Page 18 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 18
1) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша (шот-фактуралар, инвойстар, чектер, банк
карточкасымен есептеген жағдайда қызмет көрсететін банктен карточкалық шот
бойынша үзінді көшірме);
2) жол жүру бойынша (жол жүру құжаттары, барлық бағыттарға отырғызу
талондары, шот-фактуралар, жүкқұжат, ф/чек, банк карточкасымен есептеген
жағдайда қызмет көрсететін банктен карточкалық шот бойынша үзінді көшірме);
3) визаларды ресімдеуге арналған шығыстар бойынша (консулдық алымдарды
төлеу туралы түбіртек) және медициналық сақтандыру (шарт, төлеу туралы чек, шот-
фактура, қызмет көрсететін банктің карточкалық шоты бойынша, банк карточкасымен
есептеген жағдайда), паспорт беттерінің ксерокөшірмелері (паспорттың бірінші беті,
визасы бар бет, ҚР шекара қызметтерінің белгілері бар беттер және қабылдаушы
елдер).
Растаушы құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, білім
алушылардың стипендиясынан бұрын аударылған сомаларды ұстап қалу жүргізіледі.
11.12. Білім алушы тағылымдамадан өтуге байланысты шығыстарды мынадай
жағдайларда өтейді:
1) дәлелсіз себептермен шықпау және бағдарламадан өтпеу;
2) есепті қорғау кезінде «F» бағасын алу;
3) растаушы құжаттарды, оның ішінде қаржылық құжаттарды ұсынбау;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125
қаулысымен бекітілген, «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін
арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптармен» және
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңмен белгіленген
мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттемелерді бұзған жағдайда;
5) білім алушының оқуды ұйымдастыруға арналған үшжақты шарт бойынша
міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін оқудан
шығарылған жағдайда.
12. Академиялық ұтқырлық
12.1. Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін білім алушылар басқа
білім беру ұйымдарында, оның ішінде шетелде жекелеген пәндерді зерделейді. Бұл
ретте, білім беру ұйымдары арасында екіжақты шарт жасалады.
12.2. Басқа білім беру ұйымдарының алуан түрлі білім беру тәжірибесінен пайда
алу мақсатында «ұтқырлық терезелерінде» білім алушы білім берудің бір деңгейінің
бағдарламасы бойынша басқа ЖОО-да меңгеретін уақыт шектері, оқу пәндері мен
кредиттер көлемі айқындалады.
12.3. Бұл ретте, мемлекет деңгейінде қаржыландырылатын бағдарламалар
шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының
және шет елдердің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған шарттар
мен келісімдер негізінде академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін жіберу Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613
бұйрығымен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде
оқуға жіберу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілерді
даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты есепке алмағанда, жалпы конкурс
жүргізіледі.
12.4. Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қабылдаушы білім беру ұйымында
көзделген деңгейде шет тілін білу қажет.