Page 14 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 14

- практикадан өту туралы есептерді тыңдау жөніндегі комиссия құрамы туралы
               бұйрық (жетекшілік ететін вице-ректор қол қояды);
                     -  практика  бойынша  есептерді  қорғау  кестесі  (Институт/МСҰМ  директорының
               өкімі).
                     10.6. Білім алушылардың есепті қорғауы комиссия алдында жүргізіледі.
                     10.7. Практика бойынша есеп мыналарды қамтиды (бірақ онымен шектелмейді):
                     -  қабылдаушы  тарап  басшысының  бағасы  бар,  сол  мекеменің  мөрімен
               расталған мінездеме-пікір;
                     - жазбаша есеп (6-қосымшаға сәйкес);
                     - презентация.
                     10.8.  Білім  алушы  дәлелді  себептермен  есепті  қорғауда  болмаған  жағдайда,
               жетекшілік  етуші  вице-ректордың  жазбаша  келісімімен есепті қайта  қорғауға  рұқсат
               беріледі.
                     10.9.  Практика  аяқталғаннан  кейін  білім  алушы  барлық  құжаттарды
               (тапсырмаларға  жауаптар,  есеп,  презентация  және  т.б.)  Академияның  LMS
               ақпараттық жүйесіне жүктейді.
                     10.10.  Магистранттар  мен  докторанттардың  практикасын  жоспарлау  және  іске
               асыру Магистранттар мен докторанттардың практикасын жоспарлау және іске асыру
               білім алушының практика жоспарын Институт/МСҰМ директораты және қабылдаушы
               мемлекеттік органның практика жетекшісі келіскен кезде жүзеге асырылады.

                                                     11. Тағылымдама

                     11.1. Тағылымдама магистратура және докторантура бағдарламаларында білім
               алушылар үшін міндетті талап болып табылады.
                     11.2. Білім алушылар академиялық күнтізбеге және білім алушының жеке даму
               бағдарламасына сәйкес тағылымдамаға жіберіледі. Тағылымдама бағдарламасы оқу
               және ғылыми компоненттердің болуын қамтиды. Тағылымдаманы зерттеу тақырыбы
               бойынша  алдын  ала  зерттеу  нәтижелері  және  (немесе)  жарияланымдары  бар
               тұлғалар жүзеге асырады.
                     11.3.  Академияда  МЭЗЖ  шеңберінде  инновациялық  технологиялармен  және
               өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін магистранттың жеке жұмыс жоспары ғылыми
               ұйымдарда  және  (немесе)  тиісті  сала  немесе  қызмет  салаларындағы  ұйымдарда,
               оның ішінде шетелде ғылыми тағылымдамадан міндетті түрде өтуді көздейді.
                     Ғылыми  тағылымдамадан  өту  орны  білім  беру  бағдарламасының  ғылыми
               бағытына және зерттеу тақырыбына сай болады.
                     Магистранттардың тағылымдама ұзақтығы кемінде 14 күнтізбелік күнді құрайды.
                     Академия тағылымдама өтетін ұйыммен бірлесіп тағылымдама бағдарламасын
               және апталық жоспарды бекітеді.
                     11.4. ДЭЗЖ шеңберінде инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа
               түрлерімен  танысу  үшін  докторанттың  жеке  жұмыс  жоспары  ғылыми  ұйымдарда
               және  (немесе)  тиісті  сала  немесе  қызмет  салаларындағы  ұйымдарда,  оның  ішінде
               шетелде ғылыми тағылымдамадан міндетті түрде өтуді көздейді.
                     Академия  докторанттың  тағылымдамадан  өту  орны  мен  мерзімін  дербес
               айқындайды,  бұл  ретте  тағылымдаманың  ұзақтығы  кемінде  күнтізбелік  30  күнді
               құрайды.
                     Тағылымдама  бағдарламасының  мазмұны  докторанттың  зерттеу  бейініне
               сәйкес келеді.
                     Академия  тағылымдама  ұйымдастырылған  ұйыммен  бірлесіп,  тағылымдама
               бағдарламасын  бекітеді.  Тағылымдама  бағдарламасы  білім  беру  және  ғылыми
               компоненттердің болуын қамтиды
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19