Академия
жаңалықтары

30
Октябрь
2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсы

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы (бұдан әрі — Конкурс) жариялайды.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсы» ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м. а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына (бұдан әрі — қағидалар) сәйкес өткізіледі https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506.

Конкурсқа штаттық оқытушылар болып табылатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

I кезең университетішілік кезең 2025 жылғы 3-14 қараша аралығында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер құжаттарды электрондық форматта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің  Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады (universitycontest2025.iac.kz):

1) қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім;

2) қағидалардың  2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер (2025, 2024, 2023, 2022, 2021 жж));

3) қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі (2025-2026 оқу жылы);

4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі — 2025 жылғы 17-19 қараша аралығында өткізіледі.

II кезеңі — республикалық кезең 2025 жылғы 1-12 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Республикалық кезеңге қатысу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің АЖ-сі арқылы  кезеңнің қорытындылары бойынша іріктелген электрондық форматтағы үміткерлердің конкурстық құжаттамасын жібереді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2025.iac.kz сайтында жарияланатын болады.

Барлығы
29
Октябрь
Академияда су дипломатиясы бойынша алғашқы докторлық диссертация қорғалды

Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында докторант Альбина Еркінбайқызы Прниязова «Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстары: Қазақстанның су дипломатиясының дамуы мен болашағы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Су – стратегиялық ресурс, сусыз өмір жоқ» деп атап өтті. Президент сонымен қатар су дипломатиясын халықаралық ынтымақтастық пен орнықты дамудың маңызды бөлігі ретінде айқындап, осы бағытта білікті мамандар даярлау қажеттігін атап өтті.

Осы бағыттағы өзекті ғылыми ізденіс нәтижесінде Альбина Прниязова Қазақстанның су дипломатиясының дамуының ғылыми моделін ұсынып, «су дипломатиясы» ұғымына ғылыми анықтама берді.

Диссертациялық кеңестің 2025 жылғы 29 қазандағы шешімімен Альбина Еркінбайқызына «Халықаралық қатынастар докторы» ғылыми дәрежесі берілді.

Бұл еңбек Қазақстанда су дипломатиясы тақырыбында жазылған алғашқы докторлық зерттеулердің бірі болып табылады.

 

Барлығы
25
Октябрь
25 қазан – Республика күні!

25 қазан – Республика күні!
Бұл күн – халқымыздың азаттығы мен мемлекеттілігінің берік іргесін қалаған тарихи сәтті еске салатын мереке.

Барлығы
24
Октябрь
Бүгін Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Мерекелік шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекеттік органдардың бірқатар қызметкеріне және қоғам өкілдеріне Агенттік төрағасының Алғыс хаттары мен грамоталары табысталды.

Салтанатты жиынның ашылу салтанатында Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Республика күні халқымызды ортақ мақсаттарға біріктіретін, биік мұраттарға бастайтын ерекше Ұлттық мереке екенін атап өтті.

«Қоғамдық санада Заң мен Тәртіп қағидатын берік орнықтыра отырып Әділетті Қазақстанды құру, сол арқылы елдің игілігін арттыруға үлес қосу алдағы басты міндетіміз. Тәуелсіз елдің азаматы ретінде отанға адал, жауапкершілікпен, жанашырлықпен қызмет етсек Егемен еліміздің еңсесі биіктей берері сөзсіз», – деді Дархан Жазықбай.

Мереке қарсаңында Агенттіктің орталық аппараты, Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті және Мемлекеттік басқару академиясы қызметкерлерінің балалары арасында ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты балалар сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Республика күні құтты болсын!

 

Барлығы
24
Октябрь
Президенттік Жастар кадр резервіне іріктеу аяқталды

2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне қабылданды.

Осы жылдың маусым айынан бастап қазан айына дейін Резервке іріктеу жүргізілді. Құжаттарды қабылдау кезеңінде жобаның ресми сайтында 31 859 адам тіркелді, бұл еліміздің жас мамандары тарапынан жобаға деген жоғары қызығушылықты көрсетеді.

Төртінші іріктеудің басты жаңашылдығы – мемлекеттік аппарат үшін аса сұранысқа ие салалық бағыттар бойынша Резервті қалыптастыру болды. Кандидаттар белгіленген квоталарға сәйкес қабылданды:
− «инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты» бағыты бойынша – 8 адам;
− «агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша – 9 адам;
− «сыртқы саясат және инвестициялар» бағыты бойынша – 8 адам;
− «экономикалық және қаржылық саясат» бағыты бойынша – 7 адам;
− «цифрландыру» бағыты бойынша – 9 адам;
− «әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам» бағыты бойынша – 9 адам.

