Академия
жаңалықтары

15
Декабрь
«Qazaqstan Project Management Awards – 2021» II Ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Академияда «Qazaqstan Project Management Awards-2021» II Ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Аталған конкурс Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, Ұлттық экономика министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, БҰҰДБ және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конкурстың негізгі мақсаты – өз қызметінде жобалық менеджмент әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді жеке және кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталандыру.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды – өтінімдерді онлайн қабылдау, кәсіби ассессорлардың конкурсқа қатысушылардың есептерін бағалауы, Қазылар алқасы мүшелерінің финалистерді қарауы және анықтауы.

 

Конкурс нәтижелері мынадай:

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАСЫ» номинациясы

«Орталық мемлекеттік органдар» санаты бойынша:

 

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): ҚР Мәдениет және спорт министрлігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): ҚР Қаржылық мониторинг Агенттігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

 

«Жергілікті атқарушы органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Алматы қаласының әкімдігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): Қызылорда облысының әкімдігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): Шымкент қаласының әкімдігі.

 

«Үкіметтік емес ұйымдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «Integrity» жеке тұлғаны дамытудың қоғамдық қоры;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры.

 

«Бизнес» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «АРТС» ЖШС;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): «Қазақстандық салаға көмек көрсету институты» ЖШС;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): «Орал трансформатор зауыты» ЖШС.

 

«Жоғары оқу орындары» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): Қазақстандық инновациялық технологиялық жүйелер университеті.

 

«Квазимемлекеттік сектор» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): «KEGOC» АҚ;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ.

 

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРІ» номинациясы

«Орталық мемлекеттік органдар» санаты бойынша:

 

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): ҚР Қаржылық мониторинг Агенттігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): ҚР Білім және Ғылым министрлігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

 

«Жергілікті атқарушы органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Алматы қаласының әкімдігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): Шымкент қаласының әкімдігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

 

«Бизнес» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «Qazaq National Product» ЖШС.

 

«Квазимемлекеттік сектор» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Жасыл қаржы орталығы (Green Finance Centre).

 

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ» номинациясы

«Орталық мемлекеттік органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): ҚР Жоғарғы соты;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): ҚР Қаржылық мониторинг Агенттігі.

 

«Жергілікті атқарушы органдар» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): Маңғыстау облыстық әкімдігі;

ЕКІНШІ ОРЫН (күміс): Алматы қаласының әкімдігі;

ҮШІНШІ ОРЫН (қола): Шымкент қаласының әкімдігі.

 

«Бизнес» санаты бойынша:

БІРІНШІ ОРЫН (алтын): «QAZAQ NATIONAL PRODUCT» ЖШС.

 

«Жылдың балаға мейірімді үздік жобасы» арнайы номинациясының Жеңімпазы:

«Integrity» жеке тұлғаны дамытудың қоғамдық қоры.

 

«Жобалық менеджмент саласында үздік тренер-кеңесші» арнайы номинациясының Жеңімпазы:

Тайжанова Жанар Әлімжанқызы

 

Биылғы Конкурстың ерекшелігі – қатысушылар санаттарының кеңеюі болып отыр, оған тек мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, квазимемлекеттік сектор мен жоғары оқу орындарының өкілдері де қамтылды.

Осы жылы Конкурсқа жіберілген өтінімдер санының артқанын айта кету керек. 300-ден астам өтінімнің келіп түсуі аталған Конкурсқа деген қызығушылықты білдіреді.

Екі жыл қатарынан өткізіліп жатқан QazPMA Ұлттық конкурсы елімізде жобалық басқару құралдарын тиімді дамыту мен қолдану бойынша бірлесіп жұмыс істеу және тәжірибе алмасу мақсатында жобалық менеджерлерді біріктірді.

2020 жылы QazPMA I Ұлттық конкурсын өткізу елімізде жобалық менеджмент саласындағы нормативтік базаны қалыптастыруға және Ұлттық жобаларды іске асыруға кірісуге мүмкіндік бергенін атап өту қажет.

 

Барлық Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Барлығы
14
Декабрь
АКАДЕМИЯ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН АТАП ӨТТІ

Бүгін Академияда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Академия ректоры Ерлан Әбіл барлық ұжымға құттықтауын жолдап, жыл бойы ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлерді марапаттады. Мереке қарсаңында Академияның 100-ге жуық қызметкері түрлі дәрежедегі сый-құрметке ие болды.

