Page 16 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 16

11.6. Магистранттарды шетелдік тағылымдамадан өтуге жіберу кезінде жоғары
                оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының
                талаптары, сондай-ақ мынадай критерийлер ескеріледі:
                     1) академиялық қарыздың болмауы;
                      2) GPA 3,0-ден төмен емес;
                      3)  зерттеудің  алдын  ала  нәтижелері  және  (немесе)  зерттеу  тақырыбы
               бойынша жарияланымдар;
                      4)  директораттағы  талқылау  қорытындысы  бойынша  Институттардан/МСҰМ-
               дан ұсыныс;
                      5) жұмыс орнынан шетелге шығуға рұқсаттың болуы (мемлекеттік құпияларға
               рұқсаты бар тұлғалар үшін);
                      6)  білім  алушының  борышкерлер  тізілімінің  тізімінде  жоқ  /  уақытша  шығуға
               рұқсаты бар екендігі туралы растайтын құжаттың болуы;
                      7) шет тілінде тағылымдамадан өту кезінде тілдік сертификаттың болуы талап
               етіледі:
                     •  ағылшын  тілі:  Test  of  English  as  a  Foreign  Language  Institutional  Testing
               Programm  (Тест  ов  Инглиш  аз  а  Форин  Лангудж  Инститьюшнал  Тестинг  программ)
               (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 547 балл,
                     •  Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов
               Инглиш  аз  а  Форин  Лангудж  Инститьюшнал  Тестинг  програм)  Internet-based  Test
               (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБИиТи), шекті балл – кемінде 78,
                     •  International  English  Language  Tests  System  (Интернашнал  Инглиш  Лангудж
               Тестс Систем) (IELTS (АЙЛТС)) шекті балл – кемінде 6.0,
                     •  Duolingo English Test, шекті балл – кемінде 100 балл,
                     •  және/немесе  неміс  тілі:  Deutsche  Sprachpruеfung  fuеr  den  Hochschulzugang
               (дойче щпрахпрю фун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/C1 деңгейі), TestDaF-
               Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/C1 деңгейі);
                     •  және/немесе француз тілі:  Test de Franзais International™  – Тест де франсэ
               Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен
               төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз
               (DELF  (ДЭЛФ),  B2  деңгейі),  Diplome  Approfondi  de  Langue  franзaise  –  Диплом
               Аппрофонди  де  Ланг  Франсэз  (DALF  (ДАЛФ),  C1  деңгейі),  Test  de  connaissance  du
               franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).
                     11.7.  Докторанттарды  шетелдік  тағылымдамадан  өтуге  жіберу  кезінде  жоғары
                оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының
                талаптары, сондай-ақ мынадай критерийлер ескеріледі:
                     1) академиялық қарыздың болмауы;
                     2)  Директораттағы  талқылау  қорытындысы  бойынша  Институттан/МСҰМ-дан
                ұсыныс;
                     5)  жұмыс  орнынан  шетелге  шығуға  рұқсаттың  болуы  (мемлекеттік  құпияларға
                рұқсаты бар тұлғалар үшін);
                     6)  білім  алушының  борышкерлер  тізілімінің  тізімінде  жоқ  /  уақытша  шығуға
                рұқсаты бар екендігі туралы растайтын құжаттың болуы;
                     7) осы Саясаттың 1-қосымшасына сәйкес ресімделген жеке даму бағдарламасы;
                     8) шет тілінде тағылымдамадан өту кезінде тілдік сертификаттың болуы талап
                етіледі:
                           •  ағылшын  тілі:  Test  of  English  as  a  Foreign  Language  Institutional  Testing
                Programm  (Тест  ов Инглиш аз  а  Форин Лангудж  Инститьюшнал  Тестинг  программ)
                (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 547,
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21