Академия
жаңалықтары

26
Апрель
Даму күніне шолу

2024 жылдың 26 сәуірінде «Даму күні» аясында Академияда профессорлық-оқытушылық құрамына «Оқу процесінде қолданылатын әдістемелік тәсілдер» тақырыбында кезекті семинар өткізілді. Спикер – Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі доцентінің м.а. Әлібек Мукашев. Әдістемелік семинар интерактивті әдістерді қолдану тәжірибесімен алмасу, халықаралық тәжірибені пайдалану және оқыту сапасын жақсарту әрі арттыру үшін білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында өткізілді.

Сонымен қатар оқу барысында VR технологияларды пайдалану және ойындарды әзірлеу тәжірбиесі бойынша әдістемелік семинар өтті. Атап айтқанда, қолданбалы экономика, макроэкономика пәндері аясында оларды пайдаланудың ұтымды кейстері ұсынылды. 2021 жылы профессор Раушан Дуламбаева басқарушылық шешімдер қабылданатын нақты экономикалық жағдайларды модельдейтін виртуалды ортаның симуляциясын жасады. Ойынды өткізуге білім алушылар қызығушылық танытып, ұсыныстар мен өзгерістер енгізді. Кездесуде магистранттар, докторанттар және оқытушылар VR көзілдірік технологиясын пайдалана отырып, ойын түрінде экономикалық саясаттың түрлі стратегияларын талқылады, дұрыс шешім қабылдау қажет болатын жағдайға тап болып, олардың салдарын әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік алды. Цифрлық технологияларды, атап айтқанда, VR ұпайларын пайдалану арқылы білім алушылар виртуалды кеңістікке саяхаттап, иммерсивті оқу тәжірибесін меңгереді. Сондай-ақ стресстік жағдайда сыни ойлауды, аналитикалық шешім қабылдау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Сондай-ақ «Ұлттық жобалар: сабақ алу және өсу нүктелері» тақырыбында вебинар өтті. Спикерлер: Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Акмухамбетова Дарихамен және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық талдау және даму департаменті директорының орынбасары Мукашева Асем.

 

Барлығы
26
Апрель
Қазақстан халқы Ассамблеясы тәуелсіздік құндылықтарын нығайтудың тиімді құралы ретінде

Жалпы адамгершілік қасиеттер пен құндылықтар ұлтқа байланысты болмайды. Жалпы әлемдік қоғамдастық тарихының әртүрлі кезеңдерінде кез келген континентте бірлік, жасампаздық және алға ұмтылу секілді халықтың мақсат-мұраттары оларды әрқашан ең жақсы қасиеттерін дамытуға бағыттап отырған. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 25 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде қазақстандық қоғамды жаңғыру жолында шоғырландыру және негізгі адамгершілік-мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру арқылы жаңа даму кезеңіне сенімді қадам басуы кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы айқындаушы рөл атқаратынын және оның қызметінің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның ауқымды күш-жігері табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге бағытталып отыр. Ел Президенті мен барлық мемлекеттік аппарат халықтың қалыпты жағдайға қайтару үшін барлық шараларды қабылдауда. Мемлекет басшысының үндеуіне ірі бизнес өкілдері назар аударып, зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру үшін қомақты қаражат пен материалдық ресурстар бөлуде. Үкіметтік емес сектор мен Қазақстанның жанашыр тұрғындары да өз көмектерін көрсетуде. Осындай қиын сәтті халқымыздың ең жақсы қасиеттері, атап айтқанда бір-біріне қайғыда қол ұшын созып көмектесу, қолдау, пайдалы болуға деген ниеті айқын көрінді. Менің ойымша, осы ретте көп жылдар бойына ұлттық диалог алаңы және халықтық дипломатия институты ретінде қалыптасқан Ассамблеяның жұмысы айтарлықтай ықпал етті. Ол Қазақстандағы толеранттылық пен қоғамдық келісім негіздерін нығайтуда, «әртүрліліктегі бірлік» қағидатын табысты іске асыруда үлкен рөл атқарады.

