Page 35 - Диссертация
P. 35

Қазақстанда ақылды қалаларды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат
                  тиісті нормативтік-құқықтық база арқылы бекітілген. Бұл бағыттағы негізгі
                  стратегиялық  құжат  –  Қазақстан  Республикасының  Цифрлық  даму,
                  инновациялар  және  аэроғарыш  өнеркәсібі  министрінің  2025  жылғы  8
                  мамырдағы № 204/НҚ бұйрығының «Smart Data Ukimet» пилоттық жобасы,
                  ол ел экономикасының цифрлық трансформациясын қамтамасыз етуге және
                  халықтың  өмір  сапасын  жақсартуға  бағытталған.  Бағдарламаның  басты
                  мақсаты – цифрлық технологияларды кеңінен енгізу арқылы экономикалық
                  өсуді  жеделдету  және  шикізаттық  экономикадан  деректерге  негізделген
                  экономикалық модельге көшуге жағдай жасау. Бұл тұжырымдаманың мәні –
                  цифрландырудың нақты пайдасын әрбір азаматтың сезінуін қамтамасыз ету,
                  атап  айтқанда:  қызметтерге  қол  жеткізудің  жеңілдеуі,  жаңа  жұмыс
                  орындарының пайда болуы, қалалық ортаның сапасының артуы.
                        Жоба  цифрлық  трансформацияны  қамтамасыз  ететін  бес  стратегиялық
                  бағытты қамтиды:
                        1. Экономиканың секторларын цифрландыру;
                        2. Цифрлық мемлекетке көшу (электрондық үкімет және смарт-қалалар);
                        3. Адами капиталды дамыту (цифрлық сауаттылықты арттыру);
                        4. Стартаптарға арналған инновациялық экожүйені қалыптастыру [74].
                        Ақылды қалалар осы бағыттардың ішінде екінші басымдық – «Цифрлық
                  мемлекет» шеңберінде айқындалған. Бұл бөлімде Smart City тұжырымдамасын
                  енгізу, сондай-ақ бірқатар пилоттық қалаларда смарт-жобаларды іске асыру

                  қарастырылған.
                        Бағдарлама        шеңберінде        ақылды        қалаларды        дамыту       негізгі
                  индикаторлардың  бірі  ретінде  белгіленіп,  пилоттық  қалалар  ретінде
                  Қазақстанның бес ірі қаласы анықталды: Smart Astana (Астана), Smart Almaty,
                  Smart Karaganda, Smart Ontustik (Шымкент) және Smart Aktobe. Бұл таңдау
                  географиялық  және  экономикалық  тұрғыда  стратегиялық  орталықтарды
                  қамтып, кейіннен тиімді тәжірибені республиканың өзге өңірлеріне таратуға
                  негіз болуға тиіс.
                        2018  жылы  аталған  бағдарлама  негізінде  «Smart  City»  үлгілік  моделі
                  әзірленді.  Бұл  модель  Қытай  және  Оңтүстік  Кореяның  озық  тәжірибелерін
                  ескере отырып, заманауи технологияларды енгізуді көздеді. Модельдің негізгі
                  мақсаты  –  қалалық  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  және
                  тұрғындардың әл-ауқатын цифрландыру арқылы қамтамасыз ету.
                        Ақылды  қалаларға  ортақ  тәсілді  қалыптастыру  мақсатында  ұлттық
                  деңгейде  бірқатар  стандарттар  мен  әдістемелік  нұсқаулықтар  қабылданды.
                  2019 жылы «Қазақстан Республикасының Smart City эталондық стандарты»
                  бекітіліп, ақылды қалаларды жобалау мен енгізудің біріздендірілген негізін
                  қалыптастырды [73 б,4]. Бұл стандартта қалалық өмірдің басым алты саласы
                  айқындалды:
                        -  Қоғамдық қауіпсіздік;
                        -  Көлік;
                        -  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
                        -  Білім беру;

                                                                35
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40