АКАДЕМИЯ КОМПЛАЕНСІ

       Академия мемлекеттік ұйымдар арасында алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін сертификаттаудан сәтті өтті.

Комплаенс институты Академия басшылығының бастамалары аясында келесі мақсаттарға сәйкес құрылды:

  • парасаттылық қағидаттарына негізделген ішкі ұжымдық мәдениетті қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мәселелерді қоса алғанда заңнамалық талаптарды және ең үздік халықаралық тәжірибені сақтауды қамтамасыз ету.

     Академиядағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасатты және әдепті мінез-құлықты ұстануды қамтамасыз ету жөніндегі функциялар комплаенс-офицерге жүктелген.

 

    Академияда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілетіні туралы хабарлаймыз

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағыттың 2024 жылы жүзеге асырылуын көздейтін жобалар картасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» жобасы 2024 жылдың 2 қыркүйегінде басталатынын хабарлаймыз.

Оракбаева Салтанат Шохановна

Академияның бас сарапшысы-комплаенс офицері


Your browser does not support SVGs