Мемлекеттік және жергілікті басқарудың PhD, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қолданбалы зерттеулер институты директорының м. а. Ш.Т. Шаяхметова

Барлығы
22
Апрель
ЭЫДҰ сарапшысымен кездесу

Ағымдағы жылдың  22 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері ЭЫДҰ сарапшысы О.Гуспен «Integrity review» парасаттылық мәселелері бойынша ЭЫДҰ-ның қорытынды сараптамасын дайындау шеңберінде сұхбатқа қатысты.

Кездесуге Академияның комплаенс-офицері Азамат Нұрлан, кәсіби даму институтының директоры Зухра Қарамалаева, дебюрократизация, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және этика секторының меңгерушісі Дияс Пардабеков, қолданбалы зерттеулер институты директорының м. а. Шарафат Шаяхметова қатысты.

Сұхбат барысында мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің этикалық нормалар мен стандарттарды сақтауының практикалық аспектілері мен құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын шешу тетіктері, Қазақстанның мемлекеттік органдарында меритократия қағидатын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды ғылыми-әдістемелік және талдамалық сүйемелдеу, оқыту бағдарламаларының мазмұны және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық, парасаттылық және этикалық мәдениетті дамыту стандарттарын сақтау бойынша Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тиімділігі мәселелері қозғалды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілдердің, Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың және оның өңірлік департаменттерінің қызметін реттеуге қатысты мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформалардың іске асырылу барысы, Мемлекет басшысының Президенттік жастар кадр резервін және өңірлік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, мемлекеттік сектор қызметкерлерінің кірістерін декларациялау, мемлекеттік аппаратты бюрократизациялау мәселелері сарапшының ерекше қызығушылығын тудырды.

Барлығы
19
Апрель
Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту, инклюзия және ESG

Академияның 30 жылдығы аясында өткен Даму күнінде қоғам қайраткері, тележүргізуші, мүгедектігі бар тұлғалардың құқығын қорғау және ESG бойынша кеңесші Алмаз Ержанмен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Алмаз Ержан инклюзия, мүгедектігі бар жандардың қоғамдағы рөлі, құқықтары және оларды жұмыспен қамту мәселелері туралы айтты. Спикер дәріс барысында өзге елдердің тәжірбиесімен бөлісіп, статистикалық деректер ұсынды.

 

«Мүгедектігі бар тұлғалар – көрінбейтін адамдар сияқты. Керісінше, оларды қоғамға етене араластырып, барлығымен тең дәреже қарау керек. Әлемде 1500 000 000 адамның мүгедектігі бар», – деді спикер өз сөзінде.

 

Кездесу барысында Академия қызметкерлері мен білім алушылары да өз ойларын ортаға салып, спикерге алғыс білдірді.

Барлығы
19
Апрель
Академия ғалымдары марапатталды

Бүгін ректор Ерлан Әбіл Академия ғалымдарына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін» Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ ректор Ғылыми артықшылық орталығының басшысы қызметін атқарған Анар Есенгельдинаға Академияны дамытуға қосқан үлесі, адал қызметі үшін Алғыс хат және министрліктің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Анар Сатыбалдықызына 11 жыл бойы әртүрлі қызметте атқарған еңбегі үшін және мемлекеттік қызметшілерді даярлауға, біліктілігін арттыруға қосқан үлесі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Ғылыми жетістіктеріңіз көп болсын! Жаңа қызметте мол табысқа жетуіңізге тілектеспіз!

 

 

Барлығы
19
Апрель
АКАДЕМИЯ МАГИСТРАНТТАРЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көмек көрсетуде. Магистранттар гуманитарлық жүктерді үшінші мәрте қоғам өкілдерімен бірлесе жіберді. Оның ішінде тамақ, жылы киім, матрастар, ыдыс-аяқ, күрек, қаптар, насостар және басқа да қажетті құралдар бар.

16 сәуір күні Академия магистранты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының СҚО бойынша қоғамдық орынбасары Елена Семидоцких Мемлекет басшысына әр ауданда гуманитарлық көмек қабылдау пункттерінің ашылғаны жайлы есеп берді.

