Академия
жаңалықтары

03
Апрель
Мемлекеттік қызметшілерді оқытуға қатысты заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  ректоры Ерлан Әбіл  баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 15-бабы 5-тармағына сәйкес, Академияда мемлекеттік тапсырыс бойынша B+ (GPA 3,33) мәнінен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады», – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес, жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бұрын білім алған мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Академияға магистратураға немесе докторантураға қайта оқуға түсе алады.

 

Барлығы
03
Апрель
Мемлекеттік басқару академиясында 2023 жылға қабылдау басталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратура және докторантураға оқуға құжат қабылдау басталды. Академияда өткен баспасөз мәслихатында ректор Ерлан Әбіл құжаттарды қабылдау 29 маусымға дейін https://admission.apa.kz порталында жүргізілетінін атап өтті.
Барлығы
10
Март
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЛАСЫ: БАӘ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТТЫ

2023 жылдың 6-9 наурызы аралығында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректоры Ерлан Әбіл Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Ануар Гаргаш Дипломатиялық академиясына (AGDA) және Мухаммед Бин Рашид Мемлекеттік басқару мектебіне (MBRSG) жұмыс сапарымен барды.

Барлығы
03
Март
Қазақстандағы адами капитал мәселесі талқыланды

Бүгін Академияға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Әркен Өтенов қонаққа келді. Қонақ «Даму күні» аясында «Қазақстандағы адами капитал» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесуге Академия магистранттары, докторанттары және қызметкерлері қатысты.

Барлығы
01
Март
ЮСУФ КЕЛИГОВ: Қазақ халқының толеранттылығының арқасында аман қалдық

Бүгін Академияда Алғыс айту күніне орай «Алғыс – сөздің асылы» шарасы өтті. Жиынның шымылдығын Академия ректоры Ерлан Әбіл ашып, шара қонақтары мен қатысушыларына алғыс айтты.

Барлығы
24
Февраль
Қазақстандық жоғары оқу орындары мемлекеттік басқару саласының мамандарын Академиямен бірлесе даярлайды
2023 жылдың 24 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Адами ресурстарды басқару» бағыттары бойынша маман даярлайтын қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Барлығы
21
Февраль
БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі алдағы уақытта еліміздегі мемлекеттік институттарды нығайту, адам құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар аударады. Бұл туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесу барысында айтты.

Барлығы
03
Февраль
Актер Дәурен Серғазинмен кездесу өтті
Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Ұлттық құндылықтардың театр сахнасында көрініс табуы» тақырыбында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Жастар» театрының актері Дәурен Серғазинмен кездесу өтті.

Барлығы
31
Январь
Республикалық «Бюрократиясыз аппарат» жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

 Елімізде алғаш рет ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен республикалық «Бюрократиясыз аппарат» жобалар байқауы өтті. Сайысқа Академия магистранттары мен докторанттары, қайта даярлау мен біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары қатысты.

Барлығы
27
Январь
«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің» тыңдаушылары қонаққа келді

Бүгін Академияға МҚІА Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының 40-тан астам тыңдаушысы қонаққа келді.

Барлығы
27
Январь
АКАДЕМИЯҒА «OXUS» ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАРЫ КЕЛДІ
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Орталық Азия бойынша «Oxus» қоғамдастығының» атынан және Орталық Азияның ұзақ мерзімді даму мәселелері саласындағы шетелдік және отандық сарапшылар делегациясы келді.
Барлығы
19
Январь
Ұлытау облысына жұмыс сапары

Академияның вице-ректоры Еркін Шажаұлы Дүсіпов Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барды.

Барлығы
17
Январь
Біріккен Араб Әмірліктерімен келіссөз жүргізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.
Барлығы
13
Январь
ЕЛШІЛІК САҒАТЫ
АӨСШК – ҚЫЗМЕТТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Академияда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы, Елші Қайрат Сарыбай «АӨСШК – қызметтің өзекті мәселелері және даму перспективалары» тақырыбында дәріс оқыды.

Барлығы
13
Январь
Түлектерге салтанатты түрде доктор дипломдары табысталды

Академия түлектеріне салтанатты түрде доктор дипломдары табысталды.

Барлығы

Your browser does not support SVGs