Page 6 - Диссертация
P. 6

№827  қаулысы)  цифрландырудың  негізгі  ұлттық  жоспары  ретінде
                  қабылданып, ел аумағында «ақылды» инфрақұрылымды енгізуге бағытталған
                  жобаларға серпін берді. Бұл бағдарлама 2022 жылы мерзімі аяқталып, күшін
                  жойды, оның орнына «2023–2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация
                  тұжырымдамасы» бекітілді, онда цифрлық мемлекеттік басқару мен аймақтық
                  трансформация процестерінің жаңа тетіктері айқындалған. [4].
                        «Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа
                  мүмкіндіктері»  атты  жолдауында  еліміздің  даму  стратегиясының  негізгі
                  элементі  ретінде  ақылды  қала,  ақылды  ұлт  құрудың  маңыздылығын  2018
                  жылдың  қаңтарында  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  перзиденті
                  Н.Ә.Назарбаев  жолдауында  атап  көрсетілген.    Жолдаудың  негізгі  мақсаты-
                  озық  технологияларды  пайдалану,  цифрландыру  және  инновациялық
                  экономиканы  дамыту  арқылы  қалалар  мен  ұлттың  ақылды  дамуын  қолдау
                  және ынталандыру болып табылады [5].
                        Қазақстан  Республикасының  заңында  «электрондық  үкіметтің»
                  ақпараттық        құралдарын,         сондай-ақ       ақпарттық        коммуникациялық
                  құызыреттерін  құру  және  пайдалану  қарқынды  дамып  келе  жатқандығы
                  қарастырылған [6]. Бұл нәтижедегі өзгерістер желілік технологияларға және
                  деректерді  өндеуге  әсер  ететіндігіне  байланысты.  Тиісінше  ақпараттық-
                  коммуникациялық технологиялар адам өмірінің көптеген салаларында және
                  экономикалық  жағдайда  қолданылады.  Ғылыми  зерттеулердің  өзектілігінің
                  негізі ақылды қаланы мемлекеттік реттеу жолдарын зерттеу болып табылады.

                        Бүгінгі  таңда  ол  көптеген  елдердің  жалпы  ішкі  өнімнің  едәуір  бөлігін
                  қамтамасыз етеді. Қалалар ұлттық, аймақтық және жаһандық дамуда шешуші
                  рөл атқарады. Адамдардың өмір сүру сапасы осыған байланысты. Сондықтан
                  қазіргі уақытта халық санының көбеюі қалалық инфрақұрылымдардың болуы,
                  қалалық  аумақтардың  қауіпсіздігі,  экологиялық  таза  және  өзін-өзі  басқару
                  сияқты  ерекше  талаптарды  қояды.  Мысалы,  урбанизацияны  қалалық  елді
                  мекендердің  өсуін,  халықтың  шоғырланудағы  әлеуметтік-экономикалық
                  өзгерістерді зерттейтін бағыт деп айтылады.
                        Қалалардағы  тұрақты  даму  және  урбанизацияның  жоғары  деңгейін
                  қамтамассыз  ету  мәселелері  ел  үкіметінің  стратегиялық  бағдарламалық
                  құжаттары мен жоспарларына енгізілген. Сонымен қатар, Қазақстанның 2025
                  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  жоспарында  қуатты  өңірлер  және
                  урбанизация  реформасының  негізгі  бағыты  орта  және  шағын  қалаларды
                  дамыту  қарастырылған.  Ақылды  қала  жобаларын  жүзеге  асыру  және
                  қалаларды  цифрландыру  екені  көрсетілген.  Қалааралық  инфрақұрылымды
                  дамыту және 2025 жылға қарай қала тұрғындарының үлесін 60 пайызға дейін
                  арттыру көзделген [7].
                        Түркістан қаласы өзінің жаңа әкімшілік мәртебесі, туристік және мәдени
                  әлеуеті, урбанистикалық серпіні арқасында смарт-қала үлгісін жүзеге асыру
                  үшін перспективалы алаң болып отыр. Алайда, қаланы басқарудың заманауи
                  цифрлық  үлгілері  әлі  де  толық  енгізілмеген.  Қаржыландыру  тапшылығы,
                  нормативтік  базаның  жеткіліксіздігі,  институционалдық  үйлестірудің



                                                                6
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11