Page 8 - Диссертация
P. 8
− Қазақстан Республикасында ақылды қалаларды дамытудағы
мемлекеттік реттеу тетіктері мен құралдарын талдау;
− Ақылды қалаларды дамытуда қолданылып жүрген халықаралық
мемлекеттік реттеу модельдерін салыстыра отырып, тұрақты даму
қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік беретін озық тәсілдерді жүйелеу;
− Түркістан тұрғындарының ақылды бастамаларға қатысу деңгейін,
қоғамдық қабылдауын және цифрлық инфрақұрылымға қолжетімділігін
эмпирикалық тұрғыдан бағалау;
− Түркістан қаласында ақылды қала дамуын мемлекеттік реттеуді
жетілдіруге арналған көпдеңгейлі басқару механизмдерін және ғылыми-
тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу.
Зерттеу нысаны – Түркістан қаласында «ақылды қала»
тұжырымдамасын іске асыру үдерісі және оны мемлекеттік деңгейде реттеу
тәжірибесі.
Зерттеу пәні – ақылды қалаларды тұрақты даму аясында мемлекеттік
реттеу мен басқару тетіктері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Ақылды қала ұғымының тұрақты даму контексіндегі теориялық-
институционалдық интерпретациясы алғаш рет жүйеленіп, оның мемлекеттік
басқару жүйесімен байланысы ғылыми негізделді.
2. Қазақстан Республикасындағы ақылды қалаларды мемлекеттік реттеу
құралдары мен әдістерінің қазіргі ахуалы кешенді түрде талданып, олардың
тиімділігі мен қолдану мүмкіндіктері Түркістан қаласының мысалында
бағаланды.
3. Шетелдік және қазақстандық тәжірибелер талданып, Түркістан
қаласының жағдайына бейімдеуге мүмкіндік беретін негізгі тәсілдер, тиімді
практикалар мен құралдар зерделенді.
4. Түркістан қаласында «ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыруға
мүмкіндік беретін көрсеткіштер анықталды.
5. Түркістан қаласына бейімделген ақылды қаланы басқарудың
институционалдық-құқықтық моделі әзірленіп, оның негізгі құрылымдық
элементтері мен өзара байланыс тетіктері ұсынылды.
Қорғауға манадай ережелер шығарылады:
1. «Ақылды қала» ұғымын тұрақты даму контексінде мемлекеттік реттеу
жүйесіне интеграциялау — қалаларды басқарудың заманауи тәсілдерінің бірі
ретінде ұсынылады. Бұл тәсіл Smart City тұжырымдамасының тек
технологиялық аспектілерімен шектелмей, оны институционалдық,
әлеуметтік және экономикалық факторлармен өзара байланыста кешенді түрде
қарастыру қажеттігін көрсетеді. Теориялық модельдер мен институционалдық
талдау негізінде бұл тәсіл жаңа ғылыми тұжырым ретінде қалыптасады.
2. Қазақстандағы ақылды қалаларды мемлекеттік реттеу тиімділігін
бағалау үшін әмбебап индикаторлар жүйесі мен бағалау модельдерін енгізу
ұсынылады. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік реттеу құралдарының тиімділігі
Түркістан қаласының нақты мысалында бағаланып, бағалау үшін қолдануға
8