Барлығы
26
Ноябрь
АКАДЕМИЯДА ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Академияда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметін кәсібилендіру: саясат, практика және сын-қатерлер» тақырыбындағы конференция жұмысына қатысқан орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қазіргі кезде өзекті болып отырған қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің кәсіби негіздерін құру мәселелерін кеңінен талқылап берді. Ауқымды шараны Академия ректоры Ерлан Әбіл жүргізді.

Барлығы
19
Ноябрь
Академия мемлекеттік басқару білім беру ұйымдарының II форумына қатысты

2021 жылдың 18 —  19 қарашасында Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында GIZ (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы) қолдауымен Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Шығыс Еуропа елдері бойынша мемлекеттік басқару академияларының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі II форум-диалогы өтті.

Барлығы
17
Ноябрь
Президенттің сөзіне үн қосу

ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТҚА АЙНАЛДЫ

Барлығы
15
Ноябрь
Конкурсқа қатысушы кандидат анықталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми кеңесінде (№3 11.11.2021) Басқару институтының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығының басшысы Есенгельдина Анар Сатыбалдиновнаның кандидатурасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» байқауына қатысуға ұсыну туралы шешім қабылданды.

Барлығы
15
Ноябрь
ЖАМБЫЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ»

Бүгін Академияның Жамбыл облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар басталды.

Барлығы
11
Ноябрь
ЕУРОПА ОДАҒЫМЕН БАЙЛАНЫС

Бүгін Академияда Қазақстандағы Еуропа Одағының өкілдерімен кездесу өтті.

Барлығы
05
Ноябрь
ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

Академияда Ресей Федерациясының басқарушы кадрлар резервінің жоғары деңгейін даярлау бағдарламасы шеңберінде «Ұлттық мақсаттарға қол жеткізу мүдделеріне сай адами капиталды дамыту» тақырыбында федералдық және президенттік кадр резерві өкілдерінің тағылымдамасы аяқталды.

Барлығы
29
Октябрь
ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ АКАДЕМИЯ НАЗАРЫНДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ф.Эберт атындағы қордың өкілдігі «Қазақстан жастары: құндылықтарын, үміттерін, ұмтылыстарын бағалау» тақырыбында презентация өткізді.

Барлығы
28
Октябрь
БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ

Жыл сайын Астана Мемлекеттік қызмет хабы алаңында өтетін Мемлекеттік басқару саласындағы конференциясының екінші күнінде UNDESA және Академия бірлесіп «ТДМ-ға қол жеткізу үшін мемлекеттік басқару реформаларындағы өзгерістер: императивтер және COVID-19 пандемиясының сабақтары» туралы диалог алаңын ұйымдастырды.

Барлығы
25
Октябрь
ТҮРІКМЕНСТАН АКАДЕМИЯСЫМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Ерлан Әбіл мен Түрікменстан Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясының ректоры Алым Аннамурадов екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Барлығы
24
Октябрь
САЯСИ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОҚЫТЫЛДЫ

22-24 қазан күндері ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған білім беру семинар-тренингі өтті.

Барлығы
08
Октябрь
НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

Зияткерлер клубының «Не? Қайда? Қашан?» ойынының күзгі шығарылымы Академия қабырғасында осымен екінші апта өтуде. Ойынға түрлі институттардың өкілдері қатысты: магистрант Рүстем Қыдырбековтың басқаруымен Басқару институтының командасы, MPR-2020 eng тобы ойынның шымылдығын ашты. Алғашқы бағдарлама серпінді болды, бірақ сәттілік клуб жетекшісінің жағында болды. Осы орайда, жүргізуші Мирас Жұмаділовтың шеберлігін сөз етейік. Команданы басқарып, екі жақты тең ұстайтын, сұрақ қойып, шешімін нақтылар кездегі топты күмәнді ойға түсіретін қасиеті кәсіби маманмен тең келері даусыз. Қатысушы топпен бірге аудиторияны да қадағалап тұруы ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілетін нақтылай түседі.

Барлығы
30
Сентябрь
Қоғам және мемлекет қайраткеріне арналған конференция

Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш сыртқы істер министрі, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры, Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатына 30 жыл» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Онлайн шараға Төлеутай Ысқақұлының әріптестерімен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, елдің түрлі мемлекеттердегі елшілері, замандас-достары және шәкірттері қатысты.

Барлығы

Your browser does not support SVGs