Page 26 - Dissertation
P. 26

тұрғындар. Басқаша айтқанда, ақылды қала тұжырымдамасының мақсаты –
                  қаланың экономикалық бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз
                  ету,   бұл   арқылы   өмір   сапасын,   әлеуметтік   капиталды   және   ұжымдық
                  интеллектіні дамытуға ықпал ету. Осы мақсаттарға жету үшін үкімет ақылды
                  қала   стратегиясын   әзірлейді   және   бизнес   өкілдерімен   серіктестік   орнату
                  арқылы жобаларды жүзеге асырады [43].
                        Ақылды   қала   тұжырымдамасының   мүдделі   тараптарының   мәселесін
                  егжей-тегжейлі қарастыра отырып, оларды үш топқа бөлу керек, атап айтқанда
                  қала   тұрғындары,   қоғамдық   сектор   және   бизнес,   олардың   әрқайсысы
                  тұжырымдаманы   қалыптастыруға   және   жүзеге   асыруға   әр   түрлі   дәрежеде
                  қатысады, шығындарды көтереді және пайда табады [44].
                        Сараптамалық   деңгейде   технологияларды   қолдану   мақсаты,   физикалық
                  инфрақұрылым мен технологияларды дамыту деңгейі (оның ішінде цифрлық
                  және деректерді беру), азаматтар мен басқа да мүдделі тұлғалардың қаланы
                  дамытуға   қатысу   деңгейі   бойынша   ерекшеліктерді   бөліп   көрсету   әдетке
                  айналған.   Осылайша,   2-суретте   әлемдік   тәжірибе   жоғарыда   сипатталған
                  компоненттердегі өзгерістерді көрсетеді. Ақылды қалалардың пайда болуын
                  бірнеше кезеңге бөлуге болады:
                        Ақылды қала 1.0. Алғашқы ақылды қалалар 2001 жылы 11 қыркүйекте
                  Нью-Йоркте және басқа қалаларда болған шабуылдардан кейін пайда болды,
                  сол   кезде   жасанды   интеллект   (бұдан   әрі   AI)   көмегімен   қоғамдық   тәртіпті
                  бақылау үшін тәулік бойы бақылау камералары орнатыла бастады.

                        Ақылды   қала   2.0   тұжырымдамасы   2015   жылы   Париж   келісіміне   қол
                  қойылғаннан   кейін,   көптеген   ақылды   қалалар   тұрақтылықты   өздерінің
                  бағдарламаларында   даму   парадигмасы   ретінде   қабылдай   бастады.   Ақылды
                  қалалар   бизнесте   инновациялық   технологияларды   дамыту   арқылы   таза
                  энергияның үлесін арттыруды мақсат етеді.
                        Ақылды   қала   3.0.  Жоғары   интеллектуалды   интеграцияланған   қала.
                  Деректер ағынына келетін болсақ, қалалық процестердің бағыты өзгерді. Бұл
                  біртұтас   экожүйе   азаматтарды   қалалық   дамудың   белсенді   қатысушыларына
                  айналдыру арқылы оларды тартуға ықпал етеді [45].






                                 Сурет 2 - Ақылды қалалардың пайда болуын бірнеше кезеңі.


                        Ескерту - Дереккөз негізінде автор құрастырған [45,р. 108]


                        Қазіргі   уақытта   Түркістан   қаласы   ақылды   қала   деп   аталатын
                  тұжырымдамамен байланысты халықаралық деңгейде бірқатар тәжірибелерді
                  игерудің өте ерте кезеңдерінде тұр. Бұл бағдарламаның техникалық аспектілері
                  өте   түсінікті   болғанымен,   қала   құрылысының   негізі   болып   табылатын
                  адамдардың   өзара   әрекеттесуінің   маңыздылығы   жиі   назардан   тыс   қалады.
                  Сондықтан   қалаларды,   көлік   және   экономикалық   дәліздерді   дамытудың


                  26
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31