Академия магистранты, «AMANAT»  партиясының Павлодар филиалы төрағасы Илья Теренченко группаластарымен бірге су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетті.

«Ең алдымен, біз  халыққа қажет тауарларды сатып алдық. Сондай-ақ СҚО-ға дейін алып баратын көлік шығындарын мойнымызға алдық. Ақмола облысы Атбасар ауданының магистранты насостар сатып алуға көмектесті. Сонымен қатар ерікті ретінде бізбен бірге қоршаулар жасап,  қаптарды түсіріп, оларды толтыруға атсалысты және көмек ретінде техникасын да жұмылдырды. Еліміздегі төтенше жағдай тезірек аяқталып, көп ұзамай су басқан өңірлер тұрғындары үйлі болуына тілектеспін. Бүгінгі біздің басты міндетіміз – өз іс-әрекетімізбен басқаларға үлгі болып, көмек көрсетуге  мүмкіндігіміз болса, әрдайым қол ұшын созу керек екенін  жеткізу», – деді ол.

Магистранттарға СҚО тұрғындары үшін керекті заттардың тізімі алдын ала берілген. Акцияны басқа магистранттар да қолдап, еріктілер жақын маңдағы өңірлерге, сондай-ақ Алматы облысына да гуманитарлық жүк жіберуді жалғастыруда.

Барлығы
19
Апрель
Конституцияның 30 жылдығы және Беларусь Республикасы Президенті Институтының жұмыс істей бастауы

Академияның 30 жылдығы аясында өткен Даму күнінде Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесу өтті.

 

Дәріс барысында Елші Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай жайлы айтып, ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, мемлекет жүргізіп отырған ұлттық саясаттағы түрлі ұлттық мүдделерге тоқталды.

 

«Ұлттық құрылтайдың негізгі мақсаты – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін тың идеялармен жоспарларды әзірлеу, қоғамда туындайтын әлеуметтік қайшылықтарды шешу үшін жұмыс істеу. Биыл екі маңызды күн атап өтіледі. Оның біріншісі Беларусь Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл және Президенттік институттың 30 жылдығы. Бұл Беларусь Республикасының жаңа тарихының маңызды кезеңдері, ол Қазақстан Республикасы сияқты егеменді мемлекеттік даму жолында көркейіп келеді», – деді Елші өз сөзінде.

 

Кездесу соңында Павел Утюпин тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, табыс тіледі. Өз кезегінде Академия ректоры Ерлан Әбіл Елшіге Академияда дәріс оқығаны үшін алғысын білдірді.

Барлығы
12
Апрель
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылғанына 80 жыл

Академияның 30 жылдығы аясында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, дипломатиялық қызмет ардагері, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы  Сайлау Батыршаұлымен кездесу өтті.

 

Сайлау Батыршаұлы  «ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылғанына 80 жыл» тақырыбында дәріс оқып, дипломатияның пайда болу тарихы туралы айтып, дипломатиялық қызметтегі орасан зор тәжірибесімен бөлісті. Қазақстанның халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, өз мүддесі үшін сыртқы саясатты айқындау туралы айтты.

 

Сондай-ақ, тыңдаушыларға арналған «Тәуелсіздік жолындағы Дипломатия» атты кітабын таныстырды. Дипломатия институтының директоры Алексей Волков өз кезегінде Сайлау Батыршаұлына қызықты әрі мазмұнды дәрісі үшін алғысын білдірді.

 

Іс-шара соңында ол Академия білім алушыларының сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанның қазіргі халықаралық қатынастары туралы пікірімен бөлісті.

Барлығы
12
Апрель
ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін Академияда Ғылым апталығы аяқталды. Апталық аясында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрінің «Ғылымдағы инновациялар: тенденциялар мен перспективалар» атты қонақ дәрісі, өңірлік вебинарлар, Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы шығарған кітаптар көрмесі, «Идеялар фабрикасы» талқылауы, «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналында мақалалар жариялау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның ролі, аналитикалық жазбалар дайындау бойынша семинарлар, магистранттар мен докторанттар кеңесінің жұмысын жақсарту бойынша кездесу өткізілді.

