүргізеді. Сондай-ақ, SPOCE (Ұлыбритания) компаниясымен келісім негізінде Қазақстан аумағында Prince2 жобалық менеджмент әдісі бойынша сертификациялық емтихан өткізіледі.

Ағымдағы жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы оқытуды магистратураның 11 мамандығы және докторантураның 4 мамандығы бойынша жүргізуде. Магистратура мамандықтары: Мемлекеттік менеджмент (MPM), Мемлекеттік басқару (MPA), Цифрлық мемлекеттік басқару (MDPA), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат (MACP), Экономика (ME), Мемлекеттік саясат (MPP), Өңірлік даму (MRD), Мемлекеттік саясат (шетел азаматтары үшін) (MPP), Мемлекеттік саясат және құқық (MPPL), Адами ресурстарды басқару (MHRM), Халықаралық қатынастар (MIR). Докторантура мамандықтары: Мемлекеттік менеджмент (EDPM), Мемлекеттік басқару (DPA), Экономика (DE) және Халықаралық қатынастар (DIR).

Барлығы
06
Декабрь
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

«Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты — ҚазҰЖҒА мен МБА арасында серіктестік қарым-қатынас орнату және ғылыми-білім беру қызметі бойынша күш-жігерді біріктіру. Ынтымақтастықтың негізгі міндеттері әзірлемелер мен жаңа технологиялармен, ғылыми идеялармен және ақпаратпен алмасуға қолайлы жағдай жасау, бағдарламалық құжаттарды іске асыру мақсатында өзара тиімді жағдайларда жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жаңа технологиялық бағыт үшін инновациялық экономиканың және еліміздің басқа да көптеген қызмет салаларының сапалы даму деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды мақсатты даярлау және қайта даярлау болып табылады.
Тараптар теңдік негізінде ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша жүзеге асыруға ниетті:
— ғылыми-техникалық бағдарламалар мен инновациялық жобаларды әзірлеу, мемлекеттік, өңірлік, салалық, халықаралық және өзге де бағдарламалар мен жобалар шеңберінде, сондай-ақ ұлттық және шетелдік институттардың гранттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
— жаңа сападағы инновациялық өнім жасауға бағытталған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарына негізделген мемлекеттік, өңірлік, салалық, салааралық, ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар жобаларын әзірлеуге қатысу;
— ғылым мен білім беруді дамытудың нақты, өзара қызығушылық білдіретін және тиісті перспективалық бағыттары бойынша бірлескен ғылыми, практикалық зерттеулер жүргізу;
— Тараптардың оқу-әдістемелік кешендерін және зерттеу жобаларын әзірлеуге қатысу;
— ғалымдарды шақыру және қабылдау, өзара қызығушылық тудыратын тақырып бойынша оқу семинарларын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, тақырыптық пікірталастарды ұйымдастыру.
Дәл осы күні Мемлекеттік басқару академиясының базасында Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті
Н.Ә. Әбіқаевтың төрағалығымен жалпы жиналыс өтті. Айта кету керек, Академияның ректоры да ҚазҰЖҒА Президиумының мүшесі болып табылады.

Барлығы
17
Октябрь
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың кездесуі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларымен Kyzmet Talks алаңында кездесті. Осыған ұқсас кездесулер мен дәрістер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 25-жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп жатыр.

Барлығы
15
Октябрь
МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Құзыреттер мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Ся Минлинь мырза бастаған Шанхай қалалық партия комитетінің ұйымдастыру департаментінің делегациясы (ҚХР) келіп кетті. Аталмыш сапар қытайлық тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Барлығы
05
Октябрь
«Үш тілді білім беруді ілгерілету»

Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2019 жылғы 08 сәуір – 5 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Орталық және жергілікті басқару органдарының 1146 мемлекеттік қызметшісіне «Үш тілді білім беруді ілгерілету аясында мемлекеттік қызметшілерге қазақ тіліндегі ресми жазылым, латын графикасы, орыс және ағылшын тілдерін оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарларын өткізді.

Барлығы
04
Октябрь
Халықаралық ынтымақтастық

Академия ректоры Ерлан Әбіл Вьетнам Мемлекеттік басқару ұлттық академиясының делегациясымен кездесу өткізді.

Барлығы
02
Октябрь
«Cыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастық»

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Нұр-Сұлтанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның қатысушылары ассамблеясының VIII-сессиясы басталды, іс-шара 5 қазан аралығында өтетін болады. Ассамблея отырысының шеңберінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін «Орталық Азия мен Ауғанстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастық» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Барлығы
01
Октябрь
Халықаралық ынтымақтастық

Осы аптада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына  Түрікменстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының делегациясы іссапармен келді.

Барлығы
27
Сентябрь
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономика» бойынша Кеңестің мүшесі Б.К. Есекинаның дәрісі

2019 жылдың 27 қыркүйегінде «25 қонақ дәрісі» білім беру жобасы аясында «Green Academy» ҰБО-ның директоры Есекина Бахыт Камалбекқызымен кездесу өтті.

Барлығы
20
Сентябрь
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры А. Мұхамедиұлының дәрісі

2019 жылғы 20 қыркүйегінде «25 қонақ дәрісі» білім беру жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесу өтті.

Барлығы
13
Сентябрь
Мемлекеттік басқару академиясында Л.Н. Бурлаковтың «Менің тағдырымдағы Академия» атты дәрісі өтті

2019 жылдың 13 қыркүйегінде Академияның 25 жылдығын мерекелеу аясында белгілі мемлекеттік қайраткер, Басқару институтының профессоры Леонид Николаевич Бурлаков дәріс оқыды.

Леонид Николаевич өзінің құттықтау сөзінде Академияның өз өміріндегі ерекше және маңызды рөлін атап өтті.

Барлығы
02
Сентябрь
Академияға қош келдіңіздер!

2 қыркүйекте Академияның магистранттары мен докторанттары үшін бағдарлық аптасы басталды. Жаңа оқу жылының салтанатты ашылу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова және Академия ректоры Ерлан Әбіл құттықтау сөз сөйледі.

Барлығы

Your browser does not support SVGs