Академия
жаңалықтары

15
Ноябрь
ЖАМБЫЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ»

Бүгін Академияның Жамбыл облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар басталды.

Барлығы
11
Ноябрь
ЕУРОПА ОДАҒЫМЕН БАЙЛАНЫС

Бүгін Академияда Қазақстандағы Еуропа Одағының өкілдерімен кездесу өтті.

Барлығы
05
Ноябрь
ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

Академияда Ресей Федерациясының басқарушы кадрлар резервінің жоғары деңгейін даярлау бағдарламасы шеңберінде «Ұлттық мақсаттарға қол жеткізу мүдделеріне сай адами капиталды дамыту» тақырыбында федералдық және президенттік кадр резерві өкілдерінің тағылымдамасы аяқталды.

Барлығы
29
Октябрь
ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ АКАДЕМИЯ НАЗАРЫНДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ф.Эберт атындағы қордың өкілдігі «Қазақстан жастары: құндылықтарын, үміттерін, ұмтылыстарын бағалау» тақырыбында презентация өткізді.

Барлығы
28
Октябрь
БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ

Жыл сайын Астана Мемлекеттік қызмет хабы алаңында өтетін Мемлекеттік басқару саласындағы конференциясының екінші күнінде UNDESA және Академия бірлесіп «ТДМ-ға қол жеткізу үшін мемлекеттік басқару реформаларындағы өзгерістер: императивтер және COVID-19 пандемиясының сабақтары» туралы диалог алаңын ұйымдастырды.

Барлығы
25
Октябрь
ТҮРІКМЕНСТАН АКАДЕМИЯСЫМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Ерлан Әбіл мен Түрікменстан Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясының ректоры Алым Аннамурадов екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Барлығы
24
Октябрь
САЯСИ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОҚЫТЫЛДЫ

22-24 қазан күндері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған білім беру семинар-тренингі өтті.

Барлығы
08
Октябрь
НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

Зияткерлер клубының «Не? Қайда? Қашан?» ойынының күзгі шығарылымы Академия қабырғасында осымен екінші апта өтуде. Ойынға түрлі институттардың өкілдері қатысты: магистрант Рүстем Қыдырбековтың басқаруымен Басқару институтының командасы, MPR-2020 eng тобы ойынның шымылдығын ашты. Алғашқы бағдарлама серпінді болды, бірақ сәттілік клуб жетекшісінің жағында болды. Осы орайда, жүргізуші Мирас Жұмаділовтың шеберлігін сөз етейік. Команданы басқарып, екі жақты тең ұстайтын, сұрақ қойып, шешімін нақтылар кездегі топты күмәнді ойға түсіретін қасиеті кәсіби маманмен тең келері даусыз. Қатысушы топпен бірге аудиторияны да қадағалап тұруы ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілетін нақтылай түседі.

Барлығы
30
Сентябрь
Қоғам және мемлекет қайраткеріне арналған конференция

Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш сыртқы істер министрі, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры, Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатына 30 жыл» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Онлайн шараға Төлеутай Ысқақұлының әріптестерімен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, елдің түрлі мемлекеттердегі елшілері, замандас-достары және шәкірттері қатысты.

Барлығы
23
Сентябрь
Қазақстандық «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS – 2020» жобасы IPMA Global Project Excellence Awards – 2021 дүниежүзілік байқауының алтын жүлдегері

21-23 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында «Цифрлық трансформация дәуіріндегі жобалық басқару» IPMA 32-ші дүниежүзілік конгресі аясында IPMA Global Project Excellence Awards – 2021 байқауы өтті. Байқауға әлемнің 70 елінен жобалар қатысты.

Барлығы
20
Сентябрь
КЕЗЕКТІ ӘРІПТЕСТІК ГЕРМАНДЫҚ ӨКІЛДЕРДІҢ ЕНШІСІНДЕ

Бүгін Академияға Фридрих Эберт қорының делегациясы келді.

Барлығы
03
Сентябрь
Президент жолдауына үн қосу

Пандемия и глобальный постпандемический кризис поставили правительства многих стран в очень жесткие условия. При чем, если ранее кризисы затрагивали по большей части экономику, то пандемия сильно ударила по социальной сфере. В этой связи, интересно наблюдать, как меняется политический курс государства и приходит осознание необходимости совершенно иных реформ.

Какие меры предлагаются для экономического развития в посткризисный период в Послании Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 1 сентября 2021 года?

Барлығы
02
Сентябрь
Президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауына үн қосу

Соңғы екі жылда жаһанға тараған індет әлем елдерін алаңдатып, дағдарысқа ұшыратты. Әсіресе денсаулық сақтау, экономикалық саланың әлеуеті сынға түсті. Қазақстан үшін де оңайға соқпағаны белгілі. Бір ғана білім беру саласын алар болсақ, қашықтан оқытуға келгенде цифрлық мүмкіндігіміздің шектеулі екенін сезіндік. Әсіресе шалғай ауыл-аймақтағы балалардың сапалы білім алуы қиынға соқты. Әрине, құзырлы органдар қарап қалған жоқ, мәселені шешуге кірісті, шама-шарқынымен оңтайландырды. Бұл жағдай бір жағынан еліміздің телекоммуникация жүйесін дамытып, көзден жырақта өмір сүріп жатқан халықты интернет желісімен қамтамасыз етуге үлесін қосты. Биылғы Жолдауында Президент Үкіметке ақпараттық жүйенің сапасын одан әрі жақсартуды шегелеп тапсырды. Бұл да дамуға бет бұрған елдің бір көрінісі.

Барлығы
27
Август
Шетелдік ғалыммен кездесу өтті

Бүгін Академияда доктор Мехмуд Уль Хассан Ханмен кездесу өтті. Арнайы келген мейманға Академияның білім беру, ғылыми бағыттары таныстырылды. Сөз барысында қазақ халқының тарихи терең дипломатиялық стратегиясы да айтылды.

Барлығы
23
Август
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы ынтымақтастық

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановпен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова, сондай-ақ екі Агенттіктің жауапты қызметкерлері қатысты. Академия меймандарының назарына инфрақұрылым мен ішкі ақпараттық өнімдер көрсетіліп, ғылыми-зерттеу қызметі мен еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын ілгерілету бойынша іске асырылатын шаралар ұсынылды.

Барлығы

Your browser does not support SVGs