Академия
жаңалықтары

09
Октябрь
ХАННС ЗАЙДЕЛЬ ҚОРЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін Академия ректоры Ерлан Әбіл Ханнс Зайдель қорының Орталық Азиядағы жобаларының жетекшісі Доктор Макс Георг Майермен кездесті.

Кездесуде қос тарап білім беру және ғылыми-зерттеу жүргізу бойынша ортақ жобаларды іске асыру, ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Атап өтейік, Академия Ханнс Зайдель қорымен 2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерді оқыту және біліктілігін арттыру аясында ынтымақтастығын жалғастырып келеді.

Барлығы
06
Октябрь
«Экономист +» клубының жаңа маусымы

2023 жылғы 6 қазанда Академияда Даму күні аясында «Экономист +» клубының 6 маусымы басталып, «JEOPARDY» интерактивті ойынымен салтанатты ашылуы өтті.

МЕ-23 «Көңілді экономистер» және MPP-23 «А.Смит»командасының жаңа қатысушыларына Басқару институтының директоры З. С. Гаипов, профессор С. А. Жұмабаев сәттілік тіледі, сондай-ақ білім алушыларға DPA-21 докторанттарымыз, МЕ-22 және MPP-22 магистранттарымыз ізгі тілегін білдірді. Тәуелсіз сарапшылар ретінде доцент Б. М. Серікбаева, профессор А.С. Нұрмағамбетов, докторант А. Т. Алишарипов, магистрант М. х. Қабдуллов сөз сөйледі. «Экономист+» клубының жетекшілері – профессорлар Дуламбаева Раушан Тлегеновна, Кусаинова Лариса Ислямовна.

Интерактивті ойын қорытындысы бойынша «Көңілді экономистер» командасы жеңіске жетті.

Барлығы
05
Октябрь
Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті

2023 жылдың 5 қазан күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті.

Іс-шара барысында филиал директоры Рауан Садырқұлов қызметкерлерді мерекемен құттықтай отырып, мемлекеттік қызметшілерді даярлау жолындағы адал еңбек пен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін  филиалдың профессорлық-оқытушылар құрамына алғыс айтты. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету кабинетің меңгерушісі А.А. Абенов, профессор Б.Ж.Ахметов, аға оқытушы Т.М.Орынтай Жамбыл облысы  әкімінің Құрмет грамотасымен және доцент А.А.Бапанов пен аға оқытушы Т.О.Сулейменова Алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылары мен қызметкерлері қатысып жылы лебіздерін білдірді.

Барлығы
02
Октябрь
Сенатор: Елімізде су секторындағы дипломатияны дамыту қажет

Елімізде су секторындағы дипломатияны дамыту қажет. Бұл туралы Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесу барысында айтты.

Сенатор «Даму күні» аясында Академия магистранттары мен докторанттарына, қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқыды.

Су қауіпсіздігі еліміз үшін ғана емес, әлем үшін үлкен мәселеге айналып отырғанын атап өтті.

«Қазақстан Орталық Азиядағы суға тәуелді бірден бір ел болғандықтан, су секторындағы дипломатияны дамыту, кәсіби келіссөздер жүргізетін мамандарды даярлау өте маңызды. Суды үнемдеу туралы білімді ерте жастан насихаттауымыз керек. Бұл маңызды сабақтар балабақшадан бастап оқытылуы тиіс. Балаларға судың неліктен маңызды екенін және бұл ресурсқа неліктен мұқият қарау керек екенін үйретуіміз керек. Мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсынысымыз министрлікке жолданды, оң қаралады деген үміттеміз», – дейді сенатор.

Барлығы
29
Сентябрь
Бельгияның бейтараптығы

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Даму күні» бағдарламасы аясында Бельгияның Қазақстан Республикасындағы Өкілетті Елшісі Анри Вантигеммен кездесу өтті. Елші Академия тыңдаушыларына «Бельгияның бейтараптығы» тақырыбында дәріс оқыды.

Анри Вантигем Бельгия тарихынан маңызды сәттермен бөлісіп, бұл елдегі бейтараптық саясатының дамуы туралы айтты. Дәріс Академияның магистранттары мен докторанттарының пікірталастары мен сұрақтарымен аяқталды. Қатысушылар Елшіге қызықты әрі мазмұнды дәрісі үшін алғыстарын білдірді.

Барлығы
29
Сентябрь
Айжан Жатқанбаева: Мемқызметшілерді Конституциялық Соттың қаулысын назарға алып отыруға шақырамыз

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, заң ғылымдарының докторы Айжан Жақанбаева ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс өткізді.

Дәріс барысында судья тыңдаушыларға Конституциялық Соттың қызметі мен құзыреті туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, конституциялық іс жүргізудің ерекшеліктерін және сот төрелігіне қол жеткізу мәселелерін түсіндірді.

Айжан Ержанқызы қатысушыларға Конституциялық Соттың ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға қатысты нормативтік қаулылары ақпарат берді.

