Академия
жаңалықтары

28
Март
ТМД елдері Мемлекеттік басқару академияларының форумы

2024 жылдың 27-29 наурыз күндері Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында ТМД елдері Мемлекеттік басқару академияларының форумы және «Басқару жүйесіндегі тұлға» тақырыбындағы V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.

Ректор Әбіл Ерлан Академияның мемлекеттік басқару кадрларын даярлаудағы тәжірибесімен бөлісті. Форум барысында қатысушылар білім  және ғылым саласындағы жобаларды бірлесе іске асыру мәселелерін талқылады. Форум аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы Қоғамдық кеңесінің отырысы  өтті.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Академия ректоры Ерлан Әбіл «Басқарушылық дәстүрлер мен инновациялар» пленарлық сессиясының жұмысына қатысты.

ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев Академия ректорын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша өзара ынтымақтастықты арттыру  мәселелері талқыланды.

 

Барлығы
18
Март
Академия магистранттары ғылыми тағылымдамадан оралды

Академия магистранттары Климент Охридский атындағы София университетінде 14 күндік ғылыми тағылымдамадан өтті.

София университеті – Болгария мен Шығыс Еуропадағы ең беделді оқу орындарының бірі ретінде танымал. Университет ғылыми зерттеулерге белсенді түрде қатысады және халықаралық жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Академия мен университет арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға 2023 жылдың 18 шілдесінде қол қойылған. Меморандум аясында «Өңірлік басқару» мамандығының 24 магистранты, «Адами ресурстарды басқару» мамандығының 14 магистранты 2 апталық ғылыми тағылымдамаға барып келді.  Сапар барысында Академия магистранттары өздерінің магистрлік жобаларына қатысты құнды ақпараттар жинақтады.

Тағылымдама жоспарына сәйкес магистранттар София, Бургас, Несебър, Созопол қалаларының тарихы мен жергілікті өңірлердің дамуымен танысты. Магистранттарға дәрістерді София университетінің, Бургас Еркін университетінің және «Профессор доктор Асен Златаров» университетінің беделді оқытушылары жүргізіп, басқару және қауіпсіздік, Адам ресурстарын басқару және т.б. тақырыптарды қозғады.

Сондай-ақ Магистрлерді Бургас муниципалитетінің мэрі Димитар Николов қабылдады. Мэр өзінің бюджет, қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Станимир Апостоловпен бірге жергілікті әкімшіліктің білім беруді, инвестицияларды, әлеуметтік саясатты жақсартудағы рөліне байланысты көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға кадрларды тарту және ұстап тұру, жазғы маусымнан тыс туризмді дамыту сынды тақырыптарды талқылады.

Магистранттарға университет тарапынан екі апталық тағылымдаманы сәтті аяқтағаны туралы сертификат табысталды.

 

Барлығы
18
Март
Ұлттық киім күні

Бүгін Академияда Ұлттық киім күніне орай іс-шара өтті. Академия ректоры Әбіл Ерлан қызметкерлер мен білім алушыларға әр аптаның жұма күні ұлттық нақыштағы киім киіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге шақырды.

Наурызнама онкүндігі аясында өткен шарада қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуымен ұлттық киімдер сән көрсетілімі өтті.

Сән көрсетілімінің басты мақсаты – азаматтардың санасына әлеуметтік маңызы бар құңдылықтардың және қазақтың мәдени, тарихи өткеніне, дәстүрлеріне құрметпен қарауға шақыру. Қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеп, көпшілікке танымал ету.

Мерекелік іс-шараны Академияның Кәсіби даму институты мен Мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығы ұйымдастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы
18
Март
Балаларға арналған кітап көрмесі

Академияда қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің немересі Дәурен Қастеевтің шығармаларының көрмесі өтті.

Галереяға Дәурен Қастеевтің шығармаларының ішіндегі ең атақты қазақтың тотемі «бөрі» картинасы да қойылды.  Сондай-ақ келушілер таулардағы көктемнің келуі мен жайлау тақырыбындағы суреттерді тамашалады. Ілияс Жансүгіровтің поэмасы негізінде салынған графика суреттері де  көрмеге қойылды.