Спикерлер ретінде қоғамдық, зерттеу және мемлекеттік мекемелердің басшылары, астаналық және облыстық әкімдіктер өкілдері, өңірлік университеттер оқытушылары мен сарапшылары, психологтар  қатысты.

Апталық StrateGOV жобасын талқылануымен аяқталды.   Академияның филиалдары мен білім алушылар желісін қоса отырып, ғылыми-зерттеу әлеуетін біріктіру жөнінде пікір алмасу болды. Жоба аясында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару және аймақтық экономика мәселелері бойынша өңірлік зерттеулер жүргізу жоспарлануда.

Барлығы
12
Апрель
Пікірсайыс ойыны

Бүгін Академияның 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған Даму күнінде «Қыран» зияткерлік дебат клубының (ағылшын лигасы) ойыны өтті. Пікірсайыс Академия қызметкерлері мен магистранттары арасында ұйымдастырылды. Пікірсайыс резолюциясы: Утилизациялық алымдарды болдырмау.

 

Бүгінгі ойынға қатысқан бәсекеге сай қызметкерлер мен білім алушылар өз ұстанымын көпшілікке нақты аргументтер арқылы жеткізді.

 

Оппозиция тобында Академияның мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығының басшысы Халбаев Ержан және Адами ресурстарын басқару институтының директоры Мусин Рустам ойын көрсетті, ал Үкімет тобында Дипломатия институтының бірінші курс магистранттары Закир Темірлан және Раманкулов Мақсат ойнады.

 

Дебат ойынының  нәтижесінде Оппозиция жеңіске жетті. Қатысушыларға мықты аргументтері мен мардымды жауаптары үшін, қызықты ойын үшін алғыс айтамыз.

 

Мемлекеттік қызметшілердің пікірсайыс ойындарына қатысуы – олардың көпшілік алдында ойын еркін жеткізуіне, тиімді шешімді тез арада қабылдауына септігін тигізері сөзсіз.

Барлығы
10
Апрель
СТУДЕНТТЕР АКАДЕМИЯ ФИЛИАЛЫНДА БІЛІМ АЛУДА

Академияның Ақтөбе облысы бойынша филиалында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен серіктестікті дамыту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Университет студенттері филиалда курс-семинар тыңдаушылары – мемлекеттік қызметшілермен бірге білім алып, тәжірибе алмасу мақсатында бірлесе жобалар дайындайды. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының білімгерлеріне мұндай мүмкіндік «Болашақ басқарушылар» жобасы аясында қарастырылған.

Сондай-ақ университет студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде» де білімін жетілдіруде.

Атап өтейік, Академия 2022 жылы университетке ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» стандартын енгізу жөнінде консалтингтік қызмет көрсетті.

Бүгін университет ректоры – Басқарма төрағасы Лаура Чапаевна Карабасова филиал тындаушыларымен мотивациялық кездесу өткізді. Еліміздегі ең жас ректор кездесу барысында білім беру менеджменті бағытында өз тәжірибесімен бөлісіп, университетте қолға алынып жатқан жобалармен таныстырды және тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

Барлығы
10
Апрель
Мемлекеттік қызмет және ғылым

Академияның Шымкент қаласы және Қызылорда облысы бойынша филиалдарында 12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым және мемлекеттік қызмет» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы, техника ғылымының кандидаты, PhD докторы Сабит Ибадулла, Экономика ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Экономика» кафедрасының профессоры Алтын Есиркепова, педагогика-психология магистрі, практик-психолог Гулжан Қожахметова қатысты.

Сабит Ибадулла ғылым жолындағы ізденістері, еліміздегі Роботехника саласындағы ғылыми жетістіктер туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесуге қатысқан басшы лауызымына алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер еліміздегі цифрландыруға, SMART CITY-ге, робототехника мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлеріне байланысты сұрақтарын қойды.

Мемлекеттік қызметшілердің ғылымдағы белсенділігін арттыру мақсатында кеңестер ұсынылды.

