Page 15 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 15

11.5. Білім алушылардың шетелдік тағылымдамасын ұйымдастырумен СДҮӘО
               ХӘС-пен бірлесе отырып Институт/МСҰМ айналысады.
                     11.5.1.  СДҮжӘО-мен  және  ғылыми-зерттеу  блогымен  бірлесе  отырып
               Институт/МСҰМ:
                      -  магистрлік  жобалар  мен  докторлық  диссертациялар  тақырыбына  сәйкес
               стратегиялық шетелдік әріптестерді анықтайды;
                     -  тағылымдама  бағдарламасын  әзірлейді,  шетелдік  әріптеспен  келіседі,
               тағылымдамаға  жіберу  үшін  үміткерлерді  анықтау  бойынша  конкурс  өткізеді  және
               конкурс  қорытындысы  бойынша  білім  алушылардың  тізімін  және  тағылымдама
               бағдарламасын  бекіту  үшін  АСК-ға  ұсынады.  Тағылымдама  бағдарламасы
               мамандану  бейініне  сәйкес  болуы,  өзекті  болуы  және  практикалық  маңызы  болуы
               тиіс және 7-қосымшаға сәйкес ресімделуі тиіс.
                     Докторанттар  үшін  8-қосымшаға  сәйкес  ресімделуі  тиіс  жеке  тағылымдама
               бағдарламасы АСК-та әзірленеді және бекітіледі;
                     -  ЭЖТҚ-мен  келісе  отырып,  тағылымдамадан  өтуге  арналған  бюджетті  алдын
               ала  жоспарлайды  (тағылымдама  мемлекеттік  бюджет  есебінен  ұйымдастырылған
               жағдайда);;
                     -  ЗжҚҚБ-мен  келісе  отырып,  Академия  мен  әріптес  арасында  тағылымдаманы
               ұйымдастыру туралы шарт/меморандум дайындайды және қол қояды;
                     - білім алушыларды тағылымдамаға жіберу туралы ұсыныс дайындайды;
                     -  білім  алушылар  мен  Академия  арасында  тағылымдамадан  өту  және  өзара
               жауапкершілік туралы шарт дайындайды және қол қояды;
                     - Академиядан тағылымдама жетекшісін анықтайды;
                     - Институт/ МСҰМ басшылығымен және тиісті құрылымдық бөлімшелермен білім
               алушылардың  нұсқаулық  кеңестерін  дайындауды  және  өткізуді  ұйымдастырады
               (Кеңестің хаттамасы жазылады);
                     - білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетеді;
                     -  тағылымдамадан  өту  барысында  туындайтын  мәселелерді  шешуде  білім
               алушыға консультациялық көмек көрсетеді;
                     - білім алушылардың тағылымдамадан өтуін бақылауды жүзеге асырады;
                     -  жасалған  шартта  көзделген  талаптар  орындалмаған  жағдайда,  оның  ішінде
               тағылымдаманы өз еркімен тоқтатқан жағдайда, тағылымдамадан өту туралы білім
               алушымен  жасалған  шартты  бұзу  туралы  және  (немесе)  білім  алушыны  оқудан
               шығару ұсынысты  жетекшілік ететін вице-ректордың атына жібереді;
                     -  қабылдаушы  тараптан  білім  алушылардың  тағылымдамадан  өту  процесі
               туралы мәліметтерді сұратады;
                     - тағылымдамадан өту туралы есептерді қорғауды ұйымдастырады.
                     11.5.2. СДҮӘО ХӘС-пен бірлесе отырып Институт/МСҰМ:
                     -  стратегиялық  әріптестермен  келіссөздер  жүргізеді  (байланыс  орнату,
               коммерциялық ұсыныстарды сұрату, әріптеске қажетті құжаттарды/ақпаратты сұрату
               және жіберу және т.б.);
                     -  Білім  алушыларға  виза  алу  бойынша  ұйымдастырушылық  қолдау  көрсетеді
               (қажет  болған  жағдайда):  құжаттар  тізімі  бойынша  кеңес  беру,  қажетті  хаттар,
               анықтамалар дайындау, қонақ үйді, билеттерді брондау.
                     БСО тағылымдамадан өту туралы бұйрықты дайындайды
                     11.5.3.    Білім    алушының        тағылымдамаға         қатысуы      туралы      шешім
                Институттар/МСҰМ  директораттарының  отырысында  қабылданады,  бұдан  әрі
                Академияның  конкурстық  комиссиясы  қарайды  және  Академиялық  сапа  жөніндегі
                кеңеске бекітуге шығарылады (9-қосымша).
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20