Көрермендер назарына «Киіз үйде керемет көп», «Ер қадірін ел білер, зер қадірін зергер білер» бейнефильмдері мен балалар әдебиетінің кітап жәрмеңкесі ұсынылды. Балаларға арналған кітап көрмесінде 3 тілде жазылған шығармалар бар. Қойылған кітаптардың  ішінде халқымыздың аңыз-ертегілері,  кішкентайлар қызығып оқитын космоспен байланысты шығармалар мен қаржылық сауаттылыққа үйрететін туындыларды кездестіруге болады.

Мерекелік іс-шараны Академияның электоралдық оқыту орталығы ұйымдастырды.

Барлығы
15
Март
15 НАУРЫЗ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ

Бүгін Академияда Кәсіподақтың ұйымдастыруымен Қайырымдылық күні аталып өтті. Шара барысында «30 жылдық мерейтойға – 30 игі іс» жобасы аясында «Наурызға тарту» балаларға кітап сыйлау жәрмеңкесі жарияланды.

Акция қазақ тіліне аударылған заманауи әлем әдебиетін ауылды мекендегі, кенттердегі балаларға тарту ету мақсатында қолға алынды.

Жоба серіктесі – «Steppe&World» баспа үйі. Акция 15-20 наурыз аралығында өткізіледі.

Қайырымдылық жасау – Академия құндылықтарының бірі. Академия ұжымы мен тыңдаушыларын «Наурызға тарту» балаларға кітап сыйлау жәрмеңкесіне белсенді қатысуға шақырамыз! Жиналған қаражатқа жас оқырманға қызықты әрі тартымды болатын кітаптар сатып алынып, мектеп кітапханасына табысталады.

Акция қатысу үшін аударымды «Наурызға тарту» кілт сөзімен жіберулеріңізді өтінеміз.

Kaspi Gold: 8747 254 47 86 Бауыржан Бағылай, Академия Кәсіподағының төрағасы

 

 

 

Барлығы
15
Март
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ИНСТИТУТЫ

Бүгін Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында «Даму күнінде» кездесулер ұйымдастырылды. Қонақ дәрістерге қызметкерлер мен білім алушылар қатысты.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Щегорцова Анастасия Геннадьевна «ҚР Сайлау Институты» тақырыбында дәріс оқыды. Тыңдаушыларға сайлау құқығының принциптері, Тәуелсіз Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы, түсінігі мен түрлері жайлы айтты. Елімізде сайлау жүйесін дамыту, Қазақстан Республикасының сайлау процесінің құқықтық негіздері мен комиссия өкілеттіктеріне де тоқталды.

Дәрігер терапевт Айгүл Шаханқызы Макуш қызылша вирустық инфекциясының белең алуына байланысты дәріс оқыды. Дәрігер қызылша инфекциясының алдын алу жолдарымен бөлісті, емдік шараларға тоқталды.

Аурудың себептері мен белгілері туралы айтып, қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Барлығы
14
Март
Көрісу күні – Амал мерекесі атап өтілді

14 наурыз күні Академияда Наурыз мейрамының бастауы «Амал келді – жыл келді»  мерекелік іс-шара атап өтті.

Көрісу күні – Амал мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарада қызметкерлер мен білім алушылар салт-дәстүрлеріміз туралы көрініс тамашалады. Академияның құрметті профессоры Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдин жастарға ақ батасын берді. Ұлттық ойындардан түрлі жарыстар өтіп, қатысушылар қазақ халқының тағамдарынан дәм татты.

Мереке барысында Академияның өнерлі білім алушылары ән мен жырдан шашу шашып, халық күйлерін күмбірлете орындады. Сондай-ақ  шарада отандық зергерлеріміз күмістен жасалған қазақи бұйымдардан ерекше көрме ұйымдастырды.

Көрісу күні – татулық, мейірімділік пен ізгілік мерекесі. Бұл күні қазақ қыстан аман-есен шыққанына, көктемде туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Айта кетейік, Наурыз мейрамының бастауы болған Көрісу күні – Амал мерекесін Академияда Басқару институтының магистранттары ұйымдастырды.

Береке мен бірліктің бастауы болған «Көрісу күні – Амал мерекесі» құтты болсын!

