Page 13 - Диссертация
P. 13

инновацияларға және қалалық басқару жүйелерін цифрландыруға басымдық
                  берді [13]. Бұл тәсіл көбінесе урбанизация үдерістерінің жеделдеуіне (мысалы,
                  көлік, қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелері және т.б.)
                  жауап  ретінде  қалыптасты.  Ал  тұрақты  даму  тұжырымдамасы  әлеуметтік
                  әділеттілік,  экономикалық  тиімділік  және  экологиялық  тепе-теңдік
                  арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық үйлесімділікті көздейді [14].
                        Алайда  қазіргі  кезеңде  ғылыми  және  саяси  дискурс  бұл  екі  ұғымды
                  біріктіруге  және  синергияға  қол  жеткізуге  бағытталуда.  Ақылды  қала
                  технологиялары қаланың экологиялық тазалығын, әлеуметтік инклюзивтілігін
                  және экономикалық өміршеңдігін қамтамасыз етуде тұрақтылық элементтерін
                  күшейтетін  құрал  ретінде  қолданылуы  тиіс  [15].  Осылайша,  қалалардың
                  цифрландырылуы тұрақты дамуға жетудің маңызды құралына айналуда.
                         БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібі аясында қалаларға орталық рөл
                  берілген. Бүгінде әлем халқының 55%-дан астамы қалалық жерлерде тұрады,
                  сондықтан ТДМ-ға қол  жеткізудің  табыстылығы  көбінесе  қалалардың даму
                  қарқынына байланысты. Осы себепті, ақылды қалалар экологиялық (мысалы,
                  таза  энергия,  климаттың  өзгеруімен  күрес),  әлеуметтік  (қолжетімді  білім,
                  әлеуметтік  теңсіздікті  төмендету)  және  экономикалық  салалардағы  ТДМ
                  міндеттерін іске асыру платформасы ретінде қарастырылуда [16].
                         Тұрақтылық  –  бұл  қазіргі  қажеттіліктерді  болашақ  ұрпақтың
                  мүмкіндіктеріне  нұқсан  келтірмей  қанағаттандыратын  даму  [17].  Бұл  ұғым
                  1980-жылдардан           бастап,      әсіресе      1992      жылғы        Рио-де-Жанейро

                  конференциясынан  кейін,  жаһандық  деңгейде  қызу  пікірталастар  туғызды
                  [18].  Қазақстандағы  БҰҰ  жүйесі  елдің  ЭЫДҰ  стандарттарына  сай  дамуын
                  қолдай отырып, әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу мақсатын қолдайды.
                  (1-сурет)  2015  жылы  БҰҰ  2030  жылға  дейін  өмірдің  барлық  салаларында
                  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  17  тұрақты  даму  мақсатын
                  жариялады [19].






















                                             Сурет 1 - Тұрақты даму мақсаттары
                                                     Ескерту – Дереккөз [19,б. 5]






                                                                13
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18