Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттік басқару саласындағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет. Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды орындау жауапкершілігіне деген көзқарасты өзгертуден бастауымыз керек»,-деді.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жекелеген саяси қызметтерге үміткерлердің құзыреттерін бағалау үшін ассессмент-орталық әдісі енгізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сіздерге «Ассессмент-орталық» әдісі негізінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалаудың кешенді жүйесін енгізу бойынша қызметтер ұсынады.
- Ұйым қызметкерлерінің құзыреттер моделін әзірлеу;
- Бағаланатын құзыреттерді талдау;
- Ассессмент-орталық үшін жаттығулар әзірлеу;
- Ассессмент-орталықты өткізу;
- Танытылған құзыреттіліктер профилін талдау (лауазымдардың/құрылымдық бөлімшелердің деңгейлері бойынша…);
- Әрбір қатысушыға сарапшылық кері байланыс жасау.