Page 13 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 13
Бұдан басқа, 2021 жылғы 21 мамырдағы «Академия жанындағы
Диссертациялық кеңес туралы Ережеге» сәйкес қорғауға шығар алдында Академия
диссертацияларды басқа мәтінді пайдалануын анықтаудың лицензиялық
жүйелерінде, оның ішінде халықаралық деректер қоры бойынша тексеруді
қамтамасыз етеді.
9.16. Докторантураның ББ меңгерген және докторлық диссертация қорғаған
адамдарға Академияның Диссертациялық кеңесінің оң шешімі болған жағдайда
бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі және жеке үлгідегі диплом қосымшасымен
(транскрипт) беріледі.
9.17. Докторантты Академияға оқуға жіберген мемлекеттік органның өкілдері
докторлық диссертация қорғауға қатыса алады.
10. Практика
10.1. Практика магистрлік және докторлық бағдарламалардың міндетті
компоненті болып табылады. Білім алушы оқу мерзіміне байланысты (1 жылдық және
2 жылдық магистратура) өндірістік практиканы орындайды. Бейіндік докторантура
бойынша бағдарлама докторанты өндірістік практикадан өтеді.
10.2. Магистранттың өндірістік практикасы мемлекеттік органдарда, ҮЕҰ-да,
квазимемлекеттік сектор ұйымдарында және т.б. өтеді. Практиканың мазмұны
магистрлік жобаның тақырыбымен айқындалады. Магистранттардың өндірістік
практикасы оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекіту, оқытылып жатқан
магистратураның ББ бойынша практикалық дағдыларды, құзыреттерді және кәсіби
қызмет тәжірибесін меңгеру, сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында жүргізіледі.
Докторанттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін
бекіту және кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі. Өндірістік практиканың
мазмұны докторлық диссертация тақырыбымен айқындалады.
10.3. Білім алушылар академиялық күнтізбеге және білім алушының жеке
жоспарына сәйкес практикаға жіберіледі.
10.4. Білім алушылардың практикасын ұйымдастырумен Институт/МСҰМ
айналысады.
- Әрбір білім алушының практикадан өту орнына практика жоспары бар хат
жолдайды;
- практикаға жіберілетін білім алушылардың тізімін, практика бағдарламасын
әзірлейді және директорат отырысында қарайды, АСК-ға бекітуге шығарады;
- практикадан өту туралы бұйрықты бекітеді;
- практикадан өту туралы есептерді қорғауды ұйымдастырады;
- Академиядан практика жетекшісін анықтайды;
- білім алушыларға практика мәселелері бойынша нұсқаулық кеңестер
дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;
- білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетеді;
- практикадан өту барысында туындайтын проблемаларды шешуде білім
алушыға консультациялық көмек көрсетеді;
- білім алушылардың практикадан өтуін бақылауды жүзеге асырады;
- білім алушылардың практикадан өту процесі туралы мәліметтерді сұратады.
БСО білім алушылардың Академияның LMS ақпараттық жүйесіне практикадан
өту қорытындысы бойынша барлық құжаттардың уақытылы жүктеуіне мониторинг
жүргізеді.
10.5. Практика аяқталғаннан кейін Институт/МСҰМ директораты мыналарды
дайындайды: