Халықаралық қатынастар (DIR)

Егер сіз:
халықаралық қатынастар жүйесіндегі процестердің дамуын талдау, олардың Қазақстан Республикасына әсерін бағалау және болжау үшін қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу әдістемелерін тиімді пайдалануды үйренгіңіз келсе;
халықаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін кәсіби құзыреттерді дамытқыңыз келсе;
сыртқы саясат және оның нәтижелерін мемлекеттік органдардың практикасына енгізу мүмкіндіктерімен халықаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу үшін зерттеу құзыреттерін дамытқыңыз келсе, бұл бағдарлама сізге арналған!

Бұл бағдарлама сізге сәйкес келеді, егер:
Сіздің Мемлекеттік қызмет өтіліңіз кемінде 3 жылды құраса – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін;
Сіздің жалпы еңбек өтіліңіз кемінде 3 жылды құрайды-жеке қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқу үшін.
Қабылдау шарттары туралы ақпаратты әрі қарай қараңыз.

– оқытудың заманауи әдістемелерін пайдалана отырып, мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру үшін мамандық бойынша практикаға бағытталған пәндер;

– Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмысын (диссертациясын) танымал халықаралық сарапшылар мен тәжірибелі практик мамандардың ғылыми жетекшілігімен орындау

ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту-зерттеу әдістері мен дизайнын зерделеу, зерттеу практикасынан өту;

– халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының өзекті мәселелері бойынша шақырылған мамандардың дәрістеріне/workshops-на қатысу, халықаралық форумдар мен конференцияларға қатысу;

пәндерді үш тілде оқыту: қазақ, орыс және ағылшын;

Бағдарламаны іске асыру бойынша серіктес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылады.

Шетелдік серіктестер: Вена дипломатиялық академиясы (the Diplomatische Akademie Wien – Vienna School of International Studies); Әмірліктердің Дипломатиялық академиясы (the Emirates Diplomatic Academy) және басқа да жетекші дипломатиялық мектептер.

      Өтінім беру мерзімі:
      2022 жылғы 1 наурыз – 23 шілде
      аралығы тіркелу

      Presessional курстарына тіркелу
      2022 жылғы  01 наурыздан

      Курстардың басталу уақыты
      01 сәуір
      Курстарға тіркелу

      Qazaq Resmi Test және
      PIPPLET тесттерін шектеусіз рет
      тапсыруға болады

      Конкурстық іріктеу 2022 жылғы
      27 шілде – 10 тамыз аралығында

      Сабақтардың басталуы
      2022 жылдың 1 қыркүйегінен

      Бізбен байланысу үшін
      admission@apa.kz
      +7 7172 75 33 95
      + 7 7172 75 34 43


Your browser does not support SVGs