Жаңалықтар

«Жастар ортасындағы этносаралық мәдениет» тақырыбында Жазғы мектеп өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып Шымкент қаласында еліміздің жас мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Жастар ортасындағы этносаралық мәдениет» тақырыбында Жазғы мектеп өткізді.

Жазғы мектептің жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 35 жас мемлекеттік қызметші қатысты.

Апта бойы жас мемлекеттік қызметшілер кәсіби құзыреттілікті және практикалық дағдыларды арттыру мақсатында дәріскерлер, атап айтқанда–Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, дін және теология, масс-медиа және кәсіпкерлік мәселелері бойынша отандық және шетелдік сарапшылармен бірге кейстерді қызықты интерактивті түрде талдады және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша практикаға бағытталған тапсырмаларды орындады, медиацияның шиеленістік сұрақтарды шешудегі баламалы тәсілі ретінде рөлі мен ықпалын зерттеді, бәсекеге қабілетті тұлғаның негізгі дағдыларын – көпшілік алдында сөз сөйлеу технологияларын игерді.

Жазғы мектеп бағдарламасының қортынды кезеңі тыңдаушылардың зерделенген материалдар негізінде әзірлеген постер-жобаларды қорғауы болып табылды.

Ұсынылып отырған жобалардың жоғары сапасын, олардың көп қырлылығын және сөзсіз практикалық негізі туралыАкадемияның Шымкент қаласы бойынша филиалы қызметкерлері мен «Шымкент – адалдық алаңы»жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаевтан құралған қазылар алқасы атап өтті.

Дауыс беру нәтижесіндеүздік постер-жобаретінде Алматы облысы мен Алматы қаласы командаларының «Деструктивті діни ұйымдарға қарсы әрекет ету әдістері» жобасы танылды.

Жазғы мектеп тыңдаушылары атап өткендей, еліміздің әр өңірінен келген мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық және этнос аралық келісім мәселелері бойынша пікіралмасуы мен тәжірибе мен бөлісуі халық бірлігін нығайту және патриотизмді тәрбиелеу бойынша практикалық дағдыларды байытуға мүмкіндік береді, әр іұрпақтар сабақтастығына ықпал етеді.

Қатысушылар Жазғы мектеп ұйымдастырушыларына семинар-тренингтерді жоғары ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіре отырып, оқу барысында алған білім мен тәжірибе жәнезаманауи әдістер мен техниканы практикада қолдана отырып өз әлеуетін белсенді іске асыруға, алынған сенім білдірді.