Page 20 - KAZ Академиялық саясат 2025
P. 20
13. Қаржыландыру
13.1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың
тағылымдамасын/академиялық ұтқырлық бағдарламасын қаржыландыру,
академиялық ұтқырлық бағдарламасын қабылдаушы ұйымның есебінен
қаржыландыру жағдайларын қоспағанда, тиісті бюджеттік бағдарламада бөлінген
сомалар шегінде жүзеге асырылады.
13.2. Білім алушылардың білім беру гранты бойынша
тағылымдамасын/академиялық ұтқырлық бағдарламасын (оның ішінде халықаралық
қорлардың стипендиялық бағдарламаларының қаражаты есебінен) қаржыландыру
білім беру гранттарымен бөлінген сомалар шегінде (егер грант беру шарттарында
басқасы көрсетілмесе) және шетелдік компонент бағдарламасын қабылдаушы
ұйымның есебінен қаржыландыру жағдайларын қоспағанда, заңнамада тыйым
салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
13.3. Ақылы негізде оқитын білім алушылардың тағылымдамасын/академиялық
ұтқырлық бағдарламасын қаржыландыру білім алушылардың өз қаражаты және
заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
13.4. Білім алушылардың тағылымдамасын/академиялық ұтқырлық
бағдарламасын заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыру, академиялық
ұтқырлық бағдарламасын қабылдаушы ұйымның есебінен қаржыландыру
жағдайларын қоспағанда, тиісті ұйым бөлген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
13.5. Институт/МСҰМ директораттарының өтінімі бойынша ЭЖТҚ
тағылымдамадан өтуге арналған шығыстар сметасын әзірлейді, ол барлық мүдделі
құрылымдық бөлімшелермен, вице-ректорлармен келісіледі және Академия ректоры
бекітеді.
13.6. Тағылымдамадан өту туралы бұйрықтың/академиялық ұтқырлық
бағдарламасының негізінде бекітілген сметаға сәйкес ЭЖТҚ тағылымдама
басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, білім алушылардың
карточкалық шоттарына (тәуліктік, тұрғын үй жалдау бойынша шығыстар, жол жүру,
виза ресімдеу, медициналық сақтандыру) ақшалай қаражатты аударады.
13.7. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір білім алушының
шетелдік тағылымдамадан өтуіне арналған шығындарды есептеу нормалары
ректордың бұйрығымен бекітіледі.
13.8. Білім алушылар үшін тағылымдаманы/академиялық ұтқырлықты өз
қаражаты немесе өзге де қаражат есебінен қаржыландыру өз қаражаты немесе өзге
де қаражат есебінен жүзеге асырылады.