«Мемлекеттік қызметшілерді Конституциялық Соттың қаулысын назарға алып отыруға шақырамыз, өйткені бұл олардың қызметтік өкілеттіктерін іске асыру барысында қажет болады», – деді ол.

Қонақ дәріс «Даму күні» аясында өтті. Кездесуге Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми қызметкерлері, докторанттары мен магистранттары қатысты. Шара соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Барлығы
28
Сентябрь
Сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған семинар басталды

Елімізде аудан әкімдерінің сайлауын пилоттық режимде өткізуге дайындық басталып кетті. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

26 қыркүйекте Алматы облысының Балқаш ауданында сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған «Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлау бойынша сайлау процесінің ерекшеліктері» тақырыбында көшпелі оқыту семинарлары басталды. Аталған оқу бағдарламасын Академияның Алматы облысы бойынша филиалы Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп жүзеге асырады.Шараның ашылу салтанатында филиал директоры Айгерім Әбілова, сондай-ақ Алматы облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова құттықтау сөз сөйледі.

«Семинардың мақсаты 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған                     Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін сайлауда сайлау заңнамасының негіздерін және оны қолдану практикасын білу есебінен кәсіби құзыреттер мен практикалық дағдылар деңгейін арттыру болып табылады. Оқу бағдарламасына сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, дауыс беру тәртібі және сайлауда дауыс беру қорытындысын шығару, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік және т. б. туралы практикалық және дәрістік сабақтар енгізілді. Сондай-ақ дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, сайлау құжаттарын ресімдеу бойынша рөлдік ойындар өткізілді», – деді Айгерім Әбілова.

Оқыту барысында дауыс беру күні сайлаушылармен жұмыста сайлау комиссиялары мүшелерінің мінез-құлқы, ықтимал жанжалды жағдайларды шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған оқыту курстары Алматы облысының Жамбыл ауданында жалғасатын болады.

Барлығы
25
Сентябрь
Еңбек – өмір мәні

23 қыркүйекте Еңбек күні мерекесі қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері, Мемлекеттік басқару академиясы және Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы ұжымының қатысуымен сенбілік өтті. 130-дан астам қызметкер 100 дана ағаш отырғызып, қоғамдық жұмысқа белсене қатысты. Сенбілік шара еңбек құндылықтарын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.

Мерекеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке. Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр», – деген ықыласын жеткізді.

Барлығы
25
Сентябрь
Агенттік төрағасы Академия білім алушыларымен кездесті

22 қыркүйек күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Академияға оқуға түскен магистранттармен және докторанттармен кездесті.

Кездесу барысында МҚІА басшысы мемлекеттік қызметті дамыту бойынша Агенттік атқарып жатқан шаралар туралы айтты.
Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің ілгерілеп дамып келе жатқанына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің саналы жаңғыруы, құндылықтық бағдарлары мен ұстанымдарының өзгеруі оның негізі болып табылатынын айтты.

Академия магистранттары мен докторанттары мемлекеттік қызметшілерді оқытуға және мемлекеттік қызметті өткеруге қатысты ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында Агенттік төрағасы магистранттар мен докторанттарды мемлекеттік қызметті жетілдіруге қатысты шараларға белсенді атсалысуға шақырып, жаңа идеялар мен ұсыныстарға қашан да ашық екенін атап өтті.

Барлығы
16
Сентябрь
Халықаралық көші-қон ұйымының отырысы өтті

Қолданбалы зерттеулер институтының бас сарапшысы Құралай Нұрбек Академия атынан Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) Елдік үйлестіру тетігінің 2-ші отырысына қатысты.

Халықаралық шара Швейцарияның Даму және Ынтымақтастық Агенттігі (SDC) қаржыландыратын «Орталық Азияда басқарылатын еңбек көші-қонына қолдау бағдарламасы» өңірлік жобасының ұйымдастыруымен өтті. Шара еңбек көші-қоны саласындағы екіжақты ынтымақтасты нығайтуға ықпал етеді. Аймақтық жобаға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстан қатысады.

2022-2026 жылдарға арналған жоба мақсатты елдердің үкіметтері мен мүдделі тараптардың проблемаларын анықтауға бағытталған. Сондай-ақ ұлттық және аймақтық деңгейлерде еңбек көші-қоны саласындағы саясат пен процестерді жүйелі бейімдеуге арналған.

ХКҚҰ Елдік үйлестіру тетігі өзгермелі еңбек нарығы динамикасын және жалдап жұмысқа алуда қызметкерлерді тұрақты қорғау деңгейін көтерудің жайын ескеріп, еңбек көші-қонын басқару мәселелерін анықтау және оларға жауап беріп шешу мақсатында мүдделі тараптар арасында тұрақты кері байланыс пен пікір алмасу платформасын қамтамасыз етеді.

ХКҚҰ ЕҮТ отырысы екіжақты еңбек келісімдеріне қатысатын елдер арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды. Бұл ретте еңбек мигранттары құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға және жіберуші және қабылдаушы елдерге бір уақытта өзара пайда беруге баса назар аударылды.