 

 

Барлығы
07
Март
Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш өтті.

Іс-шараны ҚР Мемлекеттік басқару қызмет істері агенттігі және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.

Мереке қарсаңында  театр “Шәмші” қойылымын көрсетті.

Кеш соңында Агенттік төрағасы құттықтау тілегін айып, Мемлекеттік басқару академиясының қызметін қамтамасыз ету жолындағы еңбегі үшін бірқатар нәзік жандыларды Алғыс хатпен марапаттады.

Барлығы
07
Март
Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілімен кездесу

Академия ректоры Ерлан Әбіл Халықаралық бағдарламалар орталығымен өзара серіктестікті нығайту мақсатында Басқарма төрағасы Әлия Оспановамен кездесті.

Кездесуде екі ұйым қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, ел экономикасының негізгі секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мәселесі қарастырылды. «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасына және әлемнің озық жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Тараптар адами ресурстарды дамытуға және мемлекеттік басқару саласындағы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Барлығы
05
Март
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетімен ынтымақтастық орнатылды

Бүгін ҚР Қарулы күштерінің Әскери-Тарихи мұражайында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған шараға Академия ректоры Ерлан Әбіл және ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков қатысты.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға өзара көмек көрсету, білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын бірлесіп жүзеге асыру, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша заманауи технологиялар мен әдістерді әзірлеу және енгізу саласында тәжірибе алмасуға бағдарланады.

Кездесу барысында тараптар негізгі қызметтерімен таныстырып, өзара тиімді ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылады.

Барлығы
04
Март
ИДЕЯЛАР ФАБРИКАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫ

Мемлекеттік басқару академиясының «Идеялар фабрикасы» бірегей жобасының жаңа маусымы үш жылдан кейін қайта басталды.

Сарапшылар жиынында Академия ректоры Ерлан Әбіл жобаның маңызын түсіндіріп, мақсаттарына тоқталды.

«Идеялар фабрикасы» – бұл мемлекеттік басқару саласында оң нәтижелерге қол жеткізетін шешімдерді дайындау мақсатына арналған тың идеялар алаңы. Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту идеяларын ұсынатын платформа «Мемлекеттік қызмет: жылдам жеңістер» ұранымен өтті.

Бұл жолы Академия магистранттары Бағлан Қуанов «Цифрлық жұмыс орны», Ерлан Қалмақов «Адал азамат» қоғамдық әдеп құндылықтарының акселераторы», Назгүл Хатепова «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау әдістемесін жетілдіру» жобаларын алғаш рет талқыға ұсынды.

Талқылауда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, Академияның вице-ректоры Алия Масалимова, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры орынбасары Сәуле Жұрынова, Қоғамдық даму институты директорының орынбасары Олжас Бейсенбаев, қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ сарапшылары, Қазақстан агротехникалық зерттеу университетінің профессорлары өз пікірлерін ортаға салды.

Ұсынылған идеялар қатысушылардың кәсіби қызығушылығын туғызды.

 

 

 

 

 

 

Барлығы
01
Март
Даму күніне шолу

Академияда “Даму күні” аясында  Алыс айту күніне  магистранттар кеңесі  мерекелік іс — шара ұйымдастырды.

Атаулы күні ректор Әбіл Ерлан Академия қызметкерлері мен білім алушыларын мерекемен құттықтап, алғыс айтты. Мерекелік іс – шарада Академия білім алушылары өнерлерін көрсетіп, оқытушылар мен қызметкерлерді Алғыс айту күнімен құттықтады.

«Даму күні» аясында «Қыран» зияткерлік дебат клубының финалы өтті. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Академияның MRD-23  тобының пікірсайысшы магистранттары финалдық бәсекеде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрамасымен пікір таластырды.

«Даму күні» аясында Сенат Аппаратының Басшысы Споткай Максим Александровичпен кездесу өтті. Споткай Максим  Қазақстандағы парламент институты: сенат палатасының қызметі жайлы дәріс оқыды.

Бүгін Мемлекеттік басқару академиясында «Идеялар фабрикасы» жобасының жаңа маусымы басталды.  Сарапшылық талқылауда Академия ректоры Ерлан Әбіл жобаның маңызын түсіндіріп, кездесуді бастап берді.

