Page 11 - Диссертация
P. 11
Зерттеу барысында «ақылды қала» ұғымының эволюциялық даму
кезеңдері, халықаралық тәжірибелер мен Қазақстандағы жағдай
салыстырмалы түрде талданып, көпдеңгейлі басқару қағидаты, құқықтық
реттеу, цифрлық теңдік, адами капиталды дамыту сынды аспектілер негізінде
институционалдық-құқықтық модель жасалды. Түркістан қаласында
енгізілген Smart City жобаларының тиімділігіне жүргізілген эмпирикалық
талдаулар қоғамдық қабылдау, тұрғындардың қатысуы мен цифрлық
инфрақұрылымға деген сұраныстың өзектілігін айқындады.
Жалпы алғанда, бұл диссертациялық жұмыс Smart City тұжырымдамасын
теориялық тұрғыда терең негіздеп қана қоймай, оны Қазақстан жағдайында
тиімді іске асыру үшін институционалдық, қаржылық және әлеуметтік
механизмдерді үйлестіре отырып қолданудың жолдарын ұсынады. Зерттеу
нәтижелері өңірлік даму стратегияларын жаңғыртуға, мемлекеттік реттеу
жетілдіруге және тұрақты урбанизацияға қол жеткізуге бағытталған кешенді
ғылыми-тәжірибелік құрал болып табылады.
Күтілетін нәтижелер – зерттеу барысында алынған нәтижелер Түркістан
қаласының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтерді
басқару салаларында, сондай-ақ ЖОО-да сәйкес пәндерді жүргізу үшін
қолданылады.
Зерттеу нәтижелерінің апробациядан өтуі – жұмыстың негізгі
мазмұнын айқындайтын зерттеудің басты қорытындылары басылымдарда
жарияланған мақалаларда көрініс тапты. Диссертация тақырыбы бойынша
барлығы 6 ғылыми жұмыс жарыққа шықты, соның ішінде Thomson Reuters
және Scopus мәліметтер базасына кіретін 1 ғылыми мақала, Қазақстан
Республикасының білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған
экономикалық басылымдарда 5 ғылыми мақала жарияланды.
Диссертацияның құрылымы – диссертациялық жұмыс нормативтік
сілтемелер, қысқартулар мен белгілер, кіріспе, үш бөлім, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың негізгі мазмұны 143
беттен тұрады, 7 сурет және 29 кестені қамтиды.
11