Жаңадан қабылданған резервшілердің толық тізімі pkrezerv.gov.kz жобаның ресми сайтында жарияланды.

Резервке алынған сәттен бастап үш жыл ішінде резервшілер саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына, сондай-ақ «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Барлығы
21
Октябрь
«Егемендік декларациясы – Тәуелсіздік жаршысы» атты дөңгелек үстел өтті

Мемлекеттік басқару академиясында Республика күні қарсаңында және «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның» 35 жылдығына орай «Егемендік декларациясы – Тәуелсіздік жаршысы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Сағатұлы Жолманов модераторлық етті.

Іс-шара барысында зиялы қауым өкілдері тарихи құжаттың мәні мен маңызын қайта зерделей отырып, мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

1990 жылғы 25 қазан – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі еліміздің егемендігін жариялаған күн. Бұл – Қазақстанның тәуелсіздікке бастар жолдағы шешуші тарихи кезеңі. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар егемендік декларациясының оңайлықпен қабылданбағанын, бұл жолда көптеген зиялы азаматтардың еңбегі сіңгенін атап өтті. Құжатты дайындау жөніндегі комиссияны көрнекті заңгер, академик Салық Зиманов басқарған болатын.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, профессорлық-оқытушылық құрам мен сарапшылар қатысты. Спикерлер қатарында ҚР Парламентінің депутаттары Нұртөре Жүсіп, Әли Бектаев, Жанарбек Әшімжанов, қоғам қайраткерлері Сұлтанов Қуаныш, Озғанбаев Өмірзақ, Қайролла Ережепов, Қуанышев Төлеген, Мемлекет тарихы институтының өкілі Жапсарбай Қуанышев, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының басшылары Талғат Нәрікбаев, Гүлжамал Жапарова, Бекмамбет Өмірбай қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар тарихи жадының, ұлттық бірегейліктің, мемлекетшілдік сана мен патриотизмнің маңызын атап өтті.

Егемендік – тарихи шешімдердің, ұлттың табандылығы мен азаматтардың ерен еңбегінің жемісі. Бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің бойында осы рухты сақтау – маңызды міндеттердің бірі.

 

Барлығы
19
Октябрь
Академияда «Күзгі кубок» Спартакиадасы өтті

2025 жылғы 19 қазанда Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Күзгі кубок» Спартакиадасы өтті.

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл спорттық шараға Агенттіктің, Академияның қызметкерлері, білім алушылары мен түлектері қатысты. Қатысушылар мини футбол, волейбол және үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен сынға түсіп, жоғары спорттық дайындық пен командалық рухты танытты.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен Академия ұжымының арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сонымен қатар әріптестік пен ұжымдық бірлікті нығайту болып табылады.

Жарыс қорытындылары

Мини футбол бойынша:
I орын – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
II орын – Басқару институты
III орын – Дипломатия институты

«Үздік қорғаушы» – Айекешов Жігер
«Үздік қақпашы» – Жарасов Дәурен
«Үздік ойыншы» – Таңатар Рауан

Волейбол бойынша:
I орын – МРР-2024 командасы (Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранттары)
II орын – Түлектер Альянсы (Академия түлектерінің құрама командасы)
III орын – Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің (МРР-2025) және Басқару институтының командалары

Үстел теннисі (ерлер арасында):
I орын – Тапаев Бекмурат (Мемлекеттік қызмет істері агенттігі)
II орын – Дусупбек Ақжан (МРР-2025)
III орын – Алипбеков Әлібек (Академия түлегі)

Үстел теннисі (қыздар арасында):
I орын – Айтымбет Гүлназ (Басқару институты)
II орын – Турышева Лаура (МРР-2024)
III орын – Арғынбаева Дина (Басқару институты)

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында сергектік пен достық атмосфера орнады. Спартакиада Мемлекеттік басқару академиясының ұжымдық мәдениетін нығайтып, денсаулық пен спорт құндылықтарын дәріптеуге өз үлесін қосты.

 

Барлығы
18
Октябрь
Академия делегациясы Қытайда БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған шараға қатысты

2024 жылғы 17-18 қазан күндері Қытайдың Шанхай қаласында Фудань университетінде (Fudan University) Sixth Dean’s Forum of the Union of Schools of Political Science and International Relations (USPIR) форумы және «Тыныштықты дамыту, ортақ қауіпсіздік және өркениеттердің бірге өмір сүруі» атты халықаралық симпозиум өтті. Бұл шара БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған.