 

 

Барлығы
15
Сентябрь
Мемлекеттік қызметте этикалық нормаларды сақтау мәселелері

Академия ҚР Көлік министрлігі мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері үшін «Мемлекеттік қызметте этикалық нормаларды сақтаудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар өткзіді.

Семинар барысында Академияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен этиканы зерттеу секторының бас сарапшысы Шарафат Шаяхметова мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен мінез-құлқына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Жұмыс барысында және жұмыстан тыс уақытта «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды, сондай-ақ жалпы қолданыстағы моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажеттігін атап өтті.

Семинар барысында қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтаудың практикалық аспектілері талқыланды.

Барлығы
15
Сентябрь
Әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру мәселесі талқыланды

Академияда «Даму күні» аясында Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Даулет Рашидұлы Арғындықов «Әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру» тақырыбында дәріс оқыды. Спикер 2020-2023 жылдар аралығындағы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесіне, миграциялық процестерді автоматтандыруға  тоқталды. Сондай-ақ тыңдаушыларға әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйелерін таныстырды.

Даулет Рашидұлы тыңдаушыларға әлеуметтік қызметтер порталында орындалған қызметтер мен жаңарту жұмыстары туралы ақпарат берді.

«Қазақстан экономикасын технологиялық жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі – әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру. Әлеуметтік қызметтер мен жұмыспен қамтудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға болады», – деді спикер.

 

Барлығы
15
Сентябрь
Силлабустарды дайындау және студенттерді бағалау критерийлері

Академияда «Даму күні» аясында Назарбаев Университетінің доценті Дүйшон Шаматов «Силлабустарды дайындау және студенттерді бағалау критерийлері» тақырыбында семинар жүргізді.

Семинар профессорлық-оқытушылар құрам үшін тәжірибе алмасуға және заманауи стандарттарға сәйкес келетін силлабусты қалай жасау керектігі туралы ортақ түсінікті қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар кездесу тиімді стратегияларды дайындау және пәндердің мазмұнын тұжырымдауға бағытталған.

«Силлабус әзірлеу – сапалы жоғары білім берудің ажырамас бөлігі. Ол білім алушы үшін нұсқаулық және академиялық жетістікке жетудің негізгі көмекшісі болып табылады. Қазақстан Болон процесінің мүшесі болғанына қарамастан, көптеген оқытушы силлабусты құру кезінде қиындықтарға тап болады және мазмұнының нақты қандай болуы керек екенін әрдайым түсіне бермейді. Бірақ осындай кездесулердің арқасында өз тәжірибемізбен бөлісіп, ортақ түсінікке келе аламыз», – деді Дүйшон Шаматов.

Кездесу барысында педагогикалық ұжым оқу нәтижелерін бағалау критерийлерін талқылауға белсене қатысты.

Барлығы
15
Сентябрь
Ректор Фудань Университеті өкілдерімен кездесті

14 қыркүйекте Академия ректоры Ерлан Әбіл Шанхайда Фудань университеті (Fudan University) Халықаралық қатынастар және Әлеуметтік қатынастар мектебі басшысы Су Чангхе мырзамен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік басқару саласында мамандармен алмасу, мемлекеттік қызметшілерге арнайы тағылымдамалар ұйымдастыру, оқытушылық құрамға арналған бағдарламалар талқыланды. Сондай-ақ Академия білім алушыларына арналған бірлескен оқу бағдарламасы (Joint degree program), Фудань зерттеу орталықтарымен ортақ зерттеулер жүргізу (think tank) сияқты мәселелер ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, Фудань университеті әлемнің және Қытайдың озық жоғары оқу орындарының қатарында, әлемнің QS рейтингінде 50-ші орынды иеленіп отыр. Білім алушылар арасында Фудань университінің саясаттану, халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қатынастар бағдарламалары үлкен сұранысқа ие. Жалпы университет қабырғасында 77 зерттеу институты, 112 дисциплинааралық институт және 5 лаборатория жұмыс істейді. Кездесу Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) заң университеттері қауымдастығының форумы және жоғары білікті халықаралық мамандарды даярлау форумы аясында өтті.

Барлығы
14
Сентябрь
Стратегиялық ойлау және проблемаларды сыни тұрғыда шешу

2023 жылдың 11-13 қыркүйегі аралығында Академия қабырғасында «Стратегиялық ойлау және проблемаларды сыни тұрғыда шешу» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Өз білім-тәжірибесімен бөлісу үшін Сингапурдан жеке құзыреттілікті дамыту бойынша жаттықтырушы, көптеген курстар мен бағдарламалардың авторы, фасилитатор Прити Дубей шақырылды.

Оқу барысында қатысушылар стратегиялық ойлауды дамыту әдістерін, инновациялық шешімдерді қалыптастырудың шығармашылық процесін, проблемаларды сыни тұрғыда шешуді, шығармашылықты дамытудың және жаңа идеялармен алмасудың ұйымдастырушылық дағдыларын игерді.

Барлығы

Your browser does not support SVGs