 

Барлығы
10
Апрель
Қоғамдық бақылау – сапа кепілі

Академияда Ғылым апталығы аясында Бюрократиядан арылту сыбайлас жемқорлыққа саясат пен этика секторының ұйымдастыруымен қоғам мен қоғамдық ұйымдардың рөлін талқылауға арналған кеңес отырысы өтті.

Шараға Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Болат Қасымов және «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов және Академия қызметкерлері, тыңдаушылары қатысты.

«Қоғамдық бақылау мемлекеттік қызметшілермен бірге ұйымдастырылады. Егер мемлекеттік қызметшілер хатқа жауап бермей немесе ақпаратпен бөліспей отырса, ешқандай қоғамдық бақылау болмайды. Сондықтан Академияның магистрант, докторанттарымен кездесу, байланыс орнату, ақпаратпен бөлісу – өте маңызды. Қоғамдық бақылаушылар – елдің қамын ойлайтын, қоғамда болып жатқан жүйелі мәселелерді қозғайтын тұлғалар. Бүгінгі баяндамамда осындай ақпараттарды жеткіздім, жұмыстарымыздың нәтижесін көрсеттім. Болашақта Академия түлектерімен өңірлерге барғанда нәтижелі жұмыстар атқарамыз деп сенемін», – деді Дидар Смағұлов.

Барлығы
05
Апрель
Магистранттардың магистрлік жобаларының алдын ала қорғауы өтті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Академия магистранттарына арналған сараптамалық талқылау өтті. Жиында азық-түлік қауіпсіздігін басқару және аграрлық сектордың даму контексінде оқу модулін құру мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ магистранттардың магистрлік жобаларының алдын ала қорғауы өтті.

Шараның мақсаты – Академия магистранттарының магистрлік жобалар аясында берілетін ұсыныстарының сапасын арттыру. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Егіншілік департаментінің директоры Мұрат Іргебаев, Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Ерлан Ильясов, Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті  директорының орынбасары Сәуле Журынова, Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Айнұр Ардабаева, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Дамир Қалдыбаев, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары қатысты.

Талқылау барысында «Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасының магистранттары Хатепова Н.С. «Қазақстан халқы үшін азық-түліктің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдары»,
Халиуллин Ж.Ж. «Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бағаны тұрақтандыру тетіктерін жетілдіру»,
Елтаев Б.Е., «Ақмола облысының мысалында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық субсидияны дамыту»,
Күнтуов Н.Ж. «Ұлттық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау» және т.б. тақырыптар бойынша магистрлік жобаларын баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кеңеске ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сұлтанов Азат Сирражиддинұлы мен экономика ғылымдарының докторы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Дуламбаева Раушан Тлегенқызы басшылық етті.

Барлығы
05
Апрель
ҚОҒАМДА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

Академияда «Даму күні» аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот судьясы Досжан Сарманқұлұлы Әмірмен кездесу өтті. Судья «Қоғамда заң үстемдігі болуы қажет» тақырыбында танымдық дәріс өткізіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Досжан Сарманқұлұлы Академия қызметкерлері мен білім алушыларына статистикалық деректер ұсынып, сот процесі жайлы ақпарат берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұсынған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» ойына терең тоқталды.

 

«Заң мен тәртіп қатаң сақталған қоғамда ғана әділетті мемлекет орнайды. Бүгінгі күні әділ шешім шығару үшін судьялар барлық шараны қолданып жатыр. Заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету – негізгі борышымыз. Кез келген дау сотқа келіп тіреледі. Сондықтан егжей-тегжейлі тексеріп отырып, шешім шығарады», – деді Жоғарғы сот судьясы.

 

Академияда «Даму күні» аясында Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы вице-президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ф.ғ.д., профессор Құрманалиев Кәрімбек Арыстанбекұлымен кездесу өтті.

 

Кәрімбек Арыстанбекұлы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» үш таған – басты құндылығымыз» тақырыбында семинар өткізді. Тыңдаушылармен жоғары деңгейдегі жүйелі ойларымен бөлісті. Кездесу барысында Академия қызметкерлері мен білім алушылары өзекті сұрақтарына жауап алды. Атап өтейік, кездесулерді Академияның  Басқару институты ұйымдастырды.

 

 

Барлығы

Your browser does not support SVGs