Академия атынан вице-ректор Эльмира Оразалиева және Оқу саясаты орталығының жетекшісі Гүлсара Жүнусбекова қатысты.

Вице-ректор Эльмира Оразалиева «ООН және оның болашақ күн тәртібі» панельдік сессиясында «Өзгерістер дәуіріндегі жаңа формация лидерлерін даярлау» тақырыбында баяндама жасап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы жалпы дебаттардағы сөзінің маңыздылығын атап өтті. Ол қазіргі таңда «тұрақты суверенитет» және «жауапкершілік» ұғымдарын жаңғырту арқылы жаңа көшбасшылар даярлаудың негізгі бағыттары айқындалып отырғанын және Академияның мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудағы рөлінің маңыздылығын көрсетті.

Оқу саясаты орталығының жетекшісі Гүлсара Жүнусбекова стратегиялық шешім қабылдау және мемлекеттік процестерді тиімді басқару бойынша мемлекеттік қызметкерлердің құзыреттілігін арттырудағы Академияның рөлі туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар Фудань университетінің Халықаралық қатынастар және қоғамдық істер мектебінің (SIRPA) деканы, профессор Су Чангхэмен екіжақты кездесу өтті. Кездесуде білім беру мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын және бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар нақты бірлескен жобаларды іске асыру және тәжірибе алмасу арқылы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытты.

 

Барлығы
17
Октябрь
Академия модульдік оқыту қағидаты бойынша қабылдау жүргізетінін хабарлайды

Академия модульдік оқыту қағидаты бойынша қабылдау жүргізетінін хабарлайды. Сіздерге оқу мен жұмысты қатар алып жүруге жақсы мүмкіндік бар.

Биыл модульдік оқытуға мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор өкілдері, мәслихат депутаттары ақылы негізде түсе алады. Бұл сіздер үшін кәсіби өсу мен дамуға арналған бірегей мүмкіндік!

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 1 қарашадан бастап «EMPA – Мемлекеттік басқару» және «MRD – Өңірлік даму» білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. EMPA бағдарламасы бойынша басшылық қызметте кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі, ал MRD бағдарламасы үшін жалпы жұмыс өтілі кемінде екі жыл болуы керек. Оқу мерзімі – 12 ай, 6 академиялық модульді қамтиды.

Оқу форматы офлайн және онлайн форматта, кешкі уақытта және демалыс күндері өтеді.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 1-30 қараша аралығында admission.apa.kz платформасында онлайн жүзеге асырылады.

Оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз болса, мына нөмірлерге хабарласа аласыздар:
+7(7172)75-33-95
+7(7172)75-31-62

Құжаттар тізімі:

1. Мемлекеттік органның жолдамасы (мемлекеттік қызметшілер үшін).
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
3. Қосымшасымен бірге жоғары білім туралы сканерленген нұсқасы.
4. Мемлекеттік тілді білу деңгейі В1 деңгейінен төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқордан (ақпараттық жүйеден) алынған не жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат.
6) Электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш.

 

Модульдік оқытудың артықшылықтары:

Тәжірибеге бағдарланған бағдарламалар — құзыреттілік тәсіл
ТИІМДІЛІК:
Модульдер оқыту қарқыны оқу мазмұнын барынша тиімді игеруге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған
БІРКЕЛКІ ЖҮКТЕМЕ:
Модульдер біркелкі бөлінеді, бұл материалды игеруді жеңілдетеді
ЖЕКЕ КӨЗҚАРАС:
Оқыту барысында оқытушылар мен үйлестірушілерден икемді қолдау
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ:
Әрбір модуль аяқталғаннан кейін алған білім мен дағдыларды іс жүзінде қолдану мүмкіндігі.

 

Барлығы
15
Октябрь
Спартакиадаға қатысуға шақырамыз

Салауатты өмір салтын насихаттау аясында 2025 жылғы 19 қазан күні сағат 10:00-де Спартакиада өткізіледі.

Күзгі кубокқа Агенттік пен Академияның қызметкерлерін, сондай-ақ Академияның магистранттары мен докторанттарын белсенді қатысуға шақырамыз.

Қатысатын командалар:

▪️ Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы және қызметкерлері командасы

▪️ 1 курс білім алушылары командасы;

▪️ 1 курс білім алушылары командасы №2;

▪️ 2 курс білім алушылары командасы;

▪️ Түлектер командасы;

▪️ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі командасы;

▪️ Академия филиалдары командасы.

Әр команда келесі спорт түрлері бойынша қатысушыларды қамтуы тиіс:

▪️ мини-футбол;

▪️ волейбол;

▪️ үстел теннисі.

