Page 65 - Академикалы? саясат РУС.
P. 65
кесте) мүмкіндік береді [99,с. 335].
Кесте 10 – Түркістан қаласының «Ақылды қала Turkistan» бағыты
Басым бағыттар Қосымша бағыттар Акт бағыты
Қаланы басқару Әлеуметтік сала Ақпараттық-
коммуникациялық
технологиялар
Денсаулық сақтау Экология
Білім Бизнес пен туризмді
дамыту
Қауіпсіздік Құрылыс
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Көлік
Ескерту – Дереккөздер негізінде автор құрастырған [116, б. 335]
Қауіпсіздік саласы бойынша облыста қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету бойынша қоғамдық орындарда 893 бейнебақылау камерасы бар (Түркістан
қаласында - 456), оның ішінде 449 (Түркістан қаласында - 256) облыстық
полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылды. Сонымен
қатар, полиция департаменті қаланың жеке кәсіпкерлерімен бірлесіп Түркістан
туристік және адам көп жиналатын нысандарында («Керуен сарай» кешені,
«Тұран молл», «Оқушылар үйі», «Ақжайық» музыкалық мектебі, спорт кешені,
«Түркістан Арена», «Медиа-холдинг», «Халықаралық Қазақ - Түрік
университеті», «Ұлы дала елі» кешені, қалалық модульдік аурухана, жедел
жәрдем орталығы, желілік парк, Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Фараб»
кітапханасы және т.б.) 652 бірлік бейнебақылау камералары жедел басқару
орталығына шығарылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда
бірнеше кезеңде аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылды. 2023 жылдың
қыркүйегіне дейін 115 нүктеде «Сергек» кешені және 23 нүктеде «трафик
сканері» кешені (оның ішінде Түркістан қаласында 78 кешен) іске қосылды. 2023
жылдың қыркүйегінде тағы 54 жаңа камера қосылып, бақылау жүйесі кеңейтілді.
Барлық камералар республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда
орнатылған.
Осы кешендердің жұмыс нәтижесінде жол ережесін бұзғандарға салынған
айыппұлдардың жалпы сомасы 2023 жылдың қазіргі кезеңінде 6 млрд теңгеге
жетті. Бұл шаралар жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған
жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Яғни, аппараттық-
бағдарламалық кешендер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар
экономикалық ұтымды жоба болып табылады.
ІТ және бағдарламалау мектебі, 2023 жылдың 6 сәуірінде облыс әкімінің
қатысуымен Түркістан облысында (Түркістан қ.) алғашқы көпсалалы IT-мектеп
ашылды. Бұл мектеп робототехника, бағдарламалау, веб-сайттарды әзірлеу, IOS
және Android платформаларына арналған қосымшаларды әзірлеу, SGI
технологиясында анимация жасау, REAC JS, Java және т.б. платформаларында
65

