Page 30 - Dissertation
P. 30
олардың шығармашылық құрамдас бөліктерін арттыру, білім мен ақпарат
көлемін үздіксіз кеңейту, инновациялық өнімдерді әзірлеу және зияткерлік
қажеттіліктерді дамыту үдерістері арқылы көрінетін маңызды алғышарт болып
табылады. «Ақылды экономиканың» қалыптасуына Индустрия 4.0
тұжырымдамасының дамуы, озық технологиялардың кең таралуы және
олардың экономикалық жүйеге енуі, адамның өмір сүру сапасын арттыру мен
қоршаған ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық
желілер мен инфрақұрылымдардың дамуы оң ықпал етеді [65,р. 307].
Литва ғалымы Й. Брунецуиене ақылды экономиканың негізгі
компоненттерін келесідей анықтайды: инновация және білім, оқыту
экономикасы, цифрлық экономика, бәсекеге қабілетті экономика, жасыл
экономика, желілік экономика, әлеуметтік жауапты экономика [66]. Жалпы,
ақылды экономика тар және кең мағынада қарастыруға барлық негіз бар деп
санауға болады. Тар мағынада ақылды экономика орнықты даму және
әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген жаңа технологиялар
көмегімен қамтамасыз етілетін және азаматтар үшін жайлы және қауіпсіз өмір
сүру жағдайларын жасау мақсатына қызмет ететін белгілі бір елді мекен
шегіндегі экономикалық қатынастар мен өзара байланыстар жүйесі болып
табылады. Кең мағынада ақылды экономиканы жаңа интеллектуалды
технологияларды қолдануға, тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік
қағидаттарын іске асыруға негізделген және азаматтардың өмір сүруіне
қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау болып табылады.
Сонымен қатар ақылды қала тұжырымдамасында ақылды адамдар
цифрлық қалаларды ажырататын құрамдас бөліктерді қамтиды [67]. Тұрғындар
өздерінің білім деңгейлерімен дағдылары, сондай-ақ қоғамдық өмірді біріктіру
және басқа елдермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі тұрғысынан әлеуметтік
ынтымақтастықтың құндылығы тұрғысынан ақылды [68]. Ақылды адамдар
немесе ақылды қоғамдастық бағытында дамуын қамтамассыз ету үшін күш
біріктіру қоғамдастыққа ынталандыру болып табылады. Ақылды қала
тұжырымдамасын қолданатын қалада ақылды адамдардың саны қаланың даму
қарқынына айтарлықтай әсер етеді [69].
Гиффингердің және т.б. пікірінше ақылды қала ақылды халықсыз өмір
сүре алмайды. Азаматтар осы білімге негізделген қала құрылысының негізі
болып табылады [25,р. 160]. Осылайша, қалалар үшін білімді беруді, әлеуметтік
инфрақұрылымды жақсару және шығармашылықты ынталандыру қажетттілігін
баса көрсете отырып, халықтың құзыретттілігі мен біліктілігін арттыруға назар
аударуға маңызды. Бұл олар тұратын географиялық аймақты жақсы түсініп
қана қоймай, сонымен қатар өз қалаларына шығармашылық және
иннивациялық шешімдер ұсына алатын жақсы дайындалған жұмыс күшін құру
үшін өте маңызды [70].
Нам және Пардоның айтуынша, халықтың білім деңгейі мен біліктілігінен
басқа, азаматтардың белсенді және өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті
болуы, сондай-ақ жаңа технологияларды қабылдауға және игеруге оларды
күнделікті өмірде қолдануға қабілетті болуы қажет. Ақылды азаматтар – бұл
30