Қатысушылардан жарыс ережелерімен және жарысқа қатысушының жауапкершілігі туралы қолхат мәтінімен алдын ала танысуды сұраймыз.

Спорттық шара барысында медициналық қызметкерлер болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қатысушылардан өздерінің дене дайындығына назар аударуды, медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ екеніне көз жеткізуді және жарыс алдында міндетті түрде жаттығу жасауды сұраймыз.

Өтінім формасын 2025 жылғы 18 қазан, сағат 14:00-ге дейін толтыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 700 168 09 79

Өтетін орны: Астана қ., Ы. Дүкенұлы көшесі, 23, Спорт кешені

Барлығы
30
Сентябрь
Италия Президенті Серджо Маттарелла Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды

 

Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелла мырза Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына келіп, профессор-оқытушы құрамы, докторанттары мен магистранттарына арнайы дәріс оқыды.

Кездесудің ашылуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбай қадірменді қонақты Мемлекеттік басқару академиясында арнайы қарсы алудың үлкен мәртебе екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Италияның екіжақты байланыстары – мемлекет басшылары орнықтырған өзара достық, құрмет және сенімді диалогты дамытуға бағытталып келе жатқанына назар аударды.

«Бүгінде екі ел арасында білім беру саласында да сәтті ынтымақтастық орнағанын айта кеткен жөн. 2016 жылы Академия мен Италия Республикасының Боккони (Bocconi) университеті бірлесіп, қос диплом бағдарламасын жүзеге асырды. 2024 жылы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебімен (SNA) меморандумға қол қойылды. Бұл ынтымақтастықтың келешектегі ерекше бағыты ретінде, мемлекеттік қызмет институттарын нығайту, жасанды интеллектіні тиімді қолдану және заманауи HR тәсілдерін енгізуде тәжірибе алмасуды атап өтуге болады» — деді Агенттік Төрағасы.

Өз сөзінде Серджо Маттарелла мырза заманауи мемлекеттік басқаруда адамға бағдарлану, цифрлық трансформация, мемлекеттік қызметшілерді тұрақты түрде кәсіби даярлау және жасанды интеллектіні қолданудың маңызды мәселелеріне тоқталды.

«Сіздердің Академияларыңыз Италияның Ұлттық басқару мектебі сияқты, бұл салада орталық рөл атқаруы тиіс. Себебі дәл осы оқу орындарына кадрларды алдын ала даярлау және басқару міндеті жүктеледі – ал бұл кадрлар елдегі күрделі процестерді үйлестіруге жауапты болады. Мемлекеттік басқару жүйесі қызметкерлерін оқытуға салынған инвестициялар – елдің болашағына салынған инвестициялар», – деді Италия Президенті.

Мәртебелі қонақтың дәрісі ашық диалог және тиімді пікір алмасумен аяқталды.

Барлығы
26
Сентябрь
Академия ректоры Қызылорда облысы филиалында кездесу өткізді

Академия ректоры Азамат Сағатұлы Жолманов Қызылорда облысы бойынша филиалына жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында филиалдың қызметімен танысып, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, біліктілікті арттыру және цифрлық басқару бағытындағы жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ, жаңа жобалар мен өңірдің мемлекеттік қызметкерлерін кәсіби дамытуға арналған бастамаларға ерекше назар аударылды.

Бұл кездесу академия мен аймақтық филиалдың өзара әріптестігін нығайтып, мемлекеттік басқару саласындағы білім беру сапасын арттыруға ықпал етпек.Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамыту – еліміздің тұрақты дамуының басты кепілі.

Барлығы
26
Сентябрь
Еңбек адамдары еленген күн

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл — ел дамуына сүбелі үлес қосып, табанды еңбегімен жетістікке жеткен мамандарға көрсетілетін құрметтің ерекше күні. 17 қызметкерді атаулы мерекемен вице-ректор Бекіш Ұлан құттықтап, елеулі еңбектері мен үлестері үшін алғысын білдірді.

Академия әрдайым еңбек адамдарының адал қызметін жоғары бағалайды. Осы мереке қарсаңында Инфрақұрылымдық қызмет көрсету және «Жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үй» қызметтерінің мамандары, сондай-ақ Академия филиалдарының қызметкерлері ректор Азамат Сағатұлының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өз ісіне адалдықпен қарап, зор жауапкершілікпен еңбек еткен жан әрдайым лайықты марапатқа ие болады. Академияның қажырлы қызметкерлерін алған марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс пен сәттілік тілейміз!

Барлығы
26
Сентябрь
Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Қызылорда облысында Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті.

Оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, орталық және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілетіп, мемлекеттік қызметшілер арасында Заң мен тәртіптің орнығуына  айрықша ықпал ету. Мұнда әсіресе Әдеп жөніндегі уәкілдерге ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Іс-шараның ашылуында Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтқан «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасады, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады» деген сөздерін тілге тиек етіп, «Заң және тәртіп» қағидаты мемлекеттік қызметшілерден бастау алу керектігін атап өтті.

Агенттік төрағасының айтуынша мемлекеттік органдарда жаңадан Профилактика қызметін құру көзделіп отыр. Оның негізгі міндеттері – жемқорлықтың алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін, оның ішінде комплаенс-қызметтердің қызметін үйлестіру.

Сондай-ақ, ерекше назар аударатын маңызды өзгерістердің бірі – қызметтік тергеп-тексеру рәсімдерінің институционалдық түрде қайта құрылуы. Бұл ретте кадр қызметтері өздерінің негізгі міндеті – персоналды дамыту мен тиімді кадрлық саясатты жүргізуге бағытталса, қызметтік тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу өкілеттігі толықтай Профилактика қызметіне беріледі. Бұл өзгерістер жаңа Заң жобасында нақты қарастырылып, оны іске асыру барысында Әдеп жөніндегі уәкілдер жетекшілік рөл атқарады. Олар Агенттіктің өкілдері ретінде мемлекеттік органдарға іссапарға жіберіледі.

Сонымен қатар, форумда жаңартылған ант мәтіні де талқыланды. Жаңартылған анттың басты міндеті – мемлекеттік қызметшіні тек құқықтық ғана емес, сондай-ақ моральдық міндеттер де жүктелген мемлекеттің өкілі ретінде айқындау.

Дархан Жазықбай «Әділетті Қазақстан – адал азамат» қағидаттарын мемлекеттік аппарат жұмысында бекем орнықтыру – стратегиялық маңызды міндет екенін айтты. Мемлекеттік қызметшілер осы ұстанымдарды басшылыққа алып, оны қоғам санасына сіңіруге белсенді атсалысуы тиіс. Бұл ретте олардың құмар ойындарға қатысуын, тыйым салынған заттарды қолдану сияқты бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ адалдық қағидатына негізделген жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды сақтау да маңызды басымдықтардың бірі болып қала бермек.

Айта кету керек биылғы жылдың бірінші жартысында құмар ойындарға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамаған 25 мемлекеттік қызметші анықталып, заңнама талаптарына сәйкес қызметінен босатылды.

Форумға қатысушылар Әдеп жөніндегі уәкілдердің дербестігін күшейтуге және оларға жүктелетін міндеттерді тиімді орындау тетіктеріне қатысты ойларын ортаға салды.

Қазіргі таңда республика бойынша мемлекеттік органдарда 770 Әдеп жөніндегі уәкіл қызмет атқаратынын атап өту керек.

Барлығы
19
Сентябрь
Экономист+: Сарапшылар алаңының VIII маусымы басталды

Академияның Басқару институты дәстүрлі түрде өтетін «Даму күні» аясында экономикалық, әлеуметтік және ғылыми бағыттарды қамтитын Экономист+ сарапшылар алаңы VIII маусымның алғашқы отырысын өткізді.

Шара «Зерттеу жұмысы: дұрыс бағыт пен мазмұнды таңдау» тақырыбында өтті. Оған Академияның профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттары қатысты.

Жиынды ресми түрде ашқан институт директоры Құралай Садықова ғылыми-зерттеу жұмысын жүйелі жоспарлау, тиімді әдіснама таңдау, жас зерттеушілерге бағыт-бағдар беру және ортақ ғылыми қызығушылығы бар білім алушылар арасында нетворкинг алаңын қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Экономика ғылымдарының докторы Раушан Дуламбаева сарапшылар алаңының секциялық workshop форматында ұйымдастырылуы жас ғалымдардың әртүрлі тақырыптарды бірігіп талқылауына, ортақ ғылыми сұрақтарды дамытуына мүмкіндік беретінін айтты.

Шара аясында магистранттар мен докторанттар мынадай бағыттар бойынша жұмыс топтарын құрды:

– Цифрландыру және цифрлық трансформация;

– Аймақтық даму мен ауыл шаруашылығы кешені;

– Мемлекеттік басқару мен құқық;

– Бюджет, қаржы және макроэкономика;

– HR және мемлекеттік қызмет;

– Әлеуметтік саланы дамыту.

Алдағы уақытта бұл топтар өз бағыттары бойынша тың идеялар ұсынып, ғылыми ізденістерін жалғастырады.

Барлығы

Your browser does not support SVGs