Page 19 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 19
12.5. Білім алушылар академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін конкурстық
іріктеуден өтеді. Конкурстық комиссия кандидаттарды іріктеу кезінде мынадай
критерийлерді ескереді:
1) мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсуді ескере отырып, уәждеме деңгейі;
2) ағылшын тілін білу деңгейі;
3) бірінші оқу жылындағы үлгерімнің орташа балы (GPA);
4) үміткердің қаржылық жағдайы (оның ішінде жол жүру, тұру, тамақтану,
медициналық сақтандыру, визаны ресімдеу бойынша шығыстарды көтеруге дайын
болуы).
12.6. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқуын растайтын
қорытынды құжат транскрипт немесе болған елдегі оның баламасы болып
табылады. Транскриптке оқу бағдарламасы туралы мәліметтер: пәндердің
(модульдің) атаулары, бағалар, игерілген академиялық кредиттердің саны енгізіледі.
12.7. Білім алушылар академиялық ұтқырлық шеңберінде толық көлемде
игерген және транскриптпен расталған оқыту нәтижелерін БСО қайта есептейді.
12.8. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары Академияның әріптес жоғары оқу
орындарымен келісімдері шеңберінде іске асырылады, оны Институт/МСҰМ
әзірлейді, талқылаудан өтеді және ҒК-те бекітіледі.
12.9. Академияда білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы
Меморандум/Келісім болуы тиіс.
12.10. ҒК хаттамасы негізінде Институт/МСҰМ академиялық ұтқырлық
бағдарламасын ұйымдастырады:
Институт/МСҰМ шетелдік әріптеспен білім алушылардың академиялық
ұтқырлық бағдарламасынан өтуі туралы келісім-шарт жасасады;
ЭЖТҚ шығыстар сметасын дайындайды және қабылдаушы ұйымның есебінен
академиялық ұтқырлық бағдарламасын қаржыландыру жағдайларын қоспағанда,
белгіленген мерзімде төлем жүргізеді;
Институт/МСҰМ авиабилеттерді брондау, сақтандыру, қонақ үйге орналастыру,
визалық қолдау бойынша ұйымдастыру мәселелерін жүзеге асырады;
Институт/МСҰМ БСО-мен, ЭЖТҚ-мен, ҚҚ-мен, СДҮӘО-мен бірлесіп, білім
алушылармен академиялық ұтқырлық бағдарламасының мәселелері бойынша
қажетті материалдарды бере отырып, нұсқаулық кеңес өткізеді;
Институт/МСҰМ тұрақты негізде академиялық ұтқырлық бағдарламасының
орындалуын бақылауды және мониторингілеуді жүзеге асырады.
12.11. Институт/МСҰМ ЗжҚҚБ-мен бірлесіп, Академия мен білім алушылар
арасында академиялық ұтқырлық және өзара жауапкершілік бағдарламасынан өту
туралы қосымша келісім жасасуды ұйымдастырады.
12.12. Академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өту орны бойынша болатын
елде білім алушыларға шетелдік әріптеспен жасалған шартқа сәйкес, шетелдік
компоненттің бағдарламасын ұйымдастыру мен одан өтудің барлық мәселелерімен
айналысатын шетелдік куратор бекітіледі.
12.13. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аяқталғаннан кейін білім алушы екі
апта ішінде Институт директоратына/МСҰМ-ға сертификат пен транскриптті қоса
алғанда, барлық құжаттарды қоса бере отырып, өзі жасаған есепті ұсынады және
академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өткені туралы жария есепті ұсынады.
12.14. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қорытындысы Институт/МСҰМ
директоратының отырысында талқыланады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы
бойынша барлық материалдар Институтта/МСҰМ-да сақталады.