Page 9 - Диссертация
P. 9

болатын  көрсеткіштер  мен  аналитикалық  әдістер  ұсынылды.  Бұл  құралдар
                  қалалық саясаттағы шешім қабылдауды дәлелді етуге мүмкіндік береді.
                        3.  Smart  City  тұжырымдамасын  өңірлік  деңгейде  бейімдеу  үшін
                  халықаралық озық тәжірибелер мен ұлттық ерекшеліктерді үйлестіру тетіктері
                  әзірленді.  Шетелдік  және  отандық  тәжірибелерді  салыстырмалы  талдау
                  нәтижесінде Түркістан қаласына бейімделген нақты ұсыныстар мен құралдар
                  жасалды.  Бұл  тәжірибелер  смарт-инфрақұрылымды  дамытудың  үлгілік
                  тәсілдерін ұсына отырып, басқа қалаларға таратуға мүмкіндік береді.
                        4.  Түркістан  қаласына  бейімделген  Smart  City-ді  басқарудың
                  институционалдық-құқықтық  моделі  урбанистік  жүйені  жаңғыртудың
                  практикалық         құралы       ретінде      ұсынылады.         Зерттеуде       әзірленген
                  институционалдық  модель  мемлекеттік,  жеке  және  азаматтық  сектор
                  арасындағы серіктестікке негізделген, көпдеңгейлі басқару қағидатына сәйкес
                  келеді. Бұл модельді қорғауға шығару қалалық даму стратегиясын жүйелеуге
                  және тиімді басқару тетіктерін енгізуге негіз болады.
                        Зерттеу  әдістемесі  мен  әдістері.  Азаматтардың  «ақылды  қала»
                  жобаларына қатысты көзқарастары, қатысу деңгейі мен бағалау ұстанымдары
                  арнайы эмпирикалық деректер негізінде талданды. Зерттеу шеңберінде 2022
                  жылдың  28  қарашасында  Түркістан  және  Алматы  қалаларында  тұратын
                  азаматтар  арасында  құрылымдалған  сауалнама  жүргізілді.  Сауалнамаға  676
                  респондент  қатысып,  олардың  жауаптары  тұрғындардың  Smart  City
                  компоненттерін  қабылдау  деңгейін,  цифрлық  инфрақұрылымға  қатысуын

                  және жобаларға деген сенімін бағалауға мүмкіндік берді.
                        Алынған алғашқы деректер статистикалық өңдеуден өткізіліп, факторлық
                  және салыстырмалы талдаулар жүргізілді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері
                  негізінде  PLS-SEM  (Partial  Least  Squares  Structural  Equation  Modeling)
                  құрылымдық моделі құрастырылды. Бұл модель тұрғындардың ақылды қала
                  бастамаларын  қабылдауына  әсер  ететін  негізгі  факторларды  анықтап,
                  көрсеткіштер  арасындағы  себеп-салдарлық  байланыстарды  айқындауға
                  мүмкіндік  берді.  Деректердің  факторлық  талдауға  жарамдылығы  Kaiser-
                  Meyer-Olkin  (KMO)  және  Bartlett  тесттері  арқылы  тексеріліп,  зерттеудің
                  эмпирикалық негізінің сенімділігі қамтамасыз етілді.
                        Осы әдістердің үйлесімді қолданылуы Түркістан қаласындағы Smart City
                  жобаларының қоғамдық қабылдану ерекшеліктерін жан-жақты бағалауға және
                  институционалдық  басқару  тетіктерінің  әлеуметтік  тиімділігін  анықтауға
                  жағдай жасады.
                        Ғылыми даму бағыттары мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі
                        Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  да  ұзақ
                  мерзімді  даму  мақсаттарына  бағытталған.  Бұл  стратегияда  Қазақстанның
                  дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиімді басқару жүйесін құру,
                  инновациялар  мен  жаңа  технологияларды  енгізу  және  мемлекеттік  қызмет
                  көрсетуді цифрландыру басты міндет ретінде қойылған. Түркістан қаласының
                  ақылды  қала  моделін  дамыту  осы  стратегияның  аясында  қарастырылып,
                  мемлекеттік  реттеу  жүйесін  оңтайландыру  мен  ресурстарды  тиімді
                  пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

                                                                9
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14