Page 49 - Академикалы? саясат РУС.
P. 49
мүмкіндігі қарастырылған. Virtual Singapore сонымен қатар азаматтарды
қалалық жоспарлауға тартудың тиімді құралына айналған. Арнайы әзірленген
мобильді қосымшалар мен онлайн платформалар арқылы тұрғындар қалалық
деректерді визуализациялау мүмкіндігіне ие болып, қала кеңістігін жетілдіруге
қатысты ұсыныстарын енгізіп, жобаларды қоғамдық талқылауға қатыса алады.
Бұл жобаның іске асырылуы Сингапурға келесідей нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік берді:
қалалық жоспарлау сапасын едәуір арттыру;
қабылданатын басқарушылық шешімдердің негізділігін күшейту;
азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Аталған нәтижелер БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз
байланысты, атап айтқанда: ТДМ 11 – тұрақты қалалар мен қауымдастықтар,
ТДМ 9 – инновациялар мен инфрақұрылым, ТДМ 17 – серіктестікті дамыту.
Сингапур ерекше табысқа жеткен бағыттардың бірі – ресурстарды, соның
ішінде су ресурстарын ақылды басқару. Елдің географиялық ерекшеліктеріне
байланысты тұщы су көздерінің шектеулі болуы Сингапурды суды тазарту және
қайта пайдалану технологияларына ұзақ мерзімді стратегиялық инвестиция
жасауға итермеледі. Бұл саладағы негізгі жобалардың бірі – NEWater жүйесі
болып табылады. NEWater — бұл ағынды суларды терең тазартуға арналған
жүйе, ол IoT-датчиктермен және автоматтандырылған басқару модульдерімен
жабдықталған. Жоғары технологиялық тазарту процесінің нәтижесінде алынған
су қайтадан техникалық мақсаттарға (өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық)
және қосымша тазартудан кейін ауызсу ретінде пайдаланылады. Бүгінгі таңда
Сингапурдың суға деген жалпы қажеттілігінің шамамен 40%-ы NEWater
технологиясы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жоба елге су импортына
тәуелділікті айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді және су секторында
айналмалы экономиканың тиімді үлгісін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше,
ақылды су технологияларын қолдану нәтижесінде миллиондаған литр су
үнемделіп, су тапшылығы тәуекелдерін азайтуға қол жеткізілді. Бұл әсіресе
климаттың өзгеруі және жаһандық экологиялық дағдарыс жағдайында аса өзекті
[104]. Осылайша, Сингапурдың аталған тәжірибесі ТДМ 6 – таза су және
санитария және ТДМ 11 – тұрақты қалалар мен қауымдастықтар мақсаттарын
жүзеге асыруда үлгі бола алады. Сингапур әлеуметтік салада да смарт-
шешімдерді кеңінен дамытып отыр. Мысалы, Smart Elderly Alert System атты
жүйе енгізілген – бұл жалғыз тұратын немесе күтімге мұқтаж қарт азаматтардың
денсаулығы мен қауіпсіздігін бақылауға арналған сенсорлар мен құрылғылар
желісі. Прогноздарға сәйкес, 2050 жылға қарай ел тұрғындарының жартысына
жуығы 65 жастан асуы ықтимал, сондықтан бұл жүйе әлеуметтік-демографиялық
өзгерістерге жауап берудің стратегиялық тетігі ретінде қарастырылады.
БАӘ (Дубай). Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) өзінде бар ресурстық әлеуеті
мен саяси ерік-жігерінің арқасында Дубай қаласын Таяу Шығыстағы ең ақылды
әрі орнықты қалалардың біріне айналдыруда. Дубай үкіметі Smart Dubai
стратегиясын іске қосты, оның басты мақсаты – «Дубайды Жер бетіндегі ең
ақылды әрі ең бақытты қалаға айналдыру» ретінде белгіленген. Аталған
бастаманы жүзеге асыру үшін Smart Dubai Office атты арнайы құрылым
49