Барлығы
01
Март
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Академияда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының талаптарын іске асыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп семинар өтті.

Семинарға квазимемлекеттік сектордың комплаенс қызметінің басшылары мен комплаенс қызметкерлері, ведомстволық бағынысты ұйымдары бар Орталық атқарушы органдардың 100-ге жуық өкілі қатысты. Сондай-ақ 300 ден астам  қатысушы Zoom платформасында онлайн-трансляцияға қосылды.

Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Комплаенс қызметкерлеріне заң үстемдігіне, өзара сенім мен ашықтыққа негізделген бизнес-процесстерін дамыту миссиясы жүктелген.

Комплаенс қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Академия әдістемелік ұсыныстар әзірледі: парақорлыққа қарсы басқару жүйелері, ұйымдардың қызметінде қолдану талаптары мен нұсқаулары.

Бұл әдістемелік ұсынымдар комплаенс қызметтердің құзыретін кеңейту және парақорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізу мен қолдаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу мақсатында дайындалды.

Барлығы
01
Март
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық

Бүгін 2024 жылғы 1 наурызда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Қ. Әбіл және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі К.А. Тулеушиннің Ішкі істер министрлігінің ұжымымен екі үкіметаралық бағыт бойынша жұмыстарды іске асыру: басқарудың икемді (agile) әдістері негізінде жаңа бастамаларды жеделдету үшін Ұлттық акселераторды іске қосу және «Capacity building & Leadership» көшбасшылық бағдарламалары бойынша оқытуды бастау жөнінде кездесуі өтті. Кездесу ІІМ аппаратының басшысы, полиция генерал-майоры О. Б. Бекиевтің төрағалығымен өтті.

Ұлттық акселератор және Көшбасшылық бағдарламалары Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы «Government Asselerators» және «Capacity Building & Leadership» үкіметаралық бағыттарды іске асыру шеңберінде іске қосылады.

Акселерация шешімдерді бірлесіп әзірлеуді және оларды барлық мүдделі қатысушылардың мемлекеттік органдар, сондай – ақ бизнес және сараптамалық қоғамдастықтар тарапынан, идеядан бастап нақты нәтиже алғанға дейін нақты уақыт аралығы-100 күн ішінде іске асыруын көздейді.

Акселерацияның бірінші легі көшбасшылар командаларының қатысушылары «Kazakhstan Executive Leadership» көшбасшылық бағдарламасы бойынша тыңдаушылар тізіміне енгізіледі.

Барлығы
23
Февраль
«ЖАҺАНДАНҒАН ӘЛЕМНІҢ ГЕОСАЯСИ КЕЛБЕТІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Бүгін «Даму күні» аясында профессор оқытушылар құрамы Сенатының ұйымдастыруымен Академияның бас ғылыми қызметкері, Басқару институтының профессорының м.а. Саржанов Дәурен Қожабергенұлы «Ғылыми тағылымдама: 500 ғалым» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы жайлы айтып, бағдарламаның беретін мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі Әділ Ахметтің «Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» монографиялық еңбегінің  тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесерге Академия ректоры Ерлан Әбіл,  профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар мен докторанттар қатысты.

«Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» монографиясында автор Нобель сыйлығы лауреаттарының жазған еңбектеріне сараптама жасаған. Сонымен қатар, автордың егемен еліміздің әлемдік геосаясаттағы дара жолын көрсететін сараптамалық мақалалары топтастырылған.

Кездесу барысында автормен тыңдаушылар тарапынан екі жақты мазмұнды пікіралмасу болды. Жиын соңында академик Әділ Ахмет оқу орнының кітапхана қорына өз еңбектерін табыстады.

Даму күні аясында «Қыран» зияткерлік дебат клубының жартылай финалы өтті. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен магистранттар жартылай финалда «Мемлекеттік қызметшілерге саяси партияларға мүше болуына тыйым салу керек» тақырыбында ой жарыстырып, пікір таластырды.

Пікірталас қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрамасы басым түсіп, финалға жолдама алды. Ойыншыларға сәттілік тілейміз.

 

 

Барлығы

Your browser does not support SVGs