Біліктілікті арттыру туралы

БЮДЖЕТТІК НЕГІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру – олардың құзыреттерін жетілдіру үшін оқыту семинарлары.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы     № 416-V Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Біліктілікті арттырудың ұзақтығы 8-ден 80 академиялық сағатқа дейін құрайды.

Мемлекеттік қызметшіні біліктілігін арттыруға жіберу туралы шешімді оқуға жіберілетін мемлекеттік қызметші бағынатын мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы қабылдайды.

Тыңдаушылар топтарын жасақтау сауалнама-өтінім негізінде жүргізіледі. Сауалнама-өтінім «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-қызмет» ЫАЖ) арқылы қабылданады. Егер мемлекеттік орган «Е-қызмет» ЫАЖ-не қосылмаған немесе «Е-қызмет» ЫАЖ жұмысында қиындықтар туындаған жағдайда, сауалнаманың сканерленген нұсқасы электрондық пошта арқылы жіберіледі.  

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларына өтінімдерді қабылдау бекітілген бөлу қағазына сәйкес жүргізіледі:

Оқуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: 30 күн бұрын семинар басталғанға дейін.

Оқуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: семинар басталғанға дейін 5 күн бұрын немесе топ толық жасақталғанда (оқу жоспарына сәйкес).

ШАРТТЫҚ НЕГІЗДЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілер, дипломатиялық қызмет персоналы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, азаматтық қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасайтын азаматттар біліктілігін арттырудан өте алады.

Біліктілікті арттыру жоспар-кестеде көрсетілген тақырыптар мен мерзімдер бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.

Шарттық негіздегі семинарларға өтінімдерді қабылдау мемлекеттік органның, азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ өзге де тұлғалардың сұранысы бойынша және жасалған шартқа сәйкес жүргізіледі.

Оқуға арналған шарт мемлекеттік сатып алу порталы арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада жасалады.

** Семинарлардың ұзақтығы, тақырыптары және бағдарламалардың мазмұны мемлекеттік органдардың/ұйымдардың жеке сұрауларына сәйкес кеңейтілуі мүмкін.

*** Күнтізбеде көрсетілген мерзімдер топтардың жасақталуына байланысты және мемлекеттік органдардың/ұйымдардың жеке сұрауларына сәйкес өзгеруі мүмкін.


Your browser does not support SVGs