» Халықаралық қатынастар (DIR)

Халықаралық қатынастар (DIR)

Бағдарлама кімге арналған:

болжамдық-талдамалық ұсыныстарды әзірлеу дағдыларын меңгеруге, зерттеудің қазіргі заманғы әдіснамасын тиімді пайдалануға ұмтылатын ҚР СІМ, мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық қызметпен айналысатын мемлекеттік қызметшілер үшін.

Бағдарламаның артықшылықтары:

– қазіргі заманғы оқыту әдістерін пайдалана отырып, мамандардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру үшін мамандық бойынша тәжірибеге бағытталған пәндер;

– оқытушылар – тәжірибелі практик мамандар, іс басындағы және отставкадағы дипломаттар (Ерекше тапсырмалар бойынша елшілер, ҚР СІМ және басқа да мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары) және оқытушы-халықаралық саясат білгірлері;

– ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту – зерттеу әдістері мен дизайнын зерттеу, зерттеу қызметін жобалау;

– халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясатының өзекті мәселелері бойынша шақырылған мамандардың дәрістеріне/workshops қатысу, халықаралық форумдар мен конференцияларға қатысу;

– сабақтар үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Құжаттарды қабылдау

  2020 жылдың 10 шілдесіне дейін

DUOLINGO тестіне тіркеу

 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін

DUOLINGO тестін тапсыру

 2020 жылдың 17 шілдесіне дейін

  Эссе/зерттеу жұмысының жоспарын бағалау:

 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 31 шілдесіне дейін

Сұхбат

 2020 жылдың 27 – 31 шілдесіне дейін

Оқуға қабылдау

 2020 жылдың 7 тамызы

Қабылдау комиссиясы

 admission@apa.kz;

 +7 7172 75 33 95

Дипломатия институты:

 +7 7172 75 33 65

 


Your